295
арқылы басуға талпынады. Бірақ заманауи медицина басқаны
ұсынады: белгілі бір деңгейге дейін (38° дейін) дәрі арқылы
түсірудің қажеті жоқ.
Оның пайда болуы организмнің иммундық жүйесі белсен-
дірілгендігін, организм өз күшімен оны жоюға талпынып
жатқандығын көрсетеді. Дәрі егу арқылы біз иммундық жүйенің
өз жұмысын жасауына кедергі боламыз. Сондықтан қызу
түсіретін дәрі-дәрмектер қолдануға болады,
егер көрсетілген
нормадан асып жатса ғана. Яғни организм өз күшімен жеңе
алмайтындығы айқын болған кезде қолдану керек. Бұл жағдай
күйзеліске де қатысты.
Осылайша, күйзелістің табиғатын түсіну бізге күйзеліс-
тен қашу – іс-әрекеттің қате стратегиясы болып табылады де-
ген ой келуі тиіс. Әңгіме тіпті тәжірибелі деңгейде мүмкін
емес екендігінде емес. Ең маңыздысы күйзеліс көзіне жақын-
дау фазасында адам организмі сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайына, толық тынышталуы мен босаңсуға қарағанда күй-
зеліске барынша тұрақты. Организмді физикалық «шынық-
тыруымен» қатар эмоционалды түрде шынықтыру қажет, се-
бебі эмоция күйзелістің механизмін түсіруші рөлінде бо-
лады.
Күйзеліс туралы
айтылғандарды ескере отырып, былай
қорытындылауға болады:
− күйзелістен қашпау! «Күйзеліс – өмірдің иісі мен дәмі»
деген Сельенің пікіріне құлақ асыңыз;
− ең басты қорғаныс қабатын күйзеліс пен дистресс ара-
лығында қою қажет;
− күйзелістің жақсы жақтарын мойындау, оны кез келген
жерден іздеу қажет немесе қолдан жасау керек деген сөз емес.
Оған
өмір көмектеседі;
− организмге күйзеліспен күресте күйзеліс табиғатын түсіне
отырып «ақылмен» көмектесу қажет;
− күйзелісті басқа аурулар сияқты салдарын емдегеннен гөрі
алдын алған дұрыс.
Алдын алу оның туындау себептерін айқындаудан басталуы
тиіс. Олар айқын көрініп тұрады. Бірақ олардың ішінде бірінші
орында шиеленіс болады.
296
Күйзеліс себептері және көздері
Күйзеліс себептерінің тізімі нақты емес. Күйзеліс себептері
ретінде халықаралық конфликттер және елдегі саяси жағдай-
лардың тұрақсыздығы, және әлеуметтік-экономикалық дағда-
рыстар да негіз бола алады.
Ұйымдастырушы факторлар
Күйзелістің маңызды қоздырушы бөлігін біздің кәсіби мін-
детттерімізді орындауымызға тікелей байланысты. Әйгілі оқулық-
тардың авторлары менеджменттің негізінде күйзелісті
тудыратын
бірнеше ұйымдастырушы факторларды айқындап көрсетеді:
− жұмыстың шамадан тыс көп не аз болуы;
− рөлдерден туындайтын кикілжің (қызметкерге қарама-
қайшылықты талаптар қойылған жағдайларда туындайды);
− рөлдердің айқын еместігі (қызметкер одан не күтетінінен
хабарсыз болуы);
− жұмысына қызықсыздар (2000 ер адамнан 23 маман иесі-
нен тұратын зерттеу нәтижелері бойынша қызық жұмысы бар
адамдар уайымға аз түсіп, физикалық қиындықтарды аз көретіні
анықталған);
− нашар физикалық жағдайлар;
− жауапкершілік пен биліктің ара қатынасының дұрыс
болмауы;
− ұйымдардағы ақпарат алмасу жолдарының нашарлығы.
Стрессогенді факторлардың басқа тобына ұйымдастырушы-
жекелік типін атаса болады, себебі ол тип адамның өз қызметіне
деген үрейлі-субъективті қатынасын айқындап көрсетеді. Неміс
психологтары В. Зигерт және Л. Ланге қызметкерлердің бірнеше
қалыпты «қорқыныштарын» бөліп берді:
− жұмысты
игере алмайтынына қорқыныш;
− қате жіберуге қорқыныш;
− басқалардан қалып кетем бе деген қорқыныш;
− жұмыстан айырылып қалу қорқынышы;
− өзіндік «Менін» жоғалтып алудан қорқу.
Стрессогендер болып сонымен бірге ұжымдағы қолайсыз
психологиялық көңіл-күйлер, шешілмеген шиеленістер, әлеу-
меттік қолдаулардың болмауы да тізімге алынады.
297
Осы стрессорлар «шоғырына» ұйымдастырушы-өндіріс-
тік сипатта адамның
жеке өмірінің мәселелері, яғни бірнеше
тиімсіз эмоциялар тудыратын негіздемелер де жатады. Жанұя-
дағы берекесіздік, денсаулық мәселелері, орта жастағы дағдарыс
және осындай басқа да қатер төндіретін мәселелер адаммен
уайымдауға алып келіп, оған, оның күйзеліске тұрақтылық қа-
сиетіне көптеген зиянын тигізеді [35].
Осылайша, стрестің себептері аса көп құпиялардан тұр-
майтыны анықталады. Мәселе оның
себептеріне әсер ете оты-
рып, қалай профилактика жасау жолдарын табуда. Бұндағы не-
гізгі ереже өз-өзінен болуы; өзіміз қандай да болмасын тәсілмен
әсер ете алатынын ажырата алуымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: