СөЖ 1-БӨлім тақырыбы: «Мен көшбасшы болғым келеді»



Дата18.02.2024
өлшемі13.99 Kb.
#492314
СӨЖ


СӨЖ
1-БӨЛІМ
Тақырыбы: «Мен көшбасшы болғым келеді»
Көшбасшы - жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпашылығына төзе білетін тұлға.Көшбасшыны ешкім ресми түрде жұмыс орнына ұсынбайды,ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады. Көшбасшының негізгі қызметі топтың мақсатына жетуге жәрдемдесу, әрі оны нығайта түсу. Ол сарапшы ретінде қызмет етеді, топ ішіндегі қарым-қатынасты реттейді және көпшілікпен жұмыс жасай алады,топ мүшелерін алға қарай ұмтылдыра алады.Топ мүшелерінің пікірлерінен қорытынды жасап сөздің тобықтай түйінін шығара алатын, үлкен жауапкершілігі бар, бойында сабырлылық қасиетін қалыптастыра білген жан.
Әр адамның бойында көшбасшылық қасиет болады. Көшбасшының міндеті - адамдарға өз әлеуетін толық жүзеге асыруға көмектесу арқылы оларды ынталандыру.Көшбасшы болу өте қиын. Өйткені, нағыз көшбасшы өзі басқаратын адамдардың барлық қауымдастығынан жоғары болуы керек. Егер көшбасшы өзіне артылған жауапкершіліктен қашқақтайтын болса ол жалған көшбасшы.Наполеон айтқандай «Көшбасшылар - бұл үміт отын жағушылар». Егер лидер болмаса адамдар көбінесе үмітін жоғалтады.Себебі, адамдар көшбасшыға үлкен үміт артады. Әрбір үшінші адам көшбасшы болуға ұмтылады. Кез-келген тығырықтардан шыға білетін адамдар көшбасшылықта ешқандай кедергіге тап болмайды. Адамның көшбасшылық етуі оның осы ұғымды қалай түсінетіндігіне де байланысты.Астарына көп мағына сыйғызып тұрған «көшбасшы» атауын арқалап жүру және сол атаққа лайықты қызмет ету оңай болмаса да, адам үнемі тек алға ұмтылуы керек. Қазіргі қоғам өте білімді,жан-жақты, ізденімпаз көшбасшыларды талап етеді.Осы тұрғыда мысал етіп елбасымызды, кез-келген саладағы басқарушыны алуымызға болады. Ұлт ретінде Қазақстан, көшбасшы партия ретінде Nur Otan күш біріктіру арқылы талай биіктерді бағындырып, ірі жетістіктерге жете алады. Өзіңді танып-білу батылдық пен шешімталдықты қажет етеді. Сіз кімсіз және кім болғыңыз келеді? Ал айналаңыз сізді кім деп және кім болады деп ойлайды? Ең алдымен, осы екі сұрақтың аражігін ажыратып алуға тиіссіз. Балиғат жасқа толғанға дейін жақындар, достар, мектептегі ұстаздар, жалпы қоғам сөзбен де, іспен де бізге кім болатынымызды құлаққа құяды. Ал, шындығында, адамдар кім болатынын өздері шешкен сәттен бастап, көшбасшы бола бастайды. Түптің-түбінде жақсы көшбасшы болуға ұмтылған адамның талпынысы өз жемісін береді. Адам кім болғысы келсе, сол болады.
Қорытындылай келе, көшбасшы болудан қорықпау қажет. Мейлінше алға қарай ұмтылып, тәуекелге бел буу қажет.Қателікке бой алдырам деп қорқудың қажеті жоқ. «Қателіктен қорқудың өзі қателік». Әрбір істің өзіндік қайыры бар,қорытындысы бар.Жетістікке жету үшін, кез-келген ортада басшылық ету үшін де біраз тәжірибелер мен тәуекелдер қажет болады. Біздің өмір сапамыз көшбасшыларымыздың сапасына тікелей байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет