Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


ракағат. Қаратайдың сұрауымен: Меккеге кірер алдында қайфында ихрам байлағанын, Ғарафаға қалай шыққанын, Бәйтолланың ішінде, Қағбада неше ракағат



бет32/42
Дата09.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#124208
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42

ракағат. Қаратайдың сұрауымен: Меккеге кірер алдында қайфында ихрам байлағанын, Ғарафаға қалай шыққанын, Бәйтолланың ішінде, Қағбада неше ракағат намаз оқығанын, бәрін де баян етті (М. Әуезов). Қуанай қазірет жар салып, халайықты мешітке жинатты да, өзі екі ракағат намаз соңынан уағаз айтты (X. Есенжанов).

ركعات (рак‘атун) рәкәғатнамаздың бөлімдері. Намаздың әрбір рәкәғаты сайын түрегеле беруге жалыққан кезде, шәждаға жүресінен отырған қалпында барып, бірталай уақыт тоңқаңдады (С. Мұқанов);

ركوع (рукуун) руқуғдіни. намаз оқығанда тізелеріне қолдарын қойып, еңкею. Руқуғ бас ұрмақ... Ол да — ишарат (Абай).

رمان (румманун) румманбот. үлкен алма тәрізді қатты қабығы бар, көптеген мөлдір қызыл, алқызыл дәндері бар анар ағашының қышқыл тәтті жемісі: оның қабығы медицинада (ішек құртын айдап шығаратын дәрі) және былғары өндірісінде (бояу үшін) қолданылады. Анар араб тілінде «румман» деп аталады (Ә. Дербісалиев).

رمضان (рамаданун) рамадысу, қызу. Ертедегі арабтарда Рамазан («рамад харр» — өте ыстық) айы шаруашылыққа қолайсыз, ыссы шілде айына келетін (X. Ақназаров);

рамадан (қазақ сияқты кейбір мұсылман елдерінде арабтың бұл сөзін рамазан деп айтады Н. О.) 1) араб ай жылнамасының тоғызыншы айының аты, оның «мүбарак» деген теңеуі бар. Ертедегі арабтарда рамазан (арабша — рамадан) айы шаруашылыққа қолайсыз, ыссы шілде айына келетін (X. Ақназаров). Рамадан арабша — күйдіруші, жандырушы. Араб жерінде бұл өте ыстық ай (Т. Жанұзақов).

رمل (рамлун) рамал1) құм (тастың майда бөлшектері), қиыршық, құмдақ жер, 2) құмға, майда тасқа бал ашу. Қаламды дәруіш тез қолға алады, Наққаларын бір-бірлеп аралады. Рамалдың қағидасынша тәжірибе қып. Екеуінің ниеттерін аңғарады («Ғашық-наме»).

رملى (рамлййун) рүмлі1) құм (құм сағат); 2) құмды (құмды жаға), құмдақ. Рүмлі — құмды (С. Мұқанов).

رواج (рауажун) рәуаж1) тарату, өрістету, кеңейту, 2) айналу, ауысып айналу; 3) керек ету, өтеу (товар жөнінде). Бірақ оған рәуаж беріп гүлдендірмек, бәлки адам өз халінше кәмелетке жеткізбек жәһәтінде болмақ (Абай).

رواق (рауақун) риуақ1) бастырма (портик); 2) шымылдық (балдахин); 3) дәліз. Философия үйретілген орынның атымен аталатын философиялық ағымға Хизипп (Қросиғыс) философиясын жақтаушылар жатады, оларды риуақшылар (строиктер) деп атайды (А. Көбесов).

رواية (рауайатун) рауаят1) әңгіме, повесть, роман; ертегі, аңыз; 2) пьеса. Жақсыдан — рауаят, ізгіден — шарапат (мақал). Мұбада, сіз, өткен заманның Кеңгірбайдай ел әкімі туралы рауаят етпек болсаңыз, соған байланысты бүгінгі көпшілік күнде айтып жүрген «жарықтық», «аруақ» дегендей мағынасыз, нәрсіз сөздерді қайталамаңыз (М. Әуезов). Бірәдар менен арман жүрсең деймін, Күніңді пиғылыңнан көрсең деймін, Ешкімге рауаят айтар хәл жоқ, Жөніме енді тыныш өлсем деймін,— деді молда (I. Жансүгіров);

рәуәят.— Осыны Әзиз әфәнді де, Жанғабұл хажы да бір рәуәятқа сыйғызып отыр (Ә. Сәрсенбаев).

روائى (рауаййун) рауаи1) хикая ететін, суреттейтін; 2) романшы, роман жазушы; 3) драматург. Осылармен Абай анық, терең танысып, табысқалы әр алуан «хикметтер», «шейх», «хафиздер», «рауаилар» да сыртта қалды (М. Әуезов).

روح (рухун) рух1) филос. шындықты, ақиқатты танып білуге түрткі болатын сана, ойлау сияқты психикалық ерекшеліктер; 2) ауыс. күш, қуат, жігер, дем; 3) жан; 4) елес; 5) өмір; 6) діни. аруақ, құдірет. Алдауыш достардан күдер үзіп, Отырсам төңірекке көзім сүзіп, Сұлуым, ерке сәулем қасыма кеп, Жанымды жадыратты рух кіргізіп (С. Сейфуллин). Большевиктер! О, менің қырандарым! Бейнелерің — киелі тұмарларым, Есімдерің — ес тұтар ұрандарым. Рухтарың Бетпаққа дән өсіріп, Ерітуде Сібірдің қырауларын (М. Мақатаев).

روحانى (руханййун) рухани1) адамның ой-санасына байланысты, соған тән; 2) діни. дін қызметкері, дін иесі. Мектепті ашарда, әуелі, молда дұға оқыды, одан кейін мен қазақтар арасында орыс білімін таратудың тұрмыстағы және рухани пайдасын түсіндіріп, сөз сөйледім, ақырында мәжілісті шамалы қонақасымен аяқтадық (Ы. Алтынсарин). Халыққа рухани адалдық тәрбие беру керек; жалтырауықпен алдап, қызылға шақыру жақсы емес,— деді ол (А. Машанов);

рухтас. Қасым — художник ақын. Шынайы художник қашан да өзінің туған халқымен рухтас келеді (Ә. Тәжібаев). Әр ақынды аудара бергенше, шама келсе — өзіне рухтас бір ақынды ғана аударғанға не жетсін (Ө. Нұрғалиев);

рухтандыруқуат беру, жігерлендіру, дем беру. Партиямыздың бұл жоғары бағасы жазушыларды рухтандыра түседі, оларды мақтаныш сезіміне бөлейді және сонымен бірге қаламгерлерге жаңа талаптар қояды («Қ. Ә.»). Октябрь революциясы біздің елімізді бостандық алуға рухтандырды (С. Бақбергенов);

рухтандырушықуат беруші, жігерлендіруші, дем беруші. СССР Үлкен театры — өнер рухтандырушысы («Л. Ж.»);

рухтануқуаттану, жігерлену, қайраттану. Сонда мен рухтанып өнерменен, Шабыттың сырын ұқтым «өлең» деген (Н. Арсланов). Красковадан, сіздің үйден кетерде көңілім мықтап сергіп, рухтанып, еңбек етуге құштарлығым арта түсіп қайттым, маған деген жылы жүзіңіз бен ықыласыңыз үшін, қымбатты Алексей Максимович, рақмет сізге (М. Шолохов);

рухия1) аруақ, рухани күй; 2) рухани бейне, рухани кейіп, рухани сапа. Бұл сөз руқият, рухият сияқты сөздерде кездеседі;

руқият. Азырақ жазып едім руқият ұралы).

رومى (рулййун) румивизантиялық, грек. Румилық көп ғалымдар магнитті алғашқы табушы бақташы Магнус еді, сол бойынша оны Магнус тасы деп, яғни магнит деп атаған деседі (А. Машанов). Ибн-Сина жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң, ол кітаптардың ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай медицина негіздерін өңдеп жетіктірді («Қ. С. Э.»).

румтарих. византиялықтар; гректер. Арабтар византиялықтарды, гректерді, түріктерді, Орта Азия тұрғындарын, ал парсылар — гректер мен түріктерді, ауғандар — Рим, Византия мен Түркияны Рум деп атаған. Көне рум зергерлері тәрізді не қилы құстың мүсінін жасайды, мұсылман салтымен құс атаулыны киелі санайды (Д. Досжанов). Әміршісі Рум мен Ирактың, Билей бер тұрғаныңда дүние тиіп (Ә. X. Д).

رئيس (ра’йсун) райыс1) басшы болу; 2) басшы, председатель, төраға, әкім; 3) ауыс. бейіш, рахат.— Бұл әкімнің уәкіл райысы — Дарбанның керуені («М. Б. Т.»). Райыс арабша — бастық, басшы (Т. Жанұзақов). Ері ақылды, қатыны мінезді боп, Тату болса, Райыс үстіндегі үй (Абай). Түлкі айтты: — Ой, неғыласың, батыр. Жаным райыс тауып тұрмын (Ы. Алтынсарин).

رياء (рйа’ун) рия1) монтанылық, екіжүзділік, қараниеттілік; 2) сиқырлық. Малға басын имеске, Рия тонын кимеске... Кәміл уағда етілді! — дедім (С. Торайғыров). Тасбиқ алып сопылар да зарлайды, Сырты түзу, іштен рия қылмайды. Дәулеті мол, байлау жерге барғанда Сый, сияпат қыла ма деп ойлайды (Б. Майлин);

ырия. Мұнымды ырия деме, Манат ақын, Харамға қалал кісі жүрмес жақын. Тілеймін қалал жолмен алмағымды, Қоштаса көңілің, бізді көріп мақұл (Молда Мұса);

ірия. Құдаша, күдігім бар осы сөзден, Сөйлейсіз нақ кісідей көрген көзбен. Ірияны басыңызға қатты тиіп, Адамдай зәбірленіп ерден безген (Иманжан);

риясызмонтанылықсыз, ақниеттілік. Бұл жолда риясыз жеңілдіксіз бір қарар тұрып іздеген ғана кісі істің кәмелетіне жетпек (Абай). Уайымсыз, риясыз һәм күнәсыз, Өтіпті бала болған қайран күнім (Шәңгерей);

рияшылдықекіжүзділік, қараниеттілік. Рияшылдыққа салынса, ақындықтың қадірі түсетінін Жамбыл ерте бастан ойға түйгенге ұқсайды (Р. Бердібаев).

ريحان (райханун) райхан1) бот. хош иісті гүлді өсімдіктің бір түрі (базилик). Ішінде көп миуаның тұрғанменен, Белгілі білгендерге райхан гүл. Есепсіз ертелі-кеш сөйлегенмен, Жаһанда жалықпайды бұл қызыл тіл (Шораяқтың Омары). Баққа қонған бұлбұл құс Райхан гүлге қарайды (М. Хакімжанова);

райқан. Сонда мынау аспан айы, Әлем көркі төгер нұрын. Туған жердің райқан сайы. Тыңдар балқып жарлар сырын (С. Бегалин).

ز
ز ~ زاء (заун) араб алфавитінің он бірінші әрпі; сандық мағынасы — 7.



زانى (занййун) зән1) неке бұзар; 2) ауыс. оңбаған. тұрақсыз. Өтірікті айт дейді бір зән талақ. Ұрған түгіл маңыма жуыған жоқ. Айтты екен өтірікті қандай қазақ? (Ұлбике);

занталақ. Занталақ! Пері қаққан! Сен жүрсің бе? Деп біреу тап-тап берді Сарыүйсінге (І. Жансүгіров);

зәнталақ. Іздеген тайлағыма келді кезім, Жегенін анық қасқыр көрді көзім. Зәнталақ сені жеген қайда кетті, Жануар, бар ма дедім, сөйлер сөзің? (Ыдырыс). — Ә, зәнталақ! Сен маған сәлем бере келген шығарсың! - деп, Жұман бастырмалатып келді де, жауырын ортадан ала қамшы сілтеді. (Ғ. Мүсірепов).

زائل (за’илун) зейіл1) өтіп кетуші; 2) уақытша; 3) тоқталушы; 4) ауыс. ақылдан, естен жаңылу. Жаманда дедің, датқа, мейілдерің, Кемісін ашуланып зейілдерің (Майкөт). Омбы бастықтарынан зейілі шығып қайтты (Ә. Нұрпейісов);

зейілденуадасу, жаңылу. Нұреке, өкпеңізді Құдайға қыл, Қатардан несібеңді кейін берген. Аға — іні демесе, іні не дер? Мінезден қаупіміз жоқ зейілденген (Мықан).

زاوية (зауйатун) зауия1) матем. бұрыш; 2) намазхана, шағын мешіт. ХІІ ғасырда сопылық қауымдар ұйымдастыра бастады. Әрбір қауымның мүшесі «дәруіш» делініп, зауия мен рибат деп аталатын өзіндік уставы бар монастырьларда тұрды. Қауымды шейхтер басқарды. Дәруіштер зауияға зікір салуға жиналып, онда дұға оқып, өлең айтты («Қ. С. Э.»).

زبرجد (забаржадун) зәбәржатжасылдау түсті асыл тас (хризолит).

Әжуә жігіт — жел басы «ұйғарды» деп, Мерт болмақ қалай дұрыс құлап аттан? Атаңның жолы асыл, шын бедеу ат, Ерттеулі, есі барға зәбәржаттан (Қаңлы Жүсіп);



зәбар. Күмістеткен, алтындатқан өмілдірік, құйысқандар, күймелі арба, түймелі киімдер, қоңыраулар, шашақтар, алтынмен аптаған тұмарлар, мойынға салар маржан моншақтар, ақық, зәбар, лағыл, гауһар көз салынған сақина, білезік, сырғалар, етегін оқалатқан көйлектер, жібек, торғын, мақпал желеңдер, осының бәрі - сән мен салтанат саналған-ды (Ә. Тәжібаев);

зүбаржат. Он батпан берем зәмруд, зүбаржаттан, Қашаннан қолдан-қолға келе жатқан. Екі жүз лағыл, якут және беріп, Інжуден етем сыйлау отыз батпан (Тұрмағамбет). Күлім көз зүбаржат, нарт қызыл лағыл сияқты талай асыл тастарды көрді (Ә. Кекілбаев);

зүбәржат. Көлсайдың бетінен көгілдір аспан, зүмірет шыршалар, зүбәржат есіл дүние түгел көрінеді — болмыстан болжаусыз көрікті көрінеді . Мұртазаев).

زبور (забурун) забурқырағат салуда және шіркеуде айтылатын, оқылатын діни өлеңдер жинағы. Діни ұғымда забур — Құдайдан келген төрт кітаптың бірі. Ол Дәуіт пайғамбарға түскен екен-міс (Исауи жылнамасынан 1086 жыл бұрын көне еврей тілінде жазылған) Тәурат, Забур, Інжіл, Кәләм-Шарифтей кітаптар келеді дейміз (М. Әуезов). Құран бойынша алла Мұсаға - Тәурат, Дәуітке - Забур, Ғайсаға - інжіл жіберді-міс (М. Тоқжігітов);

забор. Мен «Инжил», «Тәурат», «Забор», «Құранды» түгел оқыдым,— деді («М. Б. Т.»);

зәбур. Заһид молда болған екен сол заманда Жүсіпті білген «Зәбурды» оқығанда, Жүсіп атты бір көрікті жан болар деп, Тамаша қып айтыпты барша жанға («Ғашық-наме»).

زحل (зухалун) зұхаластр. Сатурн (Күн жүйесіндегі алтыншы планета). Сатурн (зұхал) иектеген қарттық — қазына даналық (А. Машанов). Сенбі күнгі отырыс жасар күмбез Боялды қара түске зұхал сынды, Жексенбіде мәжіліс құрар күмбез, Түсіріп тұрады еске алтын күнді («Ә. X. Д.»).

زحمة (захматун) зақмет1) қыспақ, сығылу, тығыздану; 2) астан-кестен; абыр-сабыр; 3) қиындық;

закмат. Айтыпсың: «Адал қызмет атаңа қыл», Табылған таппасаң да жүз насихат. Мақсатқа ата күтпей жетпес болса, Атаңа не үшін салдың ренжу, закмат? (Қаңлы Жүсіп);

захмет. Тілеуберген баласы офат болды, Ғашықтық саудасынан шеккен захмет (М. Сералин).

زرافة (зурафатун) жирафзоол. мойны мен сирақтары ұзын, Африкада болатын тағы, күйісті хайуан. Үйдің төңірегінде ағаштан жасалған аюлар, жирафтар, аттар әлі тұр еді (А. Байтанаев). Мысыр шаһарында «Таңдаулы» атты бір белгілі үлкен сарай бар... Айнала қоршалған шарбақтардың ішінде асыранды жануарлар - ...жираф, піл, тағы басқалары (А. Машанов).

زرنيح (зирнйхун) зирнихкүшала (дәрі-дәрмекке пайдаланылатын улы өсімдік), кейбір минералдың құрамына кіретін қатты химиялық элемент. Зараних (дұрысы: зирних Н. О.) звест (С. Мұқанов).

زعفران (за‘франун) запыран1) бот. жылы жақта өсетін өсімдік және оның кептірілген, ұнтақталған сары түсті гүлі; 2) ауыс. мұң-шер, қайғы; Жылындым қырда тұрып жалыныңа, Түбінде ақ боз үйді ұстап едім. Байланған жүрегіме запыранды, Жат елге сен кетерде құспақ едім (Омарқұл). Қайғы тартып, қан құсса, Запыран етіп май құсса... Қобыланды»);

запырандайудай, зәрдей. Саяда мынау жүргенмен, Ішім ауру, сыртым сау, Запырандай күйдемін (Балтыбай). Игіліктің бүгінгі айтары аса бір ауыр қорлықтың запыранындай таусылмасқа бет алып еді, қатты безектеп келе жатқан қоңырау даусы тоқтатты (Ғ. Мүсірепов);

зағфырандай. Айтқалы келдім, ағеке-ау, Көңілімде қайғы ісім бар, Қатты қорқып бір түстен, зағфырандай сарғайған, Реңім солған түсім бар («Дастан батыр»).

زقوم (заққумун) заққум1) діни. тозақ ағашы. 2) бот. жабайы зәйтүн. Тамұқта күнәкарлар лапылдаған оттың ішінде жатады. Олардың тамағы - «заңқұм» (дұрысы: заққұм — Н. О.) деген ағаштың жемісі, ішімдігі — ыстық ерітінді. Тамұқтағылар мұның бәрін асқан азаппен қиналып жұтады және бұлардың еш уақытта шөлі қанып, қарны тоймайтын болады. Міне, ислам діні мұсылмандарды өзінің дегеніне көндіру үшін осылайша тамұқпен қорқытып, жалған жұмақпен «қызықтырады» (X. Ақназаров).

زكاة (закатун) зекет1) тазалық; 2) қайыр, садақа; 3) оннан бірі; 4) діни. зекет мал-мүліктің қырықтан бірін алатын салық. Зекет алса молдалар, Жұмаққа жұртты жолдайды (Жамбыл). «Қонағым өзіңе де қарай отыр»,— Дегендей неге керек құр қошемет?! Ораза, намазбенен хабарың жоқ. Жалғыз-ақ беріп жүрсің малдан зекет (Күзен);

зақат. Ұлт отауын тіккенде Жойылар елдің «қорлығы». «Зақатқа» жетім ұстайтын «Қоқанның» болмас қол құлы (І. Жансүгіров);

зекеттеу1) садақалау; 2) салық салу. Әрине, сіздерге керегі тоқты немесе тұсақ емес, туатын саулық қой. Ендеше, ағайыннан зекеттеп жинаңдар,— деді Бархан (О. Бөкеев);

зекеттік1) садақалық; 2) салықтық («Қ. Т. О. С.»);

зекетсіз. Одан-бұдан байыдың. Зекетсіз мал жиналды. Аллаға көп айыбың, Ұмыттыңдар иманды (Қ. Бекхожин);

зекетшізекет жинаушы, салық жинаушы.— Көрдіңіз бе, әлгі жексұрынды! Зекетшілер арасында аз да болса ар-намысы бар адам көрмедім (Айбек). Шатырда мекен еткен күйеу Батыр. Қарасам, ішке түсер заманақыр. Қоқанның зекетшісі жатқан үйде, Көзіме теріс көрінер жасыл шатыр (М. Сералин).

زلزلة (залзалатун) зелзала1) дірілдеу, сілкіну; 2) жер сілкінуі; 3) ауыс пәле, қырсық, бақытсыздық. Жер астында от пен су кездесіп, шарпысқанда тау қаңбақтай, тас бұршақтай атылып, зелзала болып, жер шайқалады (А. Машанов). Жеркепенің іші зелзала зілдей (М. Сатыбалдиев);

зулзала. 1916 жылғы көтеріліс туралы жырларда араб, парсы, татар тілдерінен ауысқан машайық, шәйкиіт, нәубет, күнәкар, зулзала, піно, мәшһүр, қалаба сияқты сөздер кездеседі (Б. Кенжебаев, Ө. Есназаров);

зілзала. ...Түтінін шығаруға шарасы жоқ, ішінде зілзаланың оты қаулар (С. Торайғыров). Зеңбірек зілзала қып көк пен жерді, Болғандай таудың қойны өлімге ойнақ (С. Бегалин). Ортақ іске басын тігетін, кісіге тырнақтай зілзалалы жоқ, мінезі жүрегінің түбінде емес, көңілінен көрініп тұратын Қожанасыр кісіге қарсы шықпады (Д. Досжанов);

зілзәлә. Зілзәлә, жер сілкінді, — десіп, бәрі жерге жата қалды (А. Машанов). — Өгіз басын шайқаса, зілзәлә сол уақытта болмақ,— деді Ықсан молда (І. Жансүгіров);

зілзәле. Апат түсті аспанды Бір зілзәле басқандай, Үркер үрке қашқандай, Күн менен ай тұтылып (Ж. Тілеков). Бірдің емес, көптің басына түскен зілзәле ғой, бұл (С.Б.К).

زمان (заманун) заман1) уақыт, кезең, мезгіл, кез; 2) дәуір; 3) грам. шақ. Заманы бірдің талабы бір (мақал). Бұл мысалдың мәнісін ұға алсаң тез Келген заман — бостандық, жаңбырмен тең (С Торайғыров). Шын мәніндегі теңдік заманы туып, советтік бейбітшілік дәуірі орнады (С. Көбеев);

заманақыреск. бір кезде дүниежүзінде тіршілік тоқталады дейтін діни ұғым; 2) ауыс. ауыр заман, қайғылы уақыт. Заманақыр болғанда молда көбейеді (мақал). Заманақыр жастары, Қосылмас ешбір бастары. Бір-біріне қастыққа Қойнына тыққан тастары (Абай). Шатырда мекен еткен күйеу Батыр, Қарасам, ішке түсер заманақыр (М. Сералин);

замандастұстас, дәуірлес, заманы бір, қатар өскен құрбы. Замандасың болмаса, тойға барма (мақал). Әбіш... Тұрлығұл мен екеуі қатар өсіп, жастықты бірге өткізіп, бірінің-бірі ым-жымына түсінген замандастар (С. Көбеев). Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды. Тұрлау қылып еш нәрсе басқара алмай, Сенімі жоқ шерменде өңкей жынды (Абай);

замандастық. Бір кезде атысарға оғы жоқ болған қысастар бұл күнде жылап көріседі. Бұны Кенжемұрат замандастық қимастығына балайды (Т. Әлімқұлов);

замандықуақыттық, кезеңдік, мезгілдік, дәуірлік. Тарихи шындықтың шеңберінен шықпаушылық «Абай жолы» романын шын мәніндегі осы замандық шығарма еткен (Б. Горбатов). Осы замандық көркемөнер дегенде, өткендегі тарихи інжулерімізді әсте жоққа шығаруға, тіпті ұмытуға болмайды (Ә. Мәмбетов);

заманғыосы кездегі, осы уақыттағы. Қарасам, қайғыртар жұрт бұл заманғы, Салқын, қуыс — өмірі тым қараңғы. Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ, Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды (Абай). Кілемнің көлемі әдеттен тыс — 252 шаршы метр. Оның үстіне осы заманғы реактивті алып самолет қонып тұра алады Қ. К»);

атам заманертеде, баяғыда, әлдеқашан. Егер біз спектакльді тек режиссерге телісек, онда ең алдымен атам заманнан келе жатқан синтетикалық театр өнері деген қағиданы жоюымыз керек (Ә. Сығаев);

атам заманғыертедегі, баяғыдағы, әлдеқашанғы, бұрынғы. Иттер даусы, кісінеген жылқылар атам заманғы, ескі шым қорғанның ішінде тіршілік барын аңғартады (С. Омаров). Атам заманғы сүйегі қурап қалған әлдекім туралы тарихи туындысын жариялап жатыр деп арызданады (Қ. Мырзалиев);

зәмзәм1) мол, молшылық; 2) Меккедегі Қағба хәрамының жанындағы белгілі құдықтың аты (оның суының «қасиеті», «кереметі» туралы діни аңыздар көп. Меккеге қажылыққа барған мұсылмандар елдеріне сол құдықтың суын шөлмектеп алып қайтады, оны қараңғы халыққа шипалы дәрі деп ұғындырады. Егер адам өлер алдында сол судың бір тамшысын жұтса, оның азабы тозақта 500 жылға кемиді-міс. Зәмзәм құдығының пайда болуын «Ибраһим» пайғамбардың сахараға қуып жіберген тоқалы Ажар мен оның баласы Ысмайылмен байланыстырады — Н.О.). Татқандай зәмзәм суын Мекке барып, Келді күнде арбамен жолаушылап (Құдайберген). Мекке Арабстан түбегінің батыс жағасында, әуелде Зәмзәм бұлағының басына салынған қалашық болатын (М. Ысқақов);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет