Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет101/164
Дата21.12.2022
өлшемі1.92 Mb.
#467683
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164
Ахтаева

1. Қарсы пікір білдірушіге позитивті (тым болмаса бейта-
рап) қатынаста бол, сенімділік үшін негіз құр. Жанжалдасудан 
бұрын, өзіңе қарсы пікір білдірушіні «жақсы көруді» бұйыр 
және осы жақсы көңіл-күйіңмен онымен өзара әрекет жаса. Бұл 
не үшін қажет? Жанжал әрдайым біздің мүддемізге қысым жа-
сағанда немесе бізге солай қысым жасалғандай болған жағдайда 
туындайды. Мұны істейтін адам – дұшпан. Біз дұшпанның 
бойынан нені көреміз? Оның жеке басының ең жаман тарапта-
рын көреміз және оған күдік, әрі сақтықпен қараймыз.
Жанжалда қарсы пікір білдірушіден «досты» және оның жақсы 
жақтарын көру орынды. Туындаған мәселені кіммен шешкен 
жеңіл: дұшпанмен бе, әлде доспен бе? 
Қарсы пікір білдірушіде «досты» қалай көруге болады? Бұл 
жерде келесі кеңестер орынды болады: 
− әңгіменің басында басқа тақырыпта, жалпы көзқарас қа-
лыптасқанын тақырыпта жеңіл, әзілдесіп сөйлес. Сол арқылы 
жанжалда сенімділік базасы құрылады; 
− оның адамгершілігі мен абыройы туралы ойла
− оның жеке басының ең жақсы көріністерін есіңе ал; 
− жай ғана оған плюстері мен минустерін еске ал да, оны 
жеке тұлға ретінде қызығушылықпен қара. 
2. Психиканың жұмыс режимінің эмоциялықтан рационал-
дысына ауысуы. Жанжалда жиі эмоция басым болады. Бұл аф-
фектке әкеледі, онда сана өшіп, адам өз әрекеттеріне жауап бере 
алмайды. Эмоциялық амал істің, мәселенің және қарсы пікір біл-


283 
дірушіге қатынастың ауысуына әкеледі. Біз қарым-қатынас-
тарды анықтап алуда кептеліп қаламыз, ал іс, мәселе шешілусіз 
қалады. Егер мәселе шешілмесе, онда қарым-қатынас та бұзы-
лады немесе үзіледі.
Міне сондықтан өзінің қатынасында эмоцияны мәселеден 
ажыратып алу және оларды мүмкіндігіше араластырмау қажет. 
Мұнда екі тәуелсіз міндеттерді шешуге тырысу керек: бастысы 
– бұл мәселенің шешімін табу және қарым-қатынастарды реттеу. 
Бірақ, егер шешімі табылмаса, не жағдай болса да, жақсы қа-
рым-қатынасты сақтауды ойластырған жөн. Өйткені шешімін 
іздеуге сақталған қарым-қатынасқа сүйене отырып, кейінірек 
қайта оралуға болады. 
3. Қарсы пікір білдірушіге «бұлқынысын шығарып алуға» 
мүмкіндік бер, ол басылған кезде сөйле. Оның «атылысы» кезін-
де өзіңді жайбарақат, сенімді ұста, бірақ менменшіл болма. Кө-
бісі біздің қарсы пікір білдірушіге ішкі шиеленісін төмендетуге 
қаншалықты көмек көрсететінімізге байланысты. Бұл бағытта ең 
орындысы үнсіздік, жымию, қол алысу, өкініш білдіру және т.б. 
болып табылады. Егер бұл көмектеспесе, онда агрессияның же-
леп өтпейтін аура бар екенін сезінген жөн. Соңғы жағдайда біз 
оқшауланған, қорғанышты ортада боламыз. 
Көптеген зерттеулер барысында қызықты заңдылық анық-
талды: егер эмоциялық жауап қайтару түрінде нығаю алған
болса, кері эмоциялық әсер күшейеді. Нығаю алмай, кері эмо-
циялық әсер өшеді. Кері эмоциялық әсерге жауап қайтармау- 
ға мүмкіндік беретін негізгі амалдар келесілер болуы мүм- 
кін:
− жауап қайтаруға асықпа, кідір; 
− өзіңе шеттен қара; 
− басқа бір затқа назарыңды аудар; 
− қарсы пікір білдірушіге шынайы өкініш білдір; 
− өз назарыңды басқа объектілерге саналы аударт, есту се-
зімдеріне емес, көру жән сезіммен қабылданатын объектілерге 
зейініңді шоғырландыр. 
4. Қарсы пікір білдірушіден наразылығын байсалды негіз-
деуін талап ет. Бірақ эмоцияны емес, айғақтар мен объективті 
дәлелдерді ескеретіндігіңді айт. Мұнда негізгі амалдар: 


284 
− әртүрлі ашық сұрақтарды пайдалан. Мысалы, былай сұра: 
«Сіздің айтып жатқаныңыз айғақ па, әлде пікірлер, болжамдар 
ма?»; 
− айтылып жатқан наразылықтардың санын азайтy. Мыса-
лы: «Сіздің дауларыңыз маған жұмысты жақсартуға мүмкіндік 
береді, сондықтан ең маңыздысын және бірінші дәрежелісін 
ажыратып көрсетіңіз»; 
− бұл наразылықтарды қарсы пікір білдіруші қалайтын нақ-
ты соңғы нәтижеге ауыстыр; 
− қарсы пікір білдірушіден кеңес сұра, оның наразылығын 
тудырған нәрсені ол қалай шешетіндігін сұра. Бірақ мұнда ақ-
талма, басқаларды айыптама, жағдайларға жүгінбе; 
− қатынасты позитивті күйде аяқта, мысалы, қарсы пікір 
білдірушіге оған өз қызметінің сыни көзқарасын көрсеткендігін 
айтып, ризашылық білдір. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет