9
паға беделді, өмірлік тәжірибесі бай ақсақалдар атқарды, орта
буындағы, яғни потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары –
билер уысында ұстады.
XVII ғасырда қазақ даласында тарихқа «Жеті жарғы»
деген
атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың
бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының
бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.
«Жеті жарғы» ғұмыр кешу салты бір, төскейде малы, төсекте
басы қосылған үш халықтың мүддесіне қызмет ететін, халық-
аралық ережеге сәйкес көтерілген ел
билеу заңы деуге бола-
ды. Мемлекеттік басқару жүйесінде билердің мынандай кейбір
айрықша құқықтары болды: «Жеті жарғы» қағидаларына сәйкес
олар өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде әкімшілік билік жүр-
гізді. Сот төрелігін жүзеге асырып, соған байланысты ұлтының
әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін терең білуге тиісті
болды. Билер ру-тайпаның басшысы болғандықтан, әкімшілік
қызметті де қоса атқарды, өз қауымының тәртіп,
талабына жауапты
болды. Сөйтіп, хандардың халық арасындағы тірегіне айналды.
Осыған орай олардың ең данагөй, беделдісі хан жанындағы
билер кеңесінің құрамына еніп, ескі қағидаларды жаңғыртып,
заңи жосындар қабылдауға қатысты, ханның ішкі,
сыртқы сая-
сатына, әскери доктринасына оң ықпалын тигізді [12].
Тарихи тәжірибелерге сүйене отырып, басқару теориясы-
ның ғылыми негіздегі дамуы төрт тұрғыдан атап көрсетіледі:
1) басқарудағы негізгі мектептер тұрғысынан; 2) процестік;
3) жүйелік және 4) жағдайлық.
Бұлардың біріншісі – бұл ғылыми әкімшілік басқару («клас-
сикалық мектеп»), адамдық қатынастар мен мінез-құлық ғы-
лымдары, басқарудың сандық әдістер мектептері. Басқа үшеуі
де тарихи тұрғыдан қызғылықты, бірақ олар қазіргі басқару
ғылымының сипаттамасы үшін әлдеқайда маңызды.
Ғылыми басқару мектебі (1885-1920). Оның пайда болуы-
ның арқасында басқару ғылымы дербестік және қоғамдық та-
нымға ие болды. Оның өкілдері Ф. Тэйлор, Ф. Гилбрет, Л. Гил-
брет, Г. Эмерсон және басқалар алдымен еңбектің өз мазмұнын
және оның негізгі элементтерін зерттейді, тек содан кейін ғана
10
басқару – бұл айрықша мамандық, ал ол туралы ғылым – дербес
пән деген тұжырымға келеді [13]. Еңбек өнімділігін арттыруға,
бұл мектеп өкілдерінің пікірінше, негізгі үш тәсілмен қол
жеткізуге болады:
1) еңбектің өз мазмұнын –
оның режимін, жағдайларын,
операцияларын, жұмыс әрекеттерін тиімділендіруді қарастыру.
Осының бір өзі ғана қарапайым қол еңбегі өнімділігінің күрт
өсуіне және өндіріске деген әкімшілік шығындардың азаюына
алып келді;
2) ұжымдық және жеке еңбекке бақылауды еңбек үдерісін
ынталандыру және реттеу жүйесі негізінде енгізу;
3) кәсіпорынды тұтастай басқарудың оңтайлы жүйесін, осы
ұйым жұмысының ең жоғары нәтижелерін қамтамасыз ететін
жүйені анықтау.
Басқару туралы ғылым өзінің пайда болған сәтінен бастап,
еңбекті ұйымдастыру және оны басқаруда өндіріс тиімділігі мен
кірісті ұлғайтудың қосымша резерві болып табылатынын айқын
әрі сенімді көрсетіп берді. Еңбекті басқарудағы Ф. Тейлордың
негізгі принциптері төмендегідей:
а) жұмыстың әрбір элементін
ғылыми тұрғыдан орындау;
ә) ғылыми тұрғыдан жұмысшыларды таңдау және оларды
оқыту;
б) жұмысшылармен бірлесу;
в) менеджерлер мен жұмысшылар арасындағы нәтижеге
деген жауапкершілікті бөлу.
Осы бұлжымайтын айғақтар мен дәлелдер басқару туралы
ғылымға қатысты қоғамдық пікірдің өзгеруіне алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: