Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Музыкалық ойлаудың шығармашылық сипаты



Pdf көрінісі
бет10/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Музыкалық ойлаудың шығармашылық сипаты.
Ойлау арқашанда шығармашылықпен байланысты болады.
Музыкалық ойлау мен музыкалық сөйлеу бір-бірімен байланыса отырып
музыкалық сөз арқылы композитор – орындаушы – тыңдаушы арасында
бірлігімен рухани байланыс қалыптасады. 
Музыкалық ойлау қасиетінің бірі – музыкалық тіл. Музыкалық
ойлау заңдылықтарына сәйкес, музыкалық шығармашылықпен айналысу
барысында қоршаған ортадағы болымыс, ақиқат шындық жинақталған
музыкалық образға айналады. Л.А.Мазельдің пікірінше: «Музыкалық
образ – музыкалық ойдың негізгі мазмұны мен құрылымдық тұрақтылығы
болып табылады».
Музыкалық қаблеттіліктің дамуына әсер ететін, оның негізгі
көрсеткіші – баланың музыкалық әр алуан жанрлық түрлеріне деген
сұранысы.
Музыкалық дарынды балалар.
 Б.М.Теплов бастаған
зерттеушілердің пайымдауынша, балалардың табиғи дарындылығы мен
13


қатар, музыкалық шығармашылықпен айналыса алатын мүмкіншіліктеріне
де байланысты. Музыкалық қаблеттілікті жан-жақты дамыту үшін құр
дарындылық қана емес, музыканың түрлі жанрын игеріп түсіне білетін
музыкалық шығармашылық әрекет те қажет.
Музыкалық дарынды балалардың әундік елестеу мен ойлауды,
музыкалық зейін деңгейін, жад ерекшелігі сияқты т.б. сұраныс
қажеттіліктерін музыкалық шығармашылықпен дамытады.
Музыкалық дарынды балалар көптеген жағдайларда арнайы музыка
мектептерінде, жоғарғы оқу орындары жанындағы колледждерде алты-жеті
жыл оқып кәсіби музыкант болып шығуға мүмкіншіліктері бар.
Музыкалық қаблеттілігінің даму деңгейі төмен оқушылар.
Мұндағы балаларға оқытушы тарапынан ерекше көңіл бөлініп, арнайы
жеке дайындық жүргізуді қажет етеді.
Ол үшін, ұйымдастыру кезінде жұмыстың төмендегідей мазмұны
қарастырылуы керек:
а) барлық оқушылармен бірге жалпы бағдарламамен;
ә) жалпы білім беретін мектептерде арнайы музыкалық
бағдарламамен оқытатын коррекциялық сыныпта;
б) денсаулығының дамуында кемістігі бар балаларға арналған
арнайы мектептердегі жасалған музыкалық бағдарламамен оқитын
оқушылар.
Аталған топтарға әрқайсысының өзіндік музыкалық оқу-әдістемелік
бағдарламасына сай жұмыстар ұйымдастырылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет