Н. Е. Дабылтаева инвестицияны



Pdf көрінісі
бет4/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Портфельдік инвестиция – бұл бағалы қағаздар мен басқадай активтерді 
сатып алумен инвестициялық потфельді қалыптастыру болып табылады. 
Портфельді инвестиция – инвестициялық портфельді қалыптастыруға 
және құнды қағаздармен басқадай активтерді сатып алуға байланысты 
жобаларға капитал салуды білдіреді. Бұл үдерісте инвестор әдетте қор 
нарығында құнды қағаздарды сату мен сатып алу операцияларын жүргізе 
отырып ұтымды, оңтайлы инвестициялық портфельді қалыптастырумен қатар 
оны басқаруға ұмтылады. Ал портфель болса әр түрлі инвестициялық 
құндылықтарды бір жерге, яғни портфелге жинақталған біртұтастықты 
білдіреді. 
Қаржылық мүліктерді қалыптастыруға бағытталған салымдар, с.с. басқа 
фирмалардың ісіне қатысуға құқық сатып алуға жұмсалған салымдар, мысалы, 
олардың акцияларын,басқадай құнды қағаздарын және борыштық құқықтарын 
сатып алуды қаржылық инвестиция деп аталынады. 
Сол сияқты интеллектуальды (материальдық емес) инвестиция түрі 
болады. Бұл патенттерді, лицензиялады, ноу-хау сатып алу,персонолдарды 
даярлау және қайта даярлау шығындарын, ғылыми-зерттеу мен конструкторлық 
– тәжірибе жасауға арналған салымдарды, жарнамаға және басқадай салым 
шығындарын білдіреді. 
Осы аталғандардан басқа инвестиция тағы нетто – инвестиция, брутто – 
инвестиция және жалпы (валовый) инвестицияға бөлінеді. 
Нетто-инвестиция – бұл инвестициялық жоба негізінде жүзеге 
асырылатын немесе фирманы (кәсіпорынды) сатып алу кезіндегі жұмсалатын 
(салынатын) алғашқы инвестициялау болып табылады. Нетто-инвестиция 
реинвестициямен бірге (бірлесе отырып) брутто-инвестицияны құрайды. Ал 
реинвестиция дегеніміз, бұл жаңадан босаған (құрылған) инвестициялық 
ресурстар болып табылады. Оларды жаңа өндіріс құралдарын дайындауға 
(жасауға) немесе сатып алуға, содан соң басқа да мақсаттарға пайдаланады. 
Реинвестициялар жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды қайта инвестициялау 
арқылы әртүрлі стадияларға бөлінеді: (фазаларға немесе кезеңдерге). 
Инвестициялық жобаны жүзеге асыру шараларының біртұтастығы мен 
тізбектілігін анықтап, оның орындалуы техникалық-экономикалық негіздемені 
және жоба-сметалық құжаттарды дайындаумен содан соң келісім-шартты 
жасаумен, қаржыландыру мен несиелендіруді, материалдық-техникалық 
жабдықтарды ұйымдастырумен, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, 
аяқталған нысандарды пайдалануға өткізумен байланысты. Осыдан 
инвестициялық цикл тізбектелген стадияларға, жеке кезеңдерге бөлінеді және 
олар өз кезегінде төменгі деңгейдегі бөлшектелінген және нақтыланған 
сатыларға бөлінуі мүмкін. 
Инвестициялық циклды негізінен үш сатыға бөлу қабылданған: 



1) инвестицияның алды; 
2) инвестициялық; 
3) өндірістік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет