289
апаратын кілт. Алайда тек қошемет, жағымпаздық емес. Адамда
шынайы, табиғи бар болған жақсы қасиеттері туралы айту
керек. Мұндай қошеметтердің мүмкін болған мысалдары келе-
сілер:
«Сіз сондай нәзік, әрі әдепті адамсыз ғой. Қалайша сіз ....мен
жанжалда дөрекі, әрі қатаң болдыңыз?»;
«Халық даналығында,
екі пікірталасушы тарапта, қайсы-
сы ақылды, сол тура емес, деп айтады. Ал сізді барлығы ақыл-
ды адам деп санайды. Кім бірінші үнсіз қалса, сол ақыл-
ды»;
«Егер сіз өзіңізді балағаттаған кезде айнаға қарасаңыз еді.
Ашу ешкімге жараспайды, әсіресе – сізге» [33, 34].
Жанжалдасушыға жағымпаздануға болмайтындығын ескеру
қажет. Бұл оңай ғана көрінеді, ал жағымпазданушы сұхбаттасу-
шының ашық немесе жасырын жек көрушілігін шақырады.
Адамдардағы шынайылық пен адамгершіліктің табиғилығына
көз жеткізе алатындай қарым-қатынаста екенін сездіре алған аб-
зал. Бұл өкінудің толыққанды болуын
және келісімге келуге
шынайы дайындықты тудыруға жеткілікті болады;
− жеке сөйлесу барысында жетекші
«абыройлы үшінші»
принципін жүзеге асырады. Жанжалдың жағдайы қақтығысушы
тараптардың бір-бірін өзара қабылдауларын күрт бұрмалайды.
Оларға бәсекелестен еріксіз мадақты, күтілмеген мақұлдауды
қабылдау қиын. Адами, серіктестік қатынастың бұл көріністе-
рінде оларға жасырын келемеж естіледі немесе айлалы ой елес-
тейді. Мұндай жағдайда қарсыластың біреуінің екіншісіне қа-
тысты бітістіруші адал ойы тек екеуі үшін
абыройлы болған
екінші тұлға арқылы жеткізілуі мүмкін. Ренжіген адам үшін
ренжітуші тарапынан ол туралы оң пікірлер - тұлғааралық келі-
сімді іздеу жолына оның ойын міндетті түрде бағыттайтын
түрткі;
− жеке сөйлесу барысында жетекші
«агрессияны ашу» прин-
ципін жүзеге асырады. Ол жанжалдасушыларға әдейі бір-біріне
деген араздықтарын білдіруге мүмкіндік береді. Адамдардың
көзінде мұны жасырылған түрде орындаған жөн: жанжалда-
сушы серіктестерді спорт жарысына, диспут, ойынға және т.б.
итермелеуге болады.
290
Агрессияны ашудың тікелей формасы келесідей түрде
жүзеге асырылады: жетекші кабинетінде қарсы пікір білдіру-
шілердің оның қатысуымен жанжалдасуға түрткі болады.
Үшінші тұлғаның алдында жанжал қарсыластарды ажыра-
туға келетіндей шекке шықпайды.
Оларға пікірлерін айтуға
мүмкіндік бере отырып, жетекші оларды жіберіп, жұмысын
жалғастырады. Оның негізінде – қарсы пікір білдірушілердің
бір-бірін мәжбүрлі тыңдату және олардың рухани жиегін ке-
ңейту.
Қарсы пікір білдірушілердің бірін-бірі мәжбүрлі тыңдату
талаптарын жүзеге асыруда жетекші қарсы білдірушілер-
дің әрқайсысы
басқасына жауап беруден бұрын, қарсылас-
тың соңғы қақпа сөзін нақтылықпен қайталауына қол жет-
кізуі қажет. Жетекші осы талапты орындауды табандылықпен
талап ете отырып, сұхбатқа араласады. Әдетте қарсы пікір
білдірушілер бір-бірінің қақпа сөзін қайталайтын жағдай-
да еместігі анықталады, өйткені
әрқайсысы негізінен өзін
тыңдайды, ал қарсыласқа шындығында айтылмаған сөзді жүк-
теп қояды.
Жанжалдасушылардың назарын осыған аударта отырып,
жетекші олардың бір-бірін адал ниетпен тыңдауға мәжбүрлейді.
Мұндай жағдайдың әдеттенбеушілігі өзара қатулану қызуын
азайтады және де пікір таласушылардың өзіне өзі сыни қа-
рауының өсуіне ықпал етеді.
Жанжалдасушылардың рухани жиегін кеңейту үшін үнжазба
немесе видео үнжазбаны қолданумен жанжалды ерекше хат-
тамалаудың әртүрлі әдістері қолданылады. Жанжалдан кейін
жазба қойылады. Жанжалдасушылар естігендері және көрген-
дерінен жабырқаңқы болады. Екеуі де өздерін лайықсыз не-
месе әдепсіз ұстағандарын түсіне бастайды.
Осы тұста жетекші
жанжалды талдауға кіріседі, жанжалды
тудыруға себеп болған барлық ұсақ, принциптік мес және анайы
заттарды әшкерелейді. Жанжалдасушылар алдында жоғары
тұратын өмірлік құндылықтар, рухани мақсаттар айтылады.
Сұхбат жәбірленген намыс пен ұсақ-түйек жеке есептерді артта
қалдырып, осы жоғары құндылықтар мен мақсаттарға бағыт-
талуға шақырумен аяқталады.
291
Жанжалдарды басқарудың жанама әдістері жанжалдасушы-
ларды қоса отырып, топтың жалпы еңбек белсенділігі фонында
ғана орынды екенін атап кету қажет. Жауапкершіліксіз, әрі басы
бірікпеушілік атмосферасында бұл әдістер жанжалдарды шеш-
пеумен қоса, сонымен қатар олардың өсуі мен тереңдеуіне ық-
пал етуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: