Н. С. Алпысбаева


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата30.04.2024
өлшемі1.2 Mb.
#500169
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Хабаршы №1, 2024-449-463 (1) (1)

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№1 (131), 2024
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
455 
- тақырып (мәтіннің аты), тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжау
- тыңдаған мәтін бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу; 
- тыңдаған мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру; 
- тыңдалған материалға өз пікірін білдіру; 
- оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру; 
- берілген тірек сөздерді қолданып ауызша әңгіме құрау.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы 
бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп 
алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі 
болып табылады. 
Осыған байланысты қолданылған тапсырмалардың үлгілері берілген: 
Бөлім:
Тыңдалым және айтылым 
Бөлімше:
1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау 
Оқу мақсаты
2.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен тірек
сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
Бағалау критерийі 
Білім алушы 
Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің
мазмұнын болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма. Суретті пайдаланып, берілген тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің 
не туралы болатынына болжау жаса. Шағын мәтін құрастырып айт.
Тақырып: Денің сау болу үшін...
Тірек сөздер: тазалық сақтау, спортпен шұғылдану, денсаулықты жақсартады, пайдалы, 
дұрыс тамақтану, дұрыс отыру, қимыл, күн тәртібін сақтау. 
Дескриптор Білім алушы 
- тірек сөздер мен суретті орынды пайдаланады
- мәтіннің мазмұнын тұспалдап айтады; 
- ойын тиянақты, жүйелі жеткізеді; 
- ұсынылған тақырып бойынша өзара байланысқан, жүйелі
мәтін құрастырады (1-сурет). 
1-сурет – Денің сау болу үшін... тақырыбы бойынша мәтін құрастыруға берілген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет