1.2 Музыка пәні мұғалімін кәсіптік ғылыми-әдістемелік негізде
дайындауға музыкалық білім беру теориясының орны
Жоғарғы оқу орындарының бағдарламаларында музыка мұғалімін
даярлауда мынадай пәндерге көңіл қояды:
- музыкалық білім беру теориясы;
- музыкалық білім беру әдістемесі;
- музыкалық білім беру тарихы;
- музыкалық психология және музыкалық іс-әркетінің
психологиясы;
- музыкалық білім беру педагогикасының әдіснамасы;
- музыкалық – педагогикалық жаттықтыру;
- тәжірибешілік.
Музыкалық білім беру әдісі – музыка мұғаліміне теориялық
заңдылықтарды меңгерту барысында, танымдық және шығармашылық
қаблетін дамыту үшін, әртүрлі музыкалық мектептердің бағдарламарын
зерттей отырып, музыкалық білім берудің ұйымдастырушылық әдіс-
тәсілдерін тәжірибешілікпен дамыту.
Музыка – педагогикалық тәжірибешілік – мұғалімнің музыканың
барлық түрімен айналысатын оқушыларға білім берудегі педагогикалық
ұйымдастырушылық әрекеттерінің тәжірибешілікпен ұштасатын бірлігі.
Музыкалық білім беру тарихы – музыкалық білім берудің әр түрлі
жақтарын бүгінгі күн тұрғысынан әлемнің тарихы негізде жүйелеп
қарастырады.
Музыкалық психология және музыкалық іс-әрекетінің
психологиясы – музыкалық білімді жоғарғы кәсіби деңгейге көтеру
мақсатында психологиялық аспектіні білім берудің негізгі ірге тасы
негізінде пайдалану.
Музыкалық білім берудің педагогикалық әдіснамасы – болашақ
мамандығын музыкант - педагог ретіндегі мұғалімнің ары қарайғы ізденіс
іс-әрекетін ретке келтіріп, таныстыруды мақсат етеді.
Тәжірибешілік – мектепте өтетін музыка пәндерін, әсіресе
«Музыкалық білім беру теориясын» меңгертудің әдіс-тәсілдерін пайдалана
отырып оқушыға жеткізу, болашақ музыка мұғалімінің тәжірибесіне
негізделеді.
5
|