Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет70/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78
Әлеуметтік-теңсіздік әндерінің тақырыптары қазақтың
ән жанрларының әр түрлерінде көрініс тапқан. Олар
әсіресе еңбек такырыптарындағы сонымен бірге сатиралық
әндерде көп кездеседі. Халық
творчествосында
демократиялық бағыттарының дамуында больш, негізгі
тақырыбында әлеуметтік мәселе басты орын алады.
111


Өзінің кұрлымы жағынан әлеуметтік-теңсіздік әңдер
лирикалық әндерге жақын болғанымен, өзінің
мақсаттылығымен, интонациасының
қаһарлығымен,
мелодиясының айшықтылығымен және сергек те ширақ
ырғағымен, кең диапозонымен ерекшеленеді.
Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық
жырлар. "Эпос-идеялық, көркем мәні және
композициялық құрлысы жағынан музыкалық-
поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені
оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңцер,
халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер
алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі
ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер
елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты
бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер,
жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық
сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтұрған, Бүхар
жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған,
Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет
секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал
келтіруге болады.
Терменің ұлы міндеті - елге ізгі ұғымдарды тарату,
халықты тарихтың тағылымы арқылы рухани жетілдіру, әрі
эстетикалық ләззат беру. Терме өнерінің көркемдігі кемел,
ғибараттылык қуанышы мол, асқақ та әдемі. Ерекше
сүйкімді тыңдаушының кұлағын елітіп, жүрегін билейтін
сазы, әуені, өздеріне лайық мақамы мен ырғағы бар. Өзінің
халықкқа ерекше ұнамдылығымен, ғасырдың көркемдік
даналығын саф таза қалпында бүгінгі қауымға жеткізуге
мүмкіндігі молдығымен, өткен өмірдің ең жүрек жарды
өсиетін, ата-бабалардьщ өмір сабағын, дүниетанымдылық
құбылыстарға берген батасын, үміті мен арманын айта
алатындығымен, терме өнері - рухани байлығымыздың,
мәдениетіміздің заңды мұрагері. Жас буынды парасатка,
биік адамгершілік, сергектік, әдептілік, ата-бабаның үлгі-
өсиетін, қағидасын қадір тұту кең ойлап үйренушілік,
дүниетанымдық рухында тәрбиелеуде қызметі ерекше.
Терме дидактикалық пәрменділігі риториялық
сауалдар аркылы "Біріншіден не жаман?" - деп оған қолма-
қол жауап беріліп, тәрбиенің шұрайлы сөздері мен жүрек
қағысын еліктетін әуені мен қысыла отырып, тағылым
сырлары төгіле береді. Сөйтіп, тыңдаушының назарын
112


негізгі мақсатқа аударып, мәселеге ойланып, адамның ақыл-
ой мен санасына эмоционалдық әсер береді.
Желдірме - жеддірме, речитативті әуен. Оның
синонимі - "төкпе","төк" жылдам екпіндегі дыбыстар
төгілмесі. Терме жоғарғы дауыспен басталған кіріспеден,
кейде кіріспесіз айтылады, екпінді, жүрдек, ырғақты әнге
құрылды.
Толғау - қазақ фольклорының көп тараған жанры, түрі
мен мазмұны жағынан термеден кенірек те, дастанға
қарағанда шағыңаду болып кедеді. Толғау - дала өмірінің
дидактикалық, педагогикалық дастаны деуге келеді.
Дәстүрлі философиялық толғау Асан қайғы
творчествосымен байланысты. Ел қамын ойлап, толғауын
толғауларында дүниеде не жаксы не жаман деген
ҰҒЫМ
төңірегінде философиялық пікір тастаушы Асан қайғы ой
пікірлері - жастар үшін мән-мағынасы жойылмаған
дидактикалық қасиеті күшті тәрбиелік құрал.
Халық қамын жеген, біркелі бірлікке, достыкқа
шакырып, сөз маржанын тізбектеп, терең ойды топшалай
келе Асан қайғы:
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбіңде жатады.
Ой түбіндее жатқан сөз,
Шер толқыса шығады, - деп толғана келе көрікті
ойдың адам
сезімімен,
көңіл-күйіне
байланысты
туатынын
қортыңдылап, философиялық байлам жасады.
Казақ халқының аса мол дамыған дербес саласы -
айтыс. Айтыс -"айту", "айтысу" деген сөздерден туған.
Айтыс поэзиясының нышандары казақтың эпостык
жырларынан көп кездесіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет