Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Әсенова Б.Қ. Нұрымхан Г.Н., Нұрғазезова А.Н.
БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ МЕХ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Оқу құралы
Семей 2008
Рецензенттер:
Какимова Ж.Х., техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Какимов А.К., техника ғылымдарының докторы, доцент
Абимульдина С.Т., биология ғылымдарының кандидаты, доцент
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі Алматы технологиялық университеті жанындағы «Азық-түлік тағамдары және өңдеу технологиясы» секциясы мәжілісінде басылымға ұсынылған, хаттама №1, 18.10.2007ж.
Әсенова Б.Қ., Нұрымхан Г.Н., Нұрғазезова А.Н.
Былғары және мех технологиясы: Оқу құралы – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті – Семей, 2008 – 123 бет.
Оқу құралында былғары және мех шикізатын өңдеуде жүргізілетін үрдістер толығымен көрсетілген. Сондай-ақ мал терілерінің былғарысы мен жүнді жабын құрылысы: тері топографиясы, мал терілеріне әсер ететін факторлар; теріні біріншілік өңдеу жөнінде кеңінен баяндалған. Үрдістерге жеке тоқтала отырып, оның әдістері, өңдеу ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемістіктері, үрдістің дұрыс өткендігін тексеретін бақылау жұмыстарын жүргізуге назар аударған.
Былғары және мех технологиясы мамандығының студенттері үшін оқулық ретінде арналып отыр.
© Шәкәрім атындағы СМУ, 2007
© Әсенова Б.Қ., Нұрымхан Г.Н., Нұрғазезова А.Н.
Мазмұны
І – тарау. Мал терілерінің былғарысы мен жүнді жабын құрылысы
Тері топографиясы
Малдың терісіне әсер ететін факторлар
Теріні біріншілік өңдеу
Қалың тері тінін өңдеу ерекшеліктері
ІІ-тарау. Былғары және мехті өңдеу
Мех шикізаттарына сипаттама
Былғары шикізаттарына сипаттама
Технологиялық үрдістер
Жібіту үрдісі
Шелдеу үрдісі
Жүнсіздендіру және күлдеу
Күлсіздендіру және жұмсарту
Пикельдеу үрдісі
Майлау үрдісі
Майсыздандыру
Илеу үрдісі:
Хроммен илеу
Циркониймен илеу
Титанмен илеу
Хромтитанмен илеу
Хромциркониймен илеу
Хромалюминийлеп илеу
Алюмоцикорнийлеп илеу
Алюмотитанмен илеу
Титанциркониймен илеу
Алюмоцирконийтитанмен илеу
Хромцирконийтитанмен илеу
Таннидпен илеу
Анотаннидтер
Ерімейтін заттар
Темір қосылыстарымен илеу
Кремний қышқылымен илеу
Органикалық илегіш қосылыстар
Өсімдік илегіш ерітінділеріндегі тұнбалар. Сульфиттеу
Синтетикалық илегіштер (синтандар)
Таннид орнына қолданылатын (алмастырғыш) синтандар
Құрамында сульфотоптары жоқ синтандар
Арнайы синтандар
Майлармен илеу
Аралас илеу: Алюминий, цирконий және титан
қосылыстарының гетерополиядролы комплекстері
негізіндегі минералды илегіштер
Таннидтермен, синтандармен және хром қосылыстарымен аралас илеу
Аралас илеу кезіндегі илегіштердің колагенмен
әрекеттесунің ерекшеліктері
Формальдегидті қолдану арқылы аралас илеу
Жартылай фабрикатты хромдау
Таннидтермен және синтетиқалық илегіштермен иін қанықтыру
Уату үрдісі
Ашытқымен өңдеу
Бейтараптау
Бояу
Қышқылдық бояулармен бояу
Кубты бояғышпен бояу
Активтік және дисперсиялық бояғыштармен бояу
Былғарыны әрлеудің механикалық операциялары
Протравтау
Жуу мен тұздау
Жүнді жабынды әсемдеу
Ағарту
Толықтыру
Кептіру
Конвективті кептіру
Контактылы кептіру
Радияциялы кептіру
Жоғары жиіліктегі электр тоғымен кептіру
Сублимациялық кептіру
Ылғалдандыру
Сығу немесе жартылай фабриқатты ылғалдан арылту
Сүргілеу
Былғарыны тегістеу және қыртысын жазу
Былғарыны керу
Престеу, үтіктеу және бедер салу
Былғарыны нығыздау
Былғарының ауданы мен қалындығын өлшеу
Мех терілерін әрлеудегі механикалық операциялар
Мехты механикалық жолмен жұмсарту (откатка)
Мехтің түкті жабынын тазарту және сабау
Түкті жабында қырқу
Қылшық жүнді қырқу
Үтіктеу
Ауданын өлшеу
ІІI-тарау. Былғары мен мехтің сапасы және сапаны басқару
Пайдаланылған әдебиеттер
|
6
6
12
17
20
27
27
33
33
33
36
37
42
44
47
50
52
53
54
55
55
56
57
57
58
59
59
59
60
61
61
64
66
67
67
67
68
70
70
71
73
77
77
78
79
80
80
80
82
84
87
87
88
89
90
91
91
92
93
97
98
100
101
101
102
102
103
103
104
104
105
106
106
106
107
108
108
108
109
109
110
123
|
І – тарау
МАЛ ТЕРІЛЕРІНІҢ БЫЛҒАРЫСЫ МЕН ЖҮНДІ ЖАБЫН ҚҰРЛЫСЫ
Тері топографиясы
Тері – жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Тері түктен, жүнді жабыннан, қыртыс (эпидермис), өзең (дерма) мен теріасты жасушаларынан (шел қабаты) тұрады.
Мехтік теріні жүнді жабын және тері өзеңі деп екіге бөледі. Илеу кәсібін меңгеру үшін ең алдымен оның құрлысымен толығырақ танысу қажет. Себебі, ол алдыңғы операцияларды елестете алу үшін керек.
Былғары өндірісінде өзеңді қолданады, ал түк пен эпидермисті бөлектейді. Мехта өзең эпидермиспен және түкпен бірге өңдейді.
Эпидермис - жүнді жабын астында орналасқан беткі қабат. Ол өте жұқа, терінің 1/20 бөлігін құрайды және бірнеше эпителиальды тор қатарынан тұрады. Мехті өңдегенде біз міндетті түрде осы қабатты сақтауымыз керек. Өйткені, ол түк қалташығымен тығыз байланысқан және оның бүлінуі түктің өзеңмен байланысының әлсіреуіне әкеліп соғады.
Өзең - бұл терідегі беріктілігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленетін ең негізгі қабат. Ол колаген, эластин және ретикул талшықтарының өрілуінен пайда болады.
Колаген талшығы - ақуыз колагеннен пайда болады, оның қайнатқан кезде желімге айналуы негізгі қасиеті болып табылады.
Эластин талшығы - колаген талшығынан аздаған бұйралығы мен біраз қалыңдығымен өзгешеленеді. Олар өзеңнің төменгі бөлігі, тор шекарасында орналасқан.
Ретикул талшығы - негізінен ретикулин ақуызынан тұрады. Ол барлық өзеңді өткізетін және эпидермиспен шекараласқан қабатқа қалың тор түзеді.
Өзең екі негізгі қабаттарға бөлінеді: емізікше және торлы.
Емізікше қабат өзеңнің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Көбінесе, малдардың осы жерінде жүн тамыры бекиді. Осыған тер мен май бездері кіреді. Бұнда колаген талшықтары жұқалау. Олар түк қалташығына қарсы бағытталған.
Торлы қабат - өзеңнің төменгі қабаты. Ол былғары мен теріден өнделген барлық терінің беріктігін анықтайды. Ол біркелкі колаген талшықтарының өрілімдерінен тұрады. Біз осы қабаттың иілгіш, жұқа болуын қадағалаймыз. Қабат жұқалығы малдың жай-күйін анықтайды, күту жағдайына, сою уақытына, малдың түріне байланысты құбылады. Талшықтардың өрілу топтары терінің қай жерінде орналасуына байланысты сипатталады.
Былғарының гистологиялық құрылысы.
1 – эпидермис; 2 – былғары; 3 - өзең;
4 – гипоөзең; 5 – жүн қылшығы; 6 – жүнді фолликула ұшы; 7 – жүн тамыры; 8 – тер ағымы; 9 - май безі; 10 – жүн бұлшығы; 11 – жүнді фолликула; 12 – май безі; 13 – жүн түбірі; 14 – жүн емізікшесі; 15 – тері асты тамыры; 16 – тері асты май қабаты.
|
Жүнсіз былғары эпидермисі.
1 – мүйізікше қабат; 2 – жылтыр қабат; 3 – бидай қабат; 4 - өстік жсуша қабаты; 5 – цилиндрлік қабат; 6 – қосылыс тіні; 7 – тер безінің шығу ағымы.
|
Жүн құрылысының схемасы.
1 – жүн қалтасы; 2 – қабыршақ және 3 – милы зат; 4 – кутикула; 5 – сыртқы эпителиальды қалта; 6 – екі қабат ішкі эпителиальды қалта; 7 – жүнді қабыршақ; 8 – жүнді емізікше; 9 – жүнді түтік; 10 – май безі; 11 – жүнді көтеретін бұлшықет; 12 – эпидермистің өсетін қабаты; 13 – эпидермистің мүйізікше қабаты.
|
Шошқа терісі былғарысындағы жүн схемасы
А – жүн емізікшесі; б – жүнді қабыршақ; в – жаңа жүн; г – ескі жүн; д – жүйке талшықтары.
|
Жота - терінің бағалы бөлігі. Бұл жерде берік былғары өзеңімен ең қалың түк жабыны бар. Ол терінің мойынынан құйырғына дейінгі ортаңғы бөлігінде орналасқан. Оның ені әр малда әртүрлі. Құйымшақ тұсының түгі мойынының түгіне қарағанда қалың және ұзынырақ келеді. Жота түгінің сапасына бүйір жағының түгі ғана ұқсасырақ. Сондықтан оны жотамен бірге пайдалануға болады.
Барлық малдардың бауыр терісі көбінесе сирек болады, бірақ кәмшат, жұпар тышқан, су тышқандарының бауыр терісінің түгі бүйірі мен жота терісіне қарағанда қалыңырақ. Астыңғымен салыстырғанда жоғарғы бөлігіндегі бүйір терісінің жүнді жабыны қысқа және ашық түсті болып келеді. Тері тіні құйрығына қарағанда беріктеу.
Табан - бұл тері бөлігінің аяғында болады. Осы жерде қатты, төмен жүнді жабын болады, ал тері тіні жуандаған. Бүтін табанды онша бағалы емес терідегі мехтік терілерде сақтамайды, тек оның табандық деп аталатын беттік бөлігін қалдырады. Бағалы терілерді табанымен қоса шешіп алуға тырысады.
Мойын - бастың көз сызығынан алдыңғы табандыққа дейінгі бөлігі, бұның ортаңғы бөлігі жонарқаның жалғасы болып табылады.
Құйрық екіге бөлінеді: 1- құйрық ұшы; 2 - құйымшақ тұсымен жалғасқан бөлігі.
Терінің топографиялық құрлысының негізінде мех өндірісіндегі қалдықтарды болдырмау үшін, көбінесе ірі емес мамықтық мал терілерін қолданады. Ал тері өндірісінде шошқа, жылқы, ІҚМ терілерімен байланысты. Олардың топогграфиясы біршама өзгеше.
ІҚМ терісі келесі бөліктерде талданады:
Жонарқа - тері өндірісіндегі терінің екі маңызды бөлігі. Ол беріктігі мен жыртылған кезде аз ұзартуымен сипатталады.
Құйымшақ тұсы - терінің тығыз және иілгіш бөлігі. Шап және табан - ең былпылдақ және жұқа бөлік. Жыртылған кезде созылып кетеді.
Қол және мойын - бұлар да былпылдақ және жұқа болып келеді.
Жылқы терісін екіге бөлуге болады: алдыңғы және сауыр терісі. Орны бойынша ІҚМ терісіндей жонарқаның орнына алдыңғы бөлігі орналасқан. Бірақ ол былпылдақ құрылысымен ерекшеленеді.
Шошқа терісінің топографиясы өзгеше. Терінің ортаңғы бөлігінде жонарқа және мойын терісі бар. Оны бөксе деп атайды. Қалған бөліктері бөксенің бүйірінде орналасқан, оны қол терісі деп атайды. Оларды аяқ киімінің жоғарғы жағына және қайыс белдіктер дайындауда қолданады.
ІҚМ терісінің топографиясы
А – жонарқа; Б – жаға терісі; В – қол терісі; Г – құйымшақ тұсы терісі; Д – шап терісі; Е – табан терісі; Ж – бас бөлігі.
|
Жылқы терісінің топографиясы
А – алдыңғы терісі; Б – хаз;
В – шпигель.
|
Шошқа терісінің топографиясы
А - шошқа бөксесі; Б – қол терісі
|
Мехтік теріден өнделген тері тіні төмендегідей негізгі талаптарға сай келуі керек:
-
Қалыңдығы. Біз өңдеу кезінде өте жұқа, әрі бұйым жеңілдігін қараймыз.
-
Беріктігі. Бұнда бұйымның ұзақ мерзімде пайдалану мүмкіншілігі қаралады.
-
Иілгіштігі. Бұл кезде бұйымның қозғалыстан кейін бастапқы пішінін сақтауы қарастырылады.
-
Жұмсақтығы.
Енді тері тінімен жан -жақты танысқаннан соң, терінің басқа бөлігі мехқа, яғни жүнді жабынға келеміз. Мехтік өндірісте ол бүкіл терінің сапасын анықтайды. Малдарда жүнді жабын біркелкі емес. Ол қылшықтардың әртүрлі категориясынан құралған.
Бағыттаушы қылшық айтарлықтай қалың және серпімді, онда ұзын өзек болады. Оның ұштары бетке шығып тұрады.
Өстік қылшық - бағыттаушыдан қарағанда қысқа, бірақ одан қалыңырақ. Кейде, сәндікке қарап мех өндеу үрдісінде кейбір малдардың (мысалы кәмшат) бағыттаушы қылшығын қысқартып және мүлдем алып тастайды.
Мамықтық қылшық - басқалардың барлығынан қысқа. Олар өте жұқа, нәзік және төменде болатын біршама қалың түкті жабын. Биязы жүнді қойлардың түкті жабыны осы қабаттан тұрады. Аң терісінің 94-98 пайызы мамық қылдар құрайды.
Сезімтал қылшық - бұл мойынның, еріннің жоғары және төменгі терілерінде кез келген түрдегі қылшық қалташық пен өзектен тұрады.
Қалташық - бұл тері жабындағы қыл бөлігі. Қылдың түбірі - қалташықтың жуандатылған бөлігі. Қылдың әртүрлі категориядағы тамыры біркелкі емес. Әрі қарай қылдың өстік қылшығы мен тамыры кесіліп қалады да, теріден жеңіл бөлінеді.
Өзек қылшығының ұзындығы жүнді жабын биіктігімен анықталады. Орналасу жиілігі оның қалыңдығына байланысты.
Теріден өңделген жүнді жабын сапасын келесі сипаттамалар анықтайды: биліктік - бұнымен терінің жылуды қорғау қасиеті байланысты, қалыңдығы мен сыртқы түрі, қылшықтың беріктігі және оның тері тіндеріне байланысты. Бұдан терінің сапасын жарыққа келмей тұрғаннан-ақ байқауға болатындығын анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |