Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет163/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   193
    Бұл бет үшін навигация:
  • Key words
Ключевые слова: компетенция, компетентность, умение, специалист-филолог, коммуникативная компе-
тентность специалиста-филолога.
N. Omirserikova 
Formation of the communicative competence of future teachers philologist 
In this article discusses the ways of formation of communicative competence of future teachers philologist, and 
describes their qualitative indicators and levels of formation. 
Article scientifically analyzed and disclosed the essential characteristics of the concepts: competence, competence 
and skill. However, describes the applicability of these terms in the education system. 
Analyzing types of competencies, in particular, we consider the communicative competence and ways of its 
formation. 
Филолог-маманның қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары 


191
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
Considering the need to systematize the conditions of formation of communicative competence of the future expert 
philologist, propose ways to implement them. 
Teacher before, to form the students communicative competence should improve their communicative competence.
 
Communicative competence is manifested in the course of its implementation in the process of working with 
colleagues, uchaschiemisya, school community, parents and teachers, which are indicators: Maturity of scientific 
knowledge about communicative competence, application of this knowledge in practice, Maturity of their attitude 
towards their activities, the ability to communicate in a joint activities with people in the work, and mutual 
understanding, pedagogical tact and communication style. 
Key words: competence, competence, ability, professional philologist, communicative competence expert 
philologist. 
______________________________
1960-1970 жылдары батыста, 1980 жылдар-
дың аяғынан бастап Ресейде «компетентность» 
жəне «компетенция» терминдері білім беру 
жүйесінде қолданыла бастағаны белгілі. Қазіргі 
таңда «құзіреттілік», «құзірет» терминдері қа-
зақ тілін оқыту əдістемесіне де дендеп енді.
Бұл терминдермен қоса «біліктілік», «кəсіби 
шеберлік», «педагогикалық мəдениет» ұғым-
дары да қатар қолданылып келеді. 
Жалпы Еуропа кеңесі бес құзіреттілікті 
түйінді құзіреттіліктер деп есептейді: 
 Саяси жəне əлеуметтік құзіреттілік. Құзі-
реттіліктің бұл түрі демократиялық интитуттар-
дың дамуына үлес қосуы, əр түрлі жағдаяттар-
ды бейбіт түрде шеше алуы, өзіне жауапкерші-
лік алуы, бірігіп жұмыс істей білуі тəрізді жұ-
мыстар арқылы көрінеді. 
 Мəдениаралық құзіреттілік көп мəде-
ниетті қоғамда өмір сүре алуы, рассизмге жол 
бермеуі, басқа ұлттың мəдениетін, салт-дəстү-
рін, дінін құрметтей алуы сияқты қабілеттері-
нен байқалады. 
 Ауызша жəне жазбаша тілдік қарым-қа-
тынасты меңгеру құзіреттілігі
бірнеше тілді игеруі арқылы көрініс табады. 
 Қоғамдағы ақпаратпен байланысты құзі-
реттілік. Бұл құзіреттілік жаңа технология-
ларды игеруі, оларды түсініп, қолдануы, түрлі 
ақпараттарға сыни көзқараспен қарауы арқылы 
қалыптасады.
 Жеке жəне қоғамдық өмірде өзінің кəсіби 
жоспарын іске асыру мақсатында үздіксіз із-
дену мен оқуға деген қызығушылықтарды қам-
титын құзіреттілік.
Д.И.Ушаковтың түсіндірме сөздігінде «құ-
зірет» ақпаратты білуі, беделді болуы, «құзі-
реттілік» тұлғаның өзінің беделі, танымы, тə-
жірибесі т.б. арқылы меңгерген сұрақтар жиын-
тығы деген анықтама берілген [1]. 
Кей ғалымдар құзіретті белгілі бір салада 
туындаған мəселені шешуге қажетті білім мен 
дағды, ойлау жəне түсінудің жиынтығы деп 
есептейді [2].
Енді бір топ ғалымдар тұлғаның жеке са-
пасы, жұмысында қабілеті мен іскерлігін прак-
тикалық тұрғыда қолдана білуі, ұйымдастыру-
шылық қабілетінің болуы деп санайды.
Көптеген зерттеушілер құзіретті білімді 
меңгеріп қана қоймай, алған білімін кез келген 
жағдаятта ұтымды қолдана білу қабілеттілігі 
деп қарастырады. Құзіреттің белгілерін таны-
татын төмендегідей деңгейлерді көрсетеді:
 
білім мен қабілетті меңгеру деңгейі;
 
білім мен қабелеттің диапазоны мен кең-
дігі; 
 
арнайы тапсырмаларды орындау қабілеті; 
 
жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыра 
алу қабілеті; 
 
таныс емес жағдаяттарда алған білімі мен 
қабілетін дұрыс қолдана алуы.
Г.М.Коджаспирова «педагог құзіретті мұға-
лім болу үшін арнайы педагогикалық қабілет-
терге ие болуы тиіс» деп есептейді [3]. 
Р.С.Рахметова «құзырет студенттің білуі қа-
жет нəрсе болса, құзыреттілік осы нəрсені жақ-
сы істеуі, өзін-өзі танытуы, білімі, білігі, өзін-
өзі бағалауы т.б. мəселелерді қамтиды» деп 
екеуінің ара жігін ашып көрсетеді [4]. 
Қазіргі білім беру саласында құзірет, құзі-
реттілік, біліктілік терминдері қатар қолданы-
лып жүр. Бүгінгі күні стандарттар мен оқу бағ-
дарламаларында түйінді құзіреттіліктің төрт 
түрі (ақпараттық, танымдық, қатысымдық, проб-
лемалардың шешімін табу) нақты көрсетілуде. 
Оқушы немесе студенттің білімі құзіреттілік 
тұрғысынан бағамдала бастады. Олардың құзі-
реттілігін қалыптастыруға айрықша мəн берілуде.
Филолог-маманның құзіреттілігін жетіл-
діру бір күннің жұмысы емес. Құзіреттілік өмір 
бойы қалыптасады десек артық айтқандық емес.
Ф.Ш. Оразбаева мен Р.С. Рахметова құзі-
реттіліктің үнемі жетілу үстінде болатынын 
айтады: «Адамдардың қатысымдық құзірет-
тілігі бəрінде бірдей болмайды. Ана тілінде 
сөйлейтін адамдардың өзінде де қатысымдық 
құзіреттілік бір деңгейде кездеспейді. Ол əр 
Н. Өмірсерікова 


192
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
адамның қабілетіне, қоршаған ортасына байла-
нысты өзгеріп отырады. Адам жас кезінде қара-
пайым құзіреттіліктен бастап, өзінің даму ба-
рысында аралық құзіреттіліктен өтеді. Ересек 
болғанда оның бірқалыпты тілдік қатысымдық 
құзіреттілігі қалыптасады, алайда ол əр адам-
ның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты 
болады» [5]. 
А. Жапбаров қатысымдық біліктіліктің тө-
мендегідей ұғымдар негізінде жүзеге асатынын 
дəлелдейді: 
1) тіл жəне оның теориялық жағынан нақты 
білімінің болуы (халықтық норма жүйесінде); 
тілдік құралдарды қарым-қатынастық шарты, 
жағдайы, міндеттері мен мақсатына байла-
нысты қолдана алу əрекет шеберлігінің жетілуі; 
2) тіл мəдениетін сақтап, əлеуметтік мінез-
құлық нормалары, ұлттық ерекшеліктері негі-
зінде сөйлеуді ұйымдастыра білу икемділігінің 
қалыптасуы [6]. 
Қатысымдық құзіреттілік топпен, ұжыммен
жұмыс істеуді бағалау, адамдардың бір-біріне 
деген сенімділігі, бірін-бірі түсінуі, тыңдап, 
сыйлай білуі, қарапайым этикет нормаларын 
сақтауы, өз қателігін түсінуі, басқа адамдармен 
жұмыс істей білуі тəрізді қабілеттерді қамтиды. 
Ф.Ш. Оразбаева мен Р.С. Рахметова еңбек-
терінде «қатысымдық құзіреттілікті қалыптас-
тыру үшін сабақ үрдісінде орындалатын жұ-
мыстар қатысымдық тұрғыдан жүргізілуі қа-
жет» деп санайды да, оның төмендегідей жұ-
мыстардан көрінетінін санамалап көрсетеді: 
Оқушының ұйымдастырушылық қабілеті 
оның: 
 топ мүшелерін басқара білуінен; 
 тапсырманы орындауда ұжымды жəне 
өзінің іс-əрекетін ұйымдастыра алу іскерлігі-
нен; 
 тапсырманы орындауға қажетті мəлімет-
терді тиімді жинап, бағыттай алуынан; 
 əңгімені мақсатты түрде жүргізуінен; 
 топты құра білу жəне олармен жұмыс жа-
сауынан;
 ынтымақтастық ахуалды ұстай білуінен; 
 топ мүшелерімен достық қарым-қатына-
сынан;
 топ мүшелерінің жағымсыз мінез-құлық-
тарын түзетуінен;
 мəселені шешу мақсатында тиімді талдау 
жəне келіссөз жүргізуінен; 
 сөз сөйлеуді ұйымдастыруынан көрінеді.
Қатысымдық іскерлік ќабілеті: 
өз пікірін, құқығын қарым-қатынасты 
бұзбай қорғауынан; 
 жаңа идея жəне жоспар арқылы іс-əре-
кетке ынталандыра білуінен;
 дұрыс сұрақтар қоя білу жəне əңгімеле-
сушінің эмоционалды жəне ақпараттық дең-
гейін анықтауынан;
 екіжақты коммуникация бағытын құра 
білуінен;
 өзге адамдарды дұрыс сынай білу жəне 
қолдауынан;
 келіссөз жүргізе білу іскерлігінен;
 Аудиторияның қызығушылығын анық-
тай алуынан;
 тыңдаушыны сендіре білу жəне шешен-
дік дағдыларға ие болуынан; 
 қиын сұрақтарға дəлелді түрде жауап бе-
ріп, келіспеушілікті жеңе алуынан;
 пікірталасты мəдени түрде жүргізе білуі-
нен;
 талдай алу, ұсыну, жүргізе білу іскер-
лігінен;
 «қиын» топ мүшесімен қарым-қатынас 
кезінде əңгімелесуді ұтымды жүргізуінен;
 тыңдаушымен жағымды қарым-қатынас 
орнатып, кеңес бере білуінен байқалады.
Яғни филолог-маманның қатысымдық құзі-
реттілігін қалыптастыру үшін жұмыстарды 
ұтымды түрде жүйелеп алу қажет. Кредиттік 
оқу жүйесі студенттің өз бетімен ізденуіне көп 
мүмкіндік тудырады. Оқытушы сабақ үрдісінде 
қатысымдық құзіреттілікті жетілдіру үшін 
көптеген жұмыстар атқаруы тиіс. Студентке 
дəріс, семинар сабақтары мен СӨЖ, СОӨЖ 
тапсырмаларын орындату барысында олардың 
өзіндік пікірлерін тыңдауға көбірек мəн бергені 
жөн. Сол сияқты топтық, ұжымдық тапсырма-
ларды да жиі пайдаланған дұрыс. Мысалы, дə-
ріс сабақтарында дəріс мəтінінің кейбір көкей-
тесті тұстарын топтық жұмыс ретінде ұсыну, 
олардың қатысымдық құзіреттілігін жетілді-
руге ықпал етеді. Студенттер дəріс мəтініндегі 
ең керекті, мазмұнды тұстарын тауып, топ ішін-
де талқылайды. Содан кейін өз тұжырымдарын 
жеткізуге тырысады. Бұл олардың топпен жұ-
мыс істеу қабілетін, ұйымдастырушылығын, 
басқалардың пікірімен санасуын қажет етеді. 
Нəтижесінде олар өз пікірлерін айтуға жатты-
ғады. Дəрісті жай тыңдап отырғаннан гөрі өзін-
дік тұжырым шығаруға дағдыланады.
Əдіскерлер оқытушы студенттің бойына 
қатысымдық құзіреттілікті қалыптастырмастан 
бұрын өзі қатысымдық құзіреттілігін жетілдіруі 
қажет деп есептейді. Қатысымдық құзіреттілік 
Филолог-маманның қатысымдық құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары 


193
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
үш негізгі ойдан, тұжырымнан тұрады: оқы-
тушы осы мəселе төңірегінде не біледі; оқыту-
шы өз білімін практикада қалай қолданады; 
оқытушы өз қызметіне қалай қарайды. Осы үш 
тұжырым оқытушы ата-ана, мектеп, оқушы, 
əріптестерімен жұмыс істегенде қалай жүзеге 
асады сол арқылы көрінеді. Сонымен қатар 
оқытушының басқа адамдармен бірлесіп жұ-
мыс жасаудағы қарым-қатынасы, өзара түсінуі 
мен оған көмектесуі, педагогикалық тактісі мен 
стилі арқылы да байқалады.
Оқытушы педагогикалық іс-əрекетті жүзеге 
асыру үшін əр оқушының атқаратын жұмысына 
деген қызығушылығын тудыра алуы қажет. 
Себебі қызығушылық тудыра алу жұмыс нəти-
жесінің сапалы болуына тікелей əсер етеді. 
Оқушының қызығушылығын тудыру үшін оқы-
тушы ол оқушының деңгейін жақсы білуі шарт. 
Ол үшін оқытушы өзінің қатысымдық құзірет-
тілігін жетілдіруі керек.
Оқытушы оқушыға ескерту жасау кезінде
оны ренжітпейтіндей, бірақ сонымен қатар 
оның сабаққа деген ынтасын арттыратындай 
ескерту жасауға үйренгені дұрыс. Психологтар 
оқушыға ең алдымен «саған берілген уақыт тез 
өтіп жатыр, ол енді бітейін деп қалды. Мен қат-
ты қобалжып тұрмын, сенің жұмысыңды тек-
серіп үлгере алмай қаламын ба деп» деген 
тəрізді ескертулер жасаған дұрыс деп санайды.
Топтағы келіспеушілікті жою үшін, əр жаңа
топтағы сабақты бастамас бұрын, олармен келі-
сімшарт жасау пайдалы болады. Оқытушы өз 
сабағында студент орындауы тиіс жұмыстар 
мен бағалау нормаларын плакатқа жазып қоя-
ды. Студенттер оқып, келісетін болса, қол қоя-
ды. Кредиттік оқу жүйесінде бұл жұмыстар 
силлабуста қамтылады. Силлабуспен танысқан 
студент келіскен жағдайда қол қояды. Бұл қа-
зіргі таңда көптеген жоо-да қолданылып жүр-
ген тəсіл. Аталған тəсіл оқытушы мен студент 
арасындағы өзара жұмысты сапалы əрі нəти-
желі атқаруға жағдай тудырады. Оқытушы са-
бақ үрдсіне қойылатын талаптар мен атқары-
латын жұмыстарды бірінші сабақта талдап
алады. Кейбір кездерде студенттер тарапынан 
жасалған ұсыныстарды да қабылдау қажет. Се-
бебі бұл жағдаят студенттің оқытушыға деген 
құрметін арттырады. Оның пікірімен де санаса-
тыны студенттің өзіне деген сенімін күшейтеді.
Семинар сабақтарында ойталқы, ойбөліс 
ұйымдастыру маманның қатысымдық құзірет-
тілігін жетілдіруге ықпал етеді. Бірақ оқытушы 
атқаратын жұмысты нақты беруі қажет. Мы-
салы:
 проблеманы анықтаймыз;
 оны шешудің бірнеше жолдарын ұсы-
намыз;
 əрбір шешімнің нəтижесі мен оған жету-
дің жолдарын нақты фактілер арқылы береміз;
 ең мықтысын таңдап аламыз;
 оны орындауды іске асырамыз; нəтиже-
сін шығарып, қорытынды жасаймыз.
Əр жұмысты осылай жүйелі орындау олар-
дың іскерлік дағдыларын жетілдіруге септігін 
тигізеді. Студент əр жұмысты іске асырудың 
жолдарын жоспарлап үйренеді.
Қорыта келгенде, филолог-маманның қаты-
сымдық құзіреттілігін жетілдіру екі жақты бай-
ланыс арқылы іске асады. Оқытушы мен сту-
дент арасындағы өзара түсінушілік, бірлесіп 
жұмыс жасауға деген ынта құзіреттілікті қа-
лыптастыруға тікелей ықпал етеді. Ғалымдар-
дың пікірімен түйіндесек, «оқушының дара 
тұлға ретінде кез келген жағдаятта, кез келген 
тақырыпта өз ойын еркін, жүйелі жеткізіп, бір 
ойдан екінші ойға бірден көшіп, кез келген 
адаммен еркін, ортақ тіл табыса алса, оның 
қатысымдық құзіреттілігінің деңгейі байқа-
лады. Құзіреттілік – белгілі бір саладағы іс-
əрекетке қатысты жинақталған білім, білік, 
дағдысы, тəжірибесі болса, коммуникация – 
қарым- қатынас, өзара пікірлесу, сөйлесу, ұғы-
нысу дегенді білдіреді. Демек, қатысымдық құ-
зіреттілік – бұл өзара байланыс, пікірлесу, сөй-
лесуге қатысты коммуниканттардың жинақтал-
ған білім, білік, дағдылармен қарулануы, 
білімдік қатысымды терең меңгеруі» [5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет