198
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 1(147). 2014
кітабі əлемнің 20 тіліне (оның ішінде соқыр
адамдарға арналған Брайль əрпіде бар) ау-
дарылған. Ол бірнеше беделді сыйлықтардың
иегері, алайда оның негізгі марапаты кіш-
кентай жəне үлкен оқырмандарының сүйіспен-
шілігіне бөленуі. Ізгілік пен қайырымдылық
туралы ойлар, бишаралық жəне қажетсіз зор-
лық-зомбылық, артық
өзін дəріптеушілік
үшін
жазалану т.б. Сьюз кітаптарында əрқашан кез-
деседі. Оның досы американдық телеэкран
жұлдызы Боб Кишан көрсеткендей: «Доктор
Сьюз əрқашан тек балаларға ғана емес, үл-
кендер үшін де дүниедегі ең маңызды нəр-
селер туралы айтуға ұмтылған».
Балалар кітаптарының маңызды бөлігі
олардың иллюстрациялары,
американың көп-
теген ақын-жазушылары өз кітаптарын көр-
кемдендіреді, Сьюзда солардың ішінде, жəне
өз туындыларын өзі безендірген. Мəліметтерге
сүйенсек мектепке дейінгі балалар кітаптары-
ның 75% иллюстрациядан тұруы керек екен,
Льюис Кэролл қахарманы Алиса айтқандай:
«Егер кітапта суреттер де , əңгіме де болмаса,
оның қажеті не?». Сол себепті, Сьюз өз иллюс-
трациялары есесінен жетістікке бірден, бір-
неше деңгейде дейін жеткен, яғни қағаздағы
иллюстрация адресатқа бірнеше дəрежеде көп
əсерін тигізеді ол арқылы жеке тұлға, топ,
қоғам арасындағы қарым-қатынастың өзекті
мəселелерін жəне ондағы альтруизмдің ролін
əшкерелейді.[8, 373] Сьюз кітаптарының же-
тістігі
оның моралында емес, өз оқырманын
əрбір шығарма жолын оқуда қызығушықпен
ұстауында.
Шынымен де Гейзелдің соншалықты та-
нымал балалар ақыны болуының тағы бір дə-
лелі, оның сөздерінің нақыл сөздерге айна-
луында жəне американдықтар үшін ғана емес
көбіміз үшін аса зор маңыз, мазмұнға ие екен-
дігін атап өту керек. Мысалы: «
Sometimes the
questions are complicated and the answers are
simple.» «Кейде сұрақтар өте күрделі, алайда
олардың жауаптары өте жеңіл», «Don't cry
because it's over, smile because it happened.»,
«Осы нəрсе аяқталды деп жылама, оның бол-
ғанына қуан».
Қорытылай келсек, көптеген сыншылар
Доктор Сьюз
кітаптарын көңіл жадырататын,
білім беретін болуымен бірге өте қызықты,
тартымды екенін жəне балалардың көптеген
сұрақтарына жауап берумен қатар негізгі құн-
дылықтар мен артықшылықтарды қалыптас-
тырып, олардық сөздік қорын арттырады.
Доктор Сьюз кітаптары оқырмандарын жақсы-
лыққа жəне түсінушілікке, өзара көмекке, дос-
тыққа жəне дүниенің əсемділігі мен əрбір
адамның табысқа, қызықты оқиғалар мен жаңа
ашылымдарға əуестілігін көрсетеді. Сондай ақ
оның кітаптары балалардың коммуникативті
дағдыларын (сөздік қорын көбейту, сөйлеуін
жетілдіру) жəне көп оқу, көп ақпарат жинау,
жаңа білім зердесін (балалар өздеріне ұнаған
өлеңдерін ұйқас себебінен бірден жаттап алады)
арттырады.
Ең негізгісі, балалардың зейінін (оқиға же-
лісі бойынша олар əрбір майда-шүйде жайтты
назардан тыс қалдырмайды, сыртқы қоздыр-
ғыштар себебінен алаң етуден құтылады),
елестету мен қиялдау дағдыларын (оған тек
оқиға желісі
емес сонымен қатар кітап ил-
люстрациялар өз септігін тигізеді), шығарма-
шылық дағдыларын (балалар өздеріне ұнаған
кітаптардың соңын ойдан шығарады, өз ойла-
рын суреттерде немесе аппликация, пластилин
көмегімен безендіреді) жəне аналитикалық дағ-
дыларын (балалар кітапта берілген жағдаят-
тарға талдау жасайды жəне қорытынды жасау-
мен бірге не себепті осындай жағдайға тап
болғанын, тығырықтан қалай шығу керектігін)
арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: