Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет99/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   164
Ахтаева

Қашу (жалтару) мына жағдайларда тиімді: 
− қарастырылып жатқан мәселе сіз үшін аса маңызды болмаса
− сіз өзіңіздің дұрыс жасамай жатқаныңызды және басқаның 
дұрыстығын сезінсеңіз, әрі ол үлкен билікке ие болса; 
− егер сіз күрделі сөйлесушімен тілдессеңіз; 
− сіз шешім қабылдауға тырысып, бірақ не шешім қабыл-
дауды білмесеңіз
− сізде мәселе туралы ақпарат толық болмаса; 
− шиеленушілік жоғары және оны тастау қажет болса; 
− сізге уақытты ұту қажет болған жағдайда. 
Бейімделу мынадай жағдайларда тиімді: 
− сіз аз ғана беріліп, аз жоғалтатыныңызды сезінсеңіз; 
− жағдайды жеңілдету қажет болғанда; 
− егер сіз нәтижесі сізге қарағанда, басқа біреу үшін аса 
маңызды екенін түсінсеңіз; 
− туралық сіз жақта болмағанда. 
Келісімге келу, яғни сіз үшін жарым-жартылай өзіңіздің, жа-
рым-жартылай басқасының қалауын қанағаттандыру жағдай-
ларында тиімді: 
− жанжалдың қатысушыларында бірдей билік болса және 
олар бірін бірі жоққа шығаруға мүдделі болса; 


279 
− жылдам немесе уақытша шешім талап етілсе; 
− басқа амалдар тиімсіз болған жағдайда; 
− келісімге келу өзара қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік 
берсе. 
Әріптестік, келісімге келуге қарағанда, тереңірек деңгейде 
қол жеткізіледі және де ұзақ уақытты әрі жанжалды шешуде 
белсенді бірге қатысуды талап етеді. Бұл үлгі мына жағдайларда 
өте тиімді: 
− мәселенің шешімі екі тарап үшін де аса маңызды болса; 
− сіздердің өзара арақатынастарыңыз тығыз, әрі ұзақ уақыт 
жалғасқан болса; 
− сізде мәселені қарастыруға уақыт болса; 
− екі тарап та бірдей билікке ие болса немесе шынайы
билікті иеленуде айырмашылықтарды жоққа шығаруды қа- 
ласа. 
Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары. Кез келген 
жанжалда оны шешудің үш жолы бар: 
ең оңай, бірақ әрқашан да шынайы емес: өзіңді немесе мә-
селеге деген өзіңнің қатынасыңды өзгерту; 
ең қиыны, сондықтан да тәжірибелік мүмкін емес: қарсы 
пікір білдірушінің пікірін өзгерту, оған өзімізге қажетті бағытта 
әсер ету; 
ең оңтайлы және шынайы: мәселені шешудің өзара тиімді 
нұсқасын табу және оны жүзеге асыруға күресу. 
Жанжалды шешудің мүмкін болған жолдары мына сұрақтар-
ға жауап іздеуден тұрады: 
Жанжалды шешу үшін мен не істер едім? 
Бұл үшін серіктесім не істер еді? 
Жанжалдан шығу қажет болған жалпы мақсаттар қандай? 
Мұнда сіз былай жасауыңыз қажет: 
− сұхбаттасыңызға көңіл аудару және ниеттестік білдіру; 
− серіктестің ерекшеліктеріне сабырлылық таныту, өзінің 
шынайы жанашырлық сезімін көрсету; 
− салмақты болу, өзінің әрекеттерін, сөзін, мимикасын бақы-
лау; 
− адамды осы жағдайға не алып келгенін – айқын немесе 
жасырын мақсаты қандай екенін түсінуге тырысу; 


280 
− сұхбаттасушының пікірін толық айтып беруіне мүмкіндік 
беру, оны мұқият тыңдау; тікелей қайталау, тыңдағанын талдау 
немесе қорытынды жасау жақсы нәтиже береді – сол арқылы 
адамға оны тыңдағанын түсінуге мүмкіндік береді; 
− әлеуметтік және физикалық қашықтықты оңтайлы деңгейге 
дейін қысқарту; 
− серіктестің назарын ауыр мәселеден қысқа уақытқа болса 
да басқаға аударту, мұнда кез келген амалдар қолданылуы мүм-
кін – басқа жерге отыру, қоңырау шалу, жазып алуды сұрау- 
дан бастап қандай да бір миға қонымсыз ойды, әзілді айтуға 
дейін; 
− сіздердің мүдделеріңіздің, мақсаттарыңыздың, міндеттері-
ңіздің жалпылығын атап көрсету; 
− сұхбаттасқа оның сөздері тудырған сіздегі жағдай, сезім 
туралы дайын емес бағалауларды және пікірлерді айту; бұл 
сұхбаттастың сізге қысқа жауап қайырмай, ашық, мақсатты, өз 
ұстанымын айта отырып жауап беруге мәжбүрлейді; 
− сынға ескерту, сөгістерге жауап беруден бұрын, нақты не 
көзделіп отырғанын ашып алу қажет; сіз барлығын дұрыс тү-
сінгеніңізге сенімді болуыңыз керек. 
Әрбір жеке жағдайда жанжалдың себебі айқын болғанымен, 
барлық жанжалдар ұқсас негізге ие: істің шынайы жағдайы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет