баланы жеке опысызда орындалатын классикалық, халықтық, қазіргі, діни
шығармалар болуы мүмкін. Осы кезде мұғалім өзінің сезімділігін,
музыкалылығын, шеберлігін жеке орындаудағы бейімділігі мен дағдысын
көрсете білу керек. Сол
орындап отырған туындың стилін, дәуірлік
ерекшелігін, композитордың өзіндік стилін бәрін сақтай отырып жеткізсе
бұл мұғалімнің білімділігімен қатар,
тәжірибесі мол шеберлігін де
танытады.
Мұғалімнің балалармен қосылып ансамблде ән айтуы
Бұл әрекеттің негізінде «жүргізуші – жүруші» принципіне сүйенген
мұғалім мен оқушының әншілік әрекеті жатыр. Әрекеттің мазмұны
мұғалімнің орындаушылық және педагогтын қойған мақсатынан көрінеді.
Музыкалық аспапта ойнау
Музыка сабағында мұғалім музыкалық аспаптың орындаушылықтың
әр
түрлі меңгерген аспапта – орындаушы ретінде көрінеді.
Аспаптық
орындаушылық түрлері: шығарманы жеке орындау; оқушыларды
музыкалық аспаппен сүйемелдеу; балалармен бірге ансамблде ойнау.
Дирижерлық ету
Музыка сабағындағы музыкалық орындаушылықтың негізгі түріне
хормен, оркестрмен, музыкалы-плсатикалық
композициялар мен
дирижерлік жасау жатады.
Дирижерлік ету кезінде мұғалім ең алдымен мына
мәселелерді
шешуге тырысады:
- шығарманың көркемдік, орындаушылық түпкі ойын нақтылы
көрсетуде оқышылардың
іс-әрекетін анықтау;
- сол шығарманы орындау кезінде оқушының эмоционалдық
жағдайын қадағалап отыру.
Сондай-ақ, мұғалім дирижерлік еткенде оған оның мимикасы,
басымен
қимыл жасау, дем алғандағы әрекеттері сияқты т.б. қосалқы
басқару әдістері де көмек береді.
Достарыңызбен бөлісу: