Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік



бет38/42
Дата09.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#124208
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

шұғылданушылықбір іспен әрекеттенушілік, бір жұмыспен айналысушылық. «Ақын — ақындық өнермен шұғылданушылық» деп түсіндіру, қай жағынан келме, толымды жауап болмайды, жүдеу, жалаң берілген анықтама Қ. Ә. Т.»).

شغاء (шифа’ун) шипа1) сауығу, жазылу, ем болу; 2) емдік заттары, дәрі-дәрмек. Дәрігердің қолы — шипа, сөзі — қуат (мақал). Ерітіп түскен ұшқын ғашық майын, Ғашықтық орын алды барған сайын. Бір шипа жүрегіме бола ма деп, Қасыңнан алыс кетпей жағалаймын (Ақан сері). Неше түрлі дәрінің иісі дертке шипа болып тигендей (С. Төлешов). Дәрі — дертке дауа, жанға шипа (С. Сұбханбердин);

шифа. Халықты соғыстыру үшін Алланың атынан 9-сүренің 14-аятында: «Дінсіздермен соғысыңыз, оларды Алла сіздердің қолдарыңызбен азаптайды, оларды рәсуа қылады, қарсыласу үшін сіздерге көмек береді, мұсылмандардың көңілдеріне шифа береді», — деп еліктірген (М. Тоқжігітов). Атақты дәруіш Әбдіразақ Нахичеванидің өзі тапқан мың да бір кеселге шифа болар, ебелек тікенінен жасаған — сырыншан шурнәсі де қонбапты (І. Есенберлин);

шипашыемші. Сестра, бұйра шашты сестра қызды қалай ұмытпақ. Ол сарғая түн күзетіп, ауыр дертіне шипашы болмады ма! (М. Иманжанов);

шипалы емді, дәрілі, жағымды. Шипалы қайнар Рахман бұлақтарының қалай табылғаны туралы аңыздар бар («Қ. К.»). Кавказдың шипалы су салаларын, Солтүстік қасиетті далаларын, Халықтың саулығына сая болған, Сүйемін ел сайраны қалаларын (С. Бегалин);

шипалықемдік, дәрілік. Ескендір (Александр Македонский) патша жорыққа шыққанда, күміс құтымен бұзылмайтын, керемет шипалық қасиеті бар су алып жүреді екен деген аңыз осы күнге дейін сақталған. Әрине, бұл судың бұзылмауы; оның керемет шипалылығы — күмістің шипалық қасиетіне байланысты еді (С. Сұбханбердин);

шипалылықемділік, дәріліктік, жағымдылық. Хайуанат атаулыда құрттамайтын жылқы болса, көкірек аздырмайтын етінің, қымызының шипалылығы түсінікті (Т. Әлімқұлов).

شغاعة (шафаатун) шапағат1) аяу, жаны ашу, есіркеу; 2) қайғысына ортақтасу, көңіл айту; 3) ауыс. рақым, мейірім. Бұл сөз көбінесе Құдай, пайғамбар дегендермен байланыса айтылады. Кейбір жырларда әулие, әнбиелерге түнеп, бала солардың шапағатынан дүниеге келді, — дейді (Қ. Жұмалиев). Үмітпен айтпақшымын өз жайымды, Сіздерге білдірмекпін ыңғайымды. Жігіттің шапағаты болу керек, Шырылдатып қоймау керек торғайыңды (Ұлбай қыз);

шафағат. Һәм ол разылықтарының басқа осы махшар ішінде сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шафағат қылыңдар! — деп айтар дейді (Абай). Ол — шафағат (жәрдем) дариясы, — деді Ибн-Жунейд (А. Иманжанов);

шапағаттандырукөңілдендіру. Күн нұры жер бетін бірте-бірте шапағаттандырып, түкпір-түкпірден батылсыз қылымсыған сәуле жарықшақтар барған сайын зорайып, ендігі кез маужыраған кеңістік құшағы айқара ашылды, тіршілік дөңгеленіп жүре берді (М. Қожахметова);

шапағаттыаяушы, қамқоршы, қайырымды, мейірбан. Һар кісі де мархабатты, шапағатты болмақтықты айтып бұйырды, бұл рақым болса керек (Абай). Өмірдің шапағатты бұлағындай, Бойынан жастық күші тұр арылмай (С. Мәуленов);

шапағатшыаяушы, есіркеуші. Бар Құдай өз бәндеңді өзің оңда, Мұхамет шапағатшы рәсуалла («Дастан батыр»). Тарт өзіңе, шапағатшым, аяла Тарт өзіңе, алшы мені саяңа! (Ә. Тәжібаев).

شفق (шафақун) шапақ1) іңір сәулесі; 2) кешкі, ертеңгі күннің бату, шығуындағы сәуле. Көк шөпті қызыл, жасыл жапырақ басқан, Артында қызыл шапақ нұры қалып (С. Торайғыров). Кеш болса, күн қонады таудан асып, Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып (Ы. Алтынсарин). Шығысты бөлеп шапаққа, Анадай жарқын күлді күн (Ә. Сәрсенбаев);

шапақтауарайлау, сәуле шашу, нұрлану. Бозарып және сарғайып, Біртіндеп көкке жайып, Тарауланып қызарып, Адырлы таудан бері асып, Шапақтап шеттен нұр шашып, Қайтушы ек талай ауылға, Атқанда, таң атқанда!.. (С. Сейфуллин). Күн қонар кешкі тұрым таудан асып, Шапақтап қызыл, алтын нұрын шашып (Қошқарбаев).

شفقة (шафқатун) шафқат1) аяу, жаны ашу, есіркеу, күйініш; 2) мархабаттық. Адам баласы хайуандарды... жас күнінде, кішкене уақытында шафқат сәхәріменен бастарын байлап, қамқор қылып қоймақтығы, адам баласына өсіп-өніп теңдік алсын емес, бәлки адам баласының үзілмес нәсіліне таусылмас азық болсын дегендік (Абай). Арбағыш тызылдады шафқат сұрап, Сұлудың жүрегіне қолын салды (Ә. X. Д);

шапқат. Өтірік, өзің білмей, халықты алдаған, Әзәзіл сен емес пе, азған мұрдат? Ақиқат рәсулдің ұрысысың, «Етпеймін жалғаншыға, — деді, — шапқат» (Қаңлы Жүсіп). Қайрат пен ақыл жол табар, Қашқанға да, қуғанға. Әділет, шапқат кімде бар, Сол жарасар туғанға (Абай);

шафғат. Шафғат сұрай келген екенсіз, әлбатта, мәслихат етуге әзірміз,— деді Мұқаш молда (А. Сейдімбеков);

шафқаттыаяушы, есіркеуші. Екінші және тапсырдым, Хәйр шафқатты бабама(«Қыз Жібек»).

شك (шаккун) шәк 1) күмән, шүбә, күдік; 2) сенбеушілік, күдікшілдік. Деев енді Прохор Ивановичтің өз адамы екендігіне шәк келтірген жоқ (М. Қаратаев);

шек. Көңілге шек шүбәлы ой алмаймын, Сонда да оны ойламай қоя алмаймын. Ақылдың жетпегені арман емес, Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын (Абай). Сөзіне түсініпсіз, Қоңырат бала, Жоқ екен енді ойласам, сізде сана. Айтыпсың әр сөзіме шек келтіріп, Мені бір ақылсыз деп кінә таға (Айтмағамбет);

шәктенукүмәндану, шүбәлану, күдіктену. Қазір біз қарсы шабуыл жасай аламыз ба? Мұрат шәктеніп қалды (Т. Ахтанов);

шәксіз. Уақытша үкіметке де өте қатерлі бейбастақтың етек алуына байланысты қоғам қауіпсіздігі комитеттерін құрудың шәксіз... (Б. Нұржекеев).

شكايات (шикайатун) шикаят1) шағым; 2) айыптау. Көп мақтап көрінгенді отырған соң, Сыртыңнан айтып еді халық шикаят. «Не керек, есі жоққа ерні тозған?» - деп, сосын білдіргенім сізге ишарат (Қаңлы Жүсіп).

شكر (шукрун) шүкір1) мақтау, мақтан; 2) алғыс айту; 3) құрметтеушілік, қадірлеушілік, сыйлаушылық. Жоғары қарап пікір айт, Төмен қарап шүкір айт (мақал). Аға, інің, дос-жарлардың дұғасында Көп шүкір, бас көтердім сау-саламат (Сапарғали). ...Мың шүкір, бүгін өлсем арманым жоқ, Көрсеттің жаным сүйген жолдасымды (С. Торайғыров);

шүкіршіліктәубашылық, ризашылық, қанағатшылық, Сахиб Ниғметке шүкіршілігің жоқ болса, әдепсіздікпенен күнәкар болмайсың ба? (Абай) «Әзілді қойып, рас, аңдыспақ жоқ, Аралас Кете менен бұл Шөменге» Өзінің төрелігін өзі берген, Кез болдық, шүкіршілік, біз «көсемге» (Таубайдың Жүсібі);

шүкірліктәубелік, ризалық. Аһ ұрып, шүкірлікпен қуанысып, Жолығар кеш болған соң таман ғашық (Ы. Алтынсарин). Жақып баласына көңілі толып, шүкірлік етіп отырған тәрізді (Ғ. Мұстафин). Қарт анасы мен жас әйелі төрт жалғыздың жаны «қауіпсіз» болғанына қуанысып, шүкірлік қып отыр (Ә. Нұрпейісов).

شكل (шаклун) секіл1) форма, түр; 2) бейне, 3) сурет, сызық. Бұл сөз секілді сияқты сөздерде кездеседі;

сықыл. Сонда көрмеген, сезбеген кісінің сықылын танытып, үндемеуі тиіс пе? (М. Сқақбаев);

секілдену сықылдану, тәріздену, сияқтану. Жек көргенім - Көксеңгірдің өзі емес-ау, күрке тауық секілденген иелері (Ә. Әбішев). Лаваны көріп тұрсақ көңіл бөліп, Кеткендей бар ауырлық жеңілденіп. Ішінде штректің вагондар жүр, Москваның метросы секілденіп (Қ. Айнабекұлы);

сықылданусекілдену, тәріздену, сияқтану. Бас-аяғы екі-үш қора екен, үшеуі үш төбешіктің басында бұзылған мола сықылданып тұр (Ғ. Мұстафин). Ғашықтық келсе жеңер бойыңды алып, Жүдетер безгек ауру сықылданып (Абай);

секілдісықылды, тәрізді, сияқты. Секілді басқы әріпті ұйқастырып, Назым сол, бір әріппен ұйқастырмақ. Ұйқасса басқа әріппен, назым емес, Бәрінің аяғы «қап», көр нақпа-нақ (Ерімбет). Шалқы дария, шалқы, көңіл, шырқат ән, Даусымыз ассын алты қырқадан. Үніміз бар алтын жалау секілді, Күйіміз бар көк дауылдай бұрқаған (Қ. Аманжолов);

сықылдысекілді, тәрізді, сияқты. Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді, Ол немене жоқтықтың әсері емей (Абай). Сен сықылды молдалар, Бетіне ұстап Құранды, Өтірік айтып, елді алдап, Таратқан қисық ұранды (Жамбыл)

شمال (шималун) самал1) солтүстік желі; 2) ауыс. салқын (жел). Ауыз — дарбаза, сөз — самал (мақал). Ашық терезеден оқыс соққан самал (М. Әуезов). Жұмақан кітап, қағаздарын алып шыққанда, алдынан ескен самал желдің лебі өте майда еді (С. Бегалин);

шамал. Жігітке жиырма бес кәмел бітсе, Таспай ма оңғарылып, шамал бітсе? Айлық жерден серттесіп ап қашар ем, Жігіттік саған біткен маған бітсе (Айман);

шимал1) солтүстік; 2) сол, сол жақ. Құсайын Байқара бұл жерден «Бағ Шималға», мырза Жәдігер жататын баққа қарай өтті (Айбек);

самалдатужелдету. Қаншама батылсынғанымен, күнге тура көз тіге алмайды: «Самалдатып бір жел соқсайшы!» — деп назарын қайыра көлге аударды (Ө. Қанахин);

самалдысалқын жел. Төсіңді төсеп жүретін самалды салқын желі бар (Қ. Қуанышбаев). Самалды тау, кең жайлау. Жаудан тартып алған күн Түгі торқа төрт түлік, Алдыма айдап салған күн (Қ. Аманжолов). Мынау жаз, желпілдеген көкорай самалды салқын түн — Қанышты жұбата алмайды (Б. Майлин);

шемалисолтүстік. Мұхаммед Бабур шығармасында араб-парсы тілдерінен енген сөздер бірсыпыра, мысалы: шемали (терістік) (I. Қеңесбаев, Ғ. Мұсабаев). Шәрк уә шемали Тарафидин келіп бу уәлаятның ічі білә өтуп ғарб сары ақар («Қ. Қ. Т.»).

شمس (шамсун) шәміскүн, күннің көзі. Ол Масғұт қыдыр шалдан бата алыпты, Соңында шәміс жиһан атаныпты. Мағынасы: «бұл дүниенің күні» деген Жетіліп бізге ғибрат сөз қалыпты (Абай);

шамашкүн, күндік (ашық), күнгей. Күн - бәрінен зор, қызулы от текті зат, аспанның жарық сәуле, шамшырағы. Сол себептен де оны шығыс елдерінде Құйаш немесе Шамаш (Шамен) деп атайды. (А. Машанов);

шәмсия1) күн (күннің көзі); 2) күндік (ашық); 3) ауыс. күндей; 4) Шәмсия (Бағдаттағы медресе аты). Сен дағы Бағдаттағы Шәмсиядай, Балқиды шіркін көңіл дауаламай (Ақан сері). Тәлімшілердің кейбірі «Қафияда», кейбірі «Хашияда», кейбірі «Шәмсияда» еді (Айбек);

шамсияқолшатыр. Күтуші кемпір ханшаны немен сергітерін білмей басы қатып, шартараптан алдырылған уәлат, махфис, рауия, шәмсия сияқты заттарды жайып тастады (Ә. Кекілбаев).

شمع (шамун) шам1) балауыз; 2) шырақ (түрліше жасалған жарық көзі); 3) тех. білте жіп; 4) эл. шам (жарық күшінің мөлшері). Қалтаңдап шамға айналған шіркейдей-ақ, Сор қысып, сен жазғанды келген шығар (Дәме). Исфаһан қаласында жеті жүз жыл тұрған монша болатын. Оның қазаны бір ғана балауыз шаммен жылытылатын... Құрылыстың авторы сириялық Шейх Баһас (1537 жылы туған) бұл ғажайыптың құпия сырын өзімен бірге о дүниеге әкеткен («С. Қ.»). Электр шам қызғылданып, тұр жанып (I. Жансүгіров). Бәрі ойымда, бәрін де елестетем, Бәрі де бүгінгідей емес, бөтен. Кремльде, әне, бір шамы жанған, Ильичтің кабинеті емес пе екен? (М. Мақатаев);

шамсызшырақсыз. Телеграф сымдар жалғанбай, Хат-хабар қолға тимеді. Көрінді шамсыз қалғандай Жан достардың үйлері (С. Мәуленов).

شهادة (шаһадатун) шаһадат1) куәлік, айғақ; 2) жазба куәлік, аттестат, диплом; 3) діни. азаптаушылық, азап шегушілік.

شهوة (шаһуатун) шаһуат1) аса күшті; 2) тілек, арман; 3) құмарлық, ынтызарлық; 4) сезімталдық. Бұл сөз шәһуатсыз сияқты сөздерде кездеседі. Ер мен әйел жыныстарының шаһуаттары бірімен-бірі қосылмайынша, жәндік жаралады деген өмірде болмайды, оны ғылым бекітпейді (М. Тоқжігітов);

шаһуатсызтілексіз, армансыз, ықылассыз. Нәпсісіз, шаһуатсыз айы кәрім, Нәпсінің әммә махмұқ талабында. Алдына соны салып нұсқалайын, Бар еді бір мәселе жоғарыда (Нұралы);

шаһуа. Әрине, философияны үйренбестен бұрын сезім (шаһуа ниетті) құлықтарын түзеткен дұрыс. Қасиетті хақиқаттың айғағы болуға арналған философия ғылымына, сезімнің тілегіне құл болған адам қалай үйлесе алсын. Сондықтан халықты түзету құр сөзбен болмай, іс жүзінде жақсы мінез-құлықты адам екені белгілі болсын (А. Машанов).

شهى (шаһййун) шәһи1) күткен үміт, тілек, ықылас; 2) дәмді, тәтті, сүйкімді, ұнамды;

шаһы-халлақ 1) жаратушының тілегімен, ықыласымен; 2) ауыс. жаратушының арқасында. Ықыласан ділдә, құрбым, сақтағушы, Тиіссіз ашпа бабын бір шатақтың! Жазушы Молда Жүсіп қолыңды қой, Сүйеніп пазылына шаһы-халлақтың (Қаңлы Жүсіп).

شهيد (шаһидун) шейіт1) дін жолында, дін үшін соғыста құрбан болған, өлген, қайтыс болған; 2) құрбан, азап шеккен. Өлгендерді шейіт деп, Өлмегенің қазы деп, Сатылды ханға иманы (Жамбыл). Жауына еңбекшінің қанымен қас, Айнымай шейіт болған егеу алмас... (I. Жансүгіров);

шаһид. Әзірет Әлінің үрім-бұтағы түп-түгел шаһид боп қырылып кететін, әлгі... Кербаланың шөлі осы емес пе? (Ә. Нұрпейісов). Қалғандай шаһидтерді аза тұтып, Дауылды дала лезде қарауытып, Бүркенгенде маңайды түн түнегі Тушы да елге беттей тартты зытып... (С. Мұқанов);

шаһит. Ғашықтық майданында шаһит болып, Боз жігіт Ануаз үшін қандай болған. Бұлардың зар тартқаны Ләйлі-Мәжнүн Табысып ақырында отқа жанған (Ақан сері). Алты ағамның соңынан шаһит кебінін киейін («Ер Қосай»);

шәйт. «Жанталасқан» «қаһарлы күндерде» шәйт болған «белгісіз батырдың баласының» көмусіз қалған денесі («Мысқыл»). Бұлар әр жұмысқа жүрек қалауымен ғана емес, «қолдан келсе, тасты қашап, шәйт болған ерлерге ескерткіш тұрғызамыз» дегендей ақ тілеу мен жігер отының жалқынынан қуат алған (Ж. Нұрғожаев );

шәйіт. Совет Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетов ажалдан тайсалмастай ерлікпен шәйіт болды («Қ. К.»). Баланы қолдан бергенше, Қасірет қайғы көргенше, Патшаға қарсы тұрамыз, Өлсек шәйіт боламыз (Иса);

шәһит. Өкінгенмен не пайда қатасына, Жолықты Әлі кемпір батасына.— Тағдыр осы - екі ұлың шәһит болды, — Деп естіртті Жүсіптей атасына (Ақылбай). «Шәһит болған» — С. Сейфуллин өлеңінің аты («Қ. Ә. Т.»);

шейт. Алғадай (Жамбылдың аса жақсы көретін кенже баласы) Отан үшін құрбан бопты, Мен келдім, басың көтер, көңіл айта! Өлтіріп жетпіс жауды шейт болды, Өлген жоқ, өлтірмейді тарих ата (К. Әзірбаев). Бір мұсылманды шейт қылғаның?— деді бір әкім («М. Б. Т.»).

шәйттік. — Сен өзің жалғызбысың? — Жалғыз едім. — Қалдырып ата, анаңды қалай келдің?— Шәйттік тапты расул құзырыңды, Жазылды халқы болып жәннет елдің (Шәңгерей).

شوال (шауалун) шәуіл1) арабтың ай жылнамасы бойынша рамаданнан кейінгі 10-айдың аты. Бұл арабтың шәуілкөтерілу деген сөзімен байланысты, өйткені бұл кезде көшпелі тайпалар жұрттарын жаңартып отырған — Н. О.

شورى (шура)* шора1) кеңес, мәслихат; 2) палата (заң шығаратын мекеменің аты). «Сөз айтса ойнап біреу, шындап жауап бер» — деген бұрынғыдан бар ғой шора (Тұрмағамбет). Хан ордада «Шорай қазы» сайланад Ордада онда он екі би болад. Оның бірі өзің деймін — ағза бол, Сонда менің көңілім саған жай болад,— деді Жәңгір Исатайға (І. Жансүгіров);

шура. Сапарғали Бегалин «Айқап» журналының, «Қазақ» газетінің, «Шура» журналының, «Уақыт» газетінің әрбір нөмірін аңсап, асыға күтіп оқиды (Ө. Тұрманжанов);

шораисламиядіни. ислам кеңесі. Шораисламия үйінде жиналып отырған үкімет адамдары бар және басқалар бар, большевик солдаттары жақындап келе жатыр деген хабарды естіп, жан-жаққа тарасып кетті (С. Сейфуллин).

شوق (шауқун) сауық1) құмарлық, ынтызарлық, әуесқойлық, аса құмарлық; 2) ауыс. ойын, көңіл көтеретін жиын. Бұл күні той жасалып, ат шаптырылады, балуан күрестіріледі және тағы да басқа сауықтар болады (Ы. Алтынсарин). Ана Жақып, сән түзеп, сауық құрған, Құрдасым емес пе еді, бір күн туған (С. Торайғыров);

сауыққұмаройын-күлкіге әуес. Қыр елі қызық халық сауыққұмар. Даусын-ай, қандай ашық, қандай мығым? Әйтеуір, сиқырлы әуез арбайды мың. Әлдилеп әннің пірі алса солай, Мұндайда қақпай қалар таңдайды кім? (Т. Сәдуақасов);

сауық-думанкөңіл көтеретін қызық ойын, тамаша жиын. Сауық-думанда немесе аңды үркітіп қуғанда сырнай-кернейлетіп дабыл қағады, дыбыстайды, үн қосады (А. Машанов);

сауықшыойыншы, көңіл көтеруші. Күнгей беттегі төбе басында сауықшы жұрт жиналған (Д. Досжанов);

сауықшыләуесқой. Әншіл, сауықшыл қазақ халқы адамның ой-өрісін кеңейтіп, ауыз есепке төселдіретін, ұстамдылыққа, тапқырлыққа баулитын тоғызқұмалақтың тамаша ойынына бос уақытын көп бөліп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген (Т. Сұлтанбеков). Бұл жолы оның сұрағаны ашық мінезді, сауықшыл адам еді (А. Машанов);

сауықшылдықәуесқойлық. Шоқанның көңілге медеу тұтары — қазақ халқының сауықшылдығы, әншілігі, еркелігі (Т. Әлімқұлов);

сауықшылықәуесқойлық. Жайылманың батыс жағасында ыңырсып жатқан байлық пен мансап, сауықшылық пен салдық болса, шығыс жағасында қайғы лебін түйіле жұтқан тарлық, тұншыға ыңырсыған мұңды үн болатын (Б. Момышұлы);

ойын-сауық ойынқұмарлық. Ән-күй, жиын, қызық той, ойын-сауық, Жазбады жүрегінің емін тауып (С. Торайғыров). Әр жерде болып жүрген ойын-сауық. Өлеңге кеткен екен ниеті ауып (Зинәділ);

ойын-сауықтықкөңіл көтерушілік. Айтыстың бір жағы — өнер жарысы. Екінші жағы, ойын-жиында, айт пен тойда және бүгінгі совет дәуірінде ұлы мейрам күндеріндей, халықтық мерекеде орындалатын сауық есепті. Сондай халде өтетін болғандықтан, әрбір айтыстың театрлық және, әсіресе, ойын-сауықтық өзгешелігі үнемі қатар ілесіп отырады (М. Әуезов).

шәукет1) ұлылық, қуаттылық, құдірет; 3) сәнділік, салтанаттылық; 4) тікенек, ине, шанышқы; 5) балық қылтанағы;

شوكة (шаукатун) шаукәт. Сыртыңнан есітіп ем дабысыңды, Мырзалық шани-шаукәт шабысыңды. Жібердім сынағалы өлеңменен, Жүруші ем келтіре алмай қабысыңды (Айтмағамбет);

шәукәт. Шәукәт, құдірәт, табиғ, ғарызнама сияқты қара халық түсінбейтін, әдейі іріктеліп алынған сөздер бар (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).

شوم (шумун) сұм1) қырсық, сәтсіздік, бақытсыздық; 2) ауыс. залым, қу, жауыз. Тимейді туысқаннан титтей жәрдем, Қуарса қызыл бетің құм секілді (Тұрмағамбет). Алдауыш, ел бүлдіргіш құрыса сұмдар, Қараңғы ел арамзадан тыным табар (С. Торайғыров);

сұмдыққырсықтық, сәтсіздік, оңбағандық, зұлымдық. «Бұл жерде ұры бар, сұмдық жер, бәле жатқан жер» деген сөздің қандайы болса да көңілге дарымайды (М. Әуезов). Жалмауыздай жалаңдап, Ар-ұяттан күсіппін. Қулық пенен сұмдыққа Құладындай ұшыппын (Абай). Тап осы арада ойда жоқ сұмдық болды («Т. С.»);

сұмырайжауыз, залым, жексұрын. Сұмырай келсе, су құриды (мақал). Азғынысың адамның Шаян көзді сұмырай (Қ. Аманжолов). Қаны қара сұмырай: Қатты басты беліңді. Үн шығармай тұншықтың, Шығара алмай шеріңді (Жамбыл);

сұмырайлықжауыздық, залымдық, жексұрындық. Ақындардың шығармаларын оқып отырғанда біз барлық сұмдық, сұмырайлықтан жиіркенеміз де, барлық қайырым, сұлулықтың ғажайыптарын түсінеміз, жақсылықты сүйеміз, — дейді Н. Г. Чернышевский (Ә. Шәріпов);

сұм-сұрқия айла-қулық, залымдық, айлакерлік. Сұм-сұрқия — сұмдықпен еп берем деп, Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп. Жүз қараға екі жүз аларман бар, Бас қатар бас-аяғын тексерем деп (Абай);

сұм-сұрқиялық залымдық. Бұл сұм-сұрқиялық жұмыстарын ұнатпаған керуенбасы: — 12 түйе, - деп қана жауап берді (М. Қаратаев);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет