Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет115/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   193
істей аламыз? 
Сөйлеу арқылы əсер етудің білімді жасы-
рын түрде берілу эффектілерін қолданатын 
механизмдері бар. Бір қиыны – ескі білім «өзге-
рістерге» қарсыласуында. Моделдің кез келген 
модификациясы интеллектуалды қордың шығы-
нын талап етеді. Егер жаңа білім ескі білімге 
қарсыласса, адам санасында «когнитивті дис-
снонанс» орын алады. Адам бұл мəселені шешу 
үшін ең бірінші орында стереотиптерді қол-
дануға тырысады.
Бұл – əлемнің когнитивті тұрақтылығы заңы: 
өзгеріс тек ескі білім мəселені шешуге шамасы 
жетпеген жағдайда ғана орын алады. 
Яғни, аргументацияның негізгі функциясы 
(мейлі ол тікелей болсын, не жасырыны бол-
сын) жаңа білімді адресаттың əлем бейнесіне 
енгізу болып табылады. Сонымен қатар бұл 
үрдіс ол үшін ешбір ауырлықсыз жəне табиғи 
түрде өтуі қажет.
Пропаганда, жарнама, PR теориясы мен прак-
тикасында жаңа мəліметті енгізудің имплицитті 
əдістері баяғыдан қолданылады. Айтылған сөз-
дің жасырын компоненттері, алғышарттары 
мен салдары арқылы берілетін мəлімет ашық 
түрде берілген мəліметтен əлдеқайда жақсырақ 
меңгеріледі. [2, 54] 
Сонымен қатар, пресуппозиция деп атала-
тын сөйлемнің логикалық алғышарттары бар.
Кез келген адресат оларды ойлау заңдылық-
тарына сəйкес анықтайды. Мысал: L’Oreal – 
“Because You’re Worth It” – өте күшті пресуп-
позициясы бар слоган. Яғни, жолданымды қа-
былдаушы өзінің де əйгілі өнер жұлдыздары 
секілді терінің қорғауына лайық екенін, дəл осы 
косметика оған сондай м.мкіндік беретінін рас 
деп түсінеді.
Имплицитті мəліметті анықтау белгілі бір 
ой еңбегін қажет етеді. Өз ой белсенділігі ар-
қылы алынған білім оңайырақ «жекешеленді-
ріледі». Осылайша, интеллектуалды күш шы-
ғыны жаңа білімнің жеңіл меңгерілуіне алғы-
шарт жасайды. Бұл мəлімет субъективті түрде 
жақынырақ болады. Бұл когнитивті механизм 
əсер ету мақсатында көптеп қолданылып ке-
леді: Мəлімет жолдаушы адресатты (адресат-
тың пікірінше) өз бетінше, ешбір қысымсыз ой 
еңбегін жасап, керекті қорытындыға келуіне 
жағдай жасайды.
Сондай-ақ, жасырын мəліметті шығарып 
алу адресаттың интеллектуалды жағынан өзін-
өзі жоғары бағалауын да қамтамасыз ететін 
қасиеті де жоқ емес. Адресат не меңзеліп тұр-
ғандығын түсінгеніне, мəлімет жолдаушы екеуі 
бір тілде сөйлегендігіне риза болады.
Бұл мəліметті имплицитті түрде енгізу меха-
низмі əсер ету тиімділігін жоғарылату мақса-
тында түрлі аргументацияларда қолданылады. 
Не себептен? 
1. Адресат имплицитті мəліметті сана-сезі-
мімен ұғынбайды, сол себептен критикалық тұр-
ғыдан бағаланбайды. 
2. Жасырын мəліметті шығарып алу үрдісі 
сөйлеушінің санасында орын алады, сондықтан 
А. Б. Байдуллаева 


139
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
алынған əсер «сырттан» келген болып қабыл-
данбайды. 
3. Хабарлама авторы мəліметті имплицитті 
түрде жолдағаны үшін жауапкершілікті өте сирек 
алады, сол себептен оны қандай да бір заңды 
бұзды деп жауапқа тарту өте қиын. [3] 
Жарнама слоганындағы семантикалық пре-
суппозициялар 
Сөздер мен сөйлемдердің мəнерлері айту-
шы көбіне сезіне бермейтін, бірақ қосымша 
зерттеу (мəселен лингвистикалық) арқылы оңай 
анықталатын мағыналық компоненттері болады. 
Пресуппозицияның бұл түрінің ерекшелігі 
сол, ол айтылған сөздің шынайы болуын, сон-
дай-ақ жалған болуын да мүмкін екендігін көр-
сетеді. Осылайша, слоган шынайы да, жалған 
да болуы мүмкін. 
Сұраулы құрылымдар 
Аргумент слоганнан адресат тезисті анық-
тай алатын сұрақ (көбінесе риторикалық сұрақ) 
күйінде енгізіледі.
Мысал: Где мякоть? Пико шырындары. 
Имплицитті логикалық байланыс 
Аргументация хабарлаушының өзінің ой-
пікірін адресатқа тықпалап, оның өз логикалық 
қорытындысы ретінде көрсетіледі, яғни «Өзіңіз 
біліңіз» деген принцип бойынша. Адресат айту-
шының пайымдау барысын байқап отыруына 
тура келеді, жəне осы арқылы өзінің оның логи-
касына қатысы бар екендігін сезіп отырады. 
Мəселен, Если ни цена, ни лишние калории не 
смущают, выбирайте традиционное сливочное 
масло.
Абсурд логикасы 
Аргументация оппоненттің логикасын аб-
сурд дəрежесіне жеткізуарқылы іске асады. 
Мұндағы оппонент шынайы өмірде бар болуы 
да мүмкін, сондай-ақ, жалған оппонент те болуы 
мүмкін. Бұл техника ток-шоуларда көптеп қол-
данылады.
Жасырын тезисті жоққа шығару 
Аргументация адресат өзі айқындап алуы 
тиіс пресуппозицияны жоққа шығару ретінде де 
келтіріле алады. [4, 226]. Мысалға, The Earth 
rounds around the Sun. Proved Galileo. Sterling 
home technology exists. Proved by Zanussi.
Прагматикалық пресуппозициялар 
Жасырын аргумент ретінде хабарлаушыға 
да, адресатқа да белгілі прецедентті құбылыс-
тар, ұғымдар мен түсініктер қолданыла алады. 
Бір сөзбен айтқанда, екеуінің əлемдік бейнелері 
ортақ болуы тиіс, əйтпесе коммуниканттар бірін 
бірі мүлдем түсінісе алмайды.
Мысал Renault. Drive the change.
Коммуникативті импликатуралар 
Адресат үшін маңызды, бірақ вербальдан-
баған мəлімет ретінде сөйлесудің принциптері 
мен постулаттары, коммуникацияның барлық 
ережелері қолданыла береді. Олар прагматика-
лық зерттеулерде, дəлірек айтқанда, қарым-
қатынастың принциптері мен максималары 
негізінде талқыланады. [5, 45] Бұл еңбектерде 
сөйлесудің жалпы заңдылықтары егжей-тегжейлі 
сипатталған. Оның ішінде əдептілік принцип-
тері мен кооперациялары туралы жақсы баян-
далған. Бұл принциптердің мазмұнын ең ал-
ғашқы болып П. Грайс зерттеді.
П. Грайстың концепциясында негізгі болып 
Кооперация принципі табылады. Ол принцип 
коммуниканттардың əрқайсысы əңгіменің дəл 
осы сатысына сəйкес өз үлестерін қосуына негіз-
деледі. Яғни, əңгімелесушілер бірлікке ұмты-
лулары қажет. Кооперация принципі дискурс-
тың нормативтілігін анықтайтын ережелер мен 
максималар арқылы іске асады. Принциптерді 
максималар деп атау себебі – олардың жалпы 
ережелер мен нұсқаулар ретінде қалыптасуы: 
осындай жағдайда өз-өзіңді осылай ұста. Грайс 
еңбегінде сөйлесудің (4 түрі – сан максимасы, 
сапа максимасы, қарым-қатынас максимасы жəне 
сын-қимыл максимасы) жəне «конверсационды 
емес» максималарын (қоғамдық арақатынастың 
фондық ережелері (мəселен, «Сыпайы бол») 
ажыратады. [6, 68-70] 
Сол максималарды сақтау немесе сақтамау 
адресаттың алынған хабарламаны дұрыс интер-
претациялауына тікелей əсер етеді. Осылайша, 
анасының: «Саған кім телефон шалды ?» деген 
сұрағына қызы: «Бір адам» деп жауап берсе
қызы сан максимасы мен сапа максимасын сақ-
тамайды. Оның біріншісі кооперативті қарым-
қатынас үшін қанша мəлімет қажет болса сон-
шасын талап етсе, екіншісі айқындықты талап 
етеді. Қызының жауабынан анасы оның теле-
фон шалған адам туралы мəліметпен бөліс- 
кісі келмейтіні туралы қорытынды жасай 
алады.
Коммуникативті импликатуралар диалогтың 
жалғасын (инициативасын, кезегін) анықтай-
тын қатарына əңгімелесушілер тіпті талқыла-
майтын конвенциялар, статустық-рөлдік жəне 
этикеттік шарттылықтар, сөйлесу актілерінің 
белгілі бір жағдайда орындылығы т.б. Сондай-
ақ, əркім өзінің «коммуникант кодексін» сақ-
тауға құқылы, ал ол, əдетте, талқыға салын-
байды. 
Жарнама слогандарындағы имплицитті жəне эксплицитті мəліметтерді енгізу əдістері 


140
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет