Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


 Инвестициялық қызмет, оның субъектілері және олардың өзара



Pdf көрінісі
бет6/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

1.3. Инвестициялық қызмет, оның субъектілері және олардың өзара
қатынастары 
Инвеститициялық қызмет жеке және заңды тұлғалардың біртұтас іс-
қимылдарын білдіреді, ал мемлекет және ел аумағында инвестицияны жүзеге 
асыру мен инвестициялық үдерістің өзін табысты жүргізу болып табылады. 
Ресурстарды пайдаланудағы және әлеуметтік тиімділікпен табыс алуда 
инвестициялық қызығушылықты айтарлықтай табыстылыпен тиімді үйлестіру 
мақсатымен инвестициялық қызмет болашақта инвестициялық сұраныс пен 
ұсыныстың өзара бір біріне тура келу негізінде жүзеге асырылуы керек болып 
табылады (бұлардың арасындағы тепе-теңдік әсіресе нарықтық экономика 
жағдайында актуальды). 
Жоспарлы әміршілік-әкімшілік жүйесінің тұсындағы инвестициялық 
сұраныс пен ұсыныстың өзара тең болу қажеттілігі ескерілмей келу, 
аяқталмаған құрылыс көлемінің айтарлықтай өсіп кетуіне және күрделі 
салымдар көлемінің “өлі” жатуына әкеліп соқтырды. Бұлар тастанды шығындар 



мен зияндарға келтіріп, инвестициялық үдеріс тиімділігінің тым төмендеп 
кетуіне әкелді және басқадай теріс факторларға соқтырды. 
Нарықтық жағдайдағы іс-тәжірибиеде инвестициялық сұраныс екі түрден 
тұрады: 
1) потенциальдық сұраныс; 
2) нақты сұраныс; 
Потенциалды сұраныс – көбінде формальді деп аталатын, инвестициялық 
потенциал түрінде болады, яғни болашақ инвестициялау үшін тілек білдіру түрі 
болып табылады. Әдетте, бұл сұраныс түрі заңды және жеке тұлғалардың 
табыстары (пайдалары) үшін маңызды бола тура осы моментте олардың қор 
жинау бағытында қызығушылығы болмай тұрған кезде пайда болады, ал 
болашаөқта нақты немесе мүмкін болатын табыстың болатындығын ескере 
отырып, инвестициялау жүргізуге олардың құлқы, тілегі бар. 
Инвестициялық сұраныстың 2-ші түрі субъектілердің инвестициялық 
қызметті нақтылай жүзеге асырумен сипатталады. Ол инвестициялық 
тауарларды нарықта капиталды ұсыну формасында болып келеді. 
Инвестициялық ұсыныс өзіне жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды, айналым 
қаржы және құнды қағаздармен, басқадай мүліктердің жаңасын жасауды, қайта 
құруды, кеңейтуді және техникалық қайта жақтандыру біріктіру арқылы 
қалыптасады. 
Инвестициялық қызметтің объектілері нарықта капиталға сұраныс 
түрінде болып шығады, ал субъектілері инвестициялық нарық арқылы белгілі
бір экономикалық өзара қатынасқа түсіп, инвестициялық сұраныс пен 
ұсынысты жүзеге асырады 
Инвестициялық қызметтің субъектілері: 
- инвесторлар (олар көбінде бір мезгілде тапсырушы рөлінде болып 
келеді); 
- инвестициялық қызметті пайдаланушы нысандар; 
- Қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғалар; 
Инвестициялық қызметтің субъектілері іс жүзінде инвестицияны жүзеге 
асыратын инвестициялық сферада көбінде нақтырақ іс – қимылмен 
айналысады. 
Инвестициялық сфера құрамына мыналар кіреді: 
1) күрелі құрылыс сферасы; 
2) ғылыми-техникалық өнімдер мен интеллектуалдық потенциалдар сатылатын 
инвестициялық сфера; 
3) қаржы капиталының айналым сферасы (әртүрлі формадағы қаржылық 
міндеттемелер, қарыздық және ақша айналымдары); 
4) инвестициялық қызмет субъектілерінің мүліктеріне құқықтарын орнату 
сферасы. 
Белгілі бір жұмыс атқарушы инвестициялық қызметтің қатысушылары 
осындай қызметті атқарудың құқық сертификатын немесе лицензиясын 
міндетті түрде алулары керек. 
Инвестициялық қызметке барлық қатысушыларының ішінен үш аса 
негізгілерін атап бөлуге болады: 


10 
1) инвесторлар (тапсырыс берушілер); 
2) орындаушылар (мердігерлер); 
3) қаржыландыратын немесе несиелендіретін банктер. 
Инвестор (тапсырыс беруші) мен орындаушы (мердігер) арасындағы 
қарым-қатынас олардың өзара жасаған контракт немесе мердігерлік келісім-
шарт негізінде құрылады. Контракта немесе мердігерлік келісім-шартта 
жақтардың жауапкершілігі мен міндеттері анықтап белгіленеді. 
Контрактың немесе мердігерлік келісім-шарт жағдайын сақтамау немесе 
бұзу материалдық және жауапкершілікке тартылып, аталған құжаттарда 
көрсетілген мөлшерде қаржыдай төлемдер төлеуге міндетті болады. 
Инвестициялық үдеріске банктер мен басқа қатысушылар арасындағы 
қарым-қатынас екіжақты құрылады: 
1) егер банк кредитор болса, онда несиелік келісім-шарт негізінде
2) егер банк кредитор емес, қызмет ету бойынша агент болса, онда ҚР-ның 
“Банктер және банк қызметі туралы” заңы негізінде. 
Мемлекеттік сектордағы инвестициялық қызметке қатысушылар 
арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы құрылысты қаржыландыру және 
несиелендіру ережесімен және мердігерлік келісім-шарт туралы ережемен 
реттелінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет