Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет29/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   193
Оndin qas tebrasar ogzus bolur «оң қасы тартса, 
жетім қалар», qaujdan kirurda onun asnu man 
«есіктен оң аяғыңмен аттап кір»,

k

 icig ojlan 
jel tartsar bu vu on ajasinta bnrk 

tutsun

«егер 
жас сəбиді қара күш басса, мынау тұмарды оң 
алақанына ұстасын» тəрізді тілдік деректер ай-
ғақтайды. Байырғы түркілер ұғымында on elig- 
«береген қол, құтты қол» дегенді білдіретін 
болса, алатын, бірақ бермейтін қол – кұтсыз 
қол: «alip bermagan el elig qutsuzi». Байырғы 
түркілердің кеңістік туралы мифтік-поэтикалық 
түсінігінде on жоғарғы əлеммен, жұмақпен (ust, 
tanri), sol – төменгі əлеммен, тозақпен (alt, 
tamu) байланыстырылады 
8. Мұндай тілдік 
деректер байырғы түркілік түсініктер жүйесін-
дегі оң/сол оппозициясында семантикалық қа-
рама-қайшылық бар екенін көрсетеді. Қазіргі 
түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ тіліндегі
оң, өң, оңқай, оңалу, өңі кіру, сауығу, жəне сол, 
солу, солғын, солбыр солақай, солақ сөздері 
этимологиялық тұрғыдан көне түркілік оң жəне 
сол ұғымдарымен өзара қатыстылықта қарас-
тырылады
9, 82-83.
Қазақ жұртының таным-түсінігіндегі жа-
ғымды қасиеттердің барлығы оң/сол теріс иерар-
хиялық классификациясының оң сыңарында 
көрініс тауып жататындығын көрсетеді. Мəсе-
лен, оң пейіл таныту, оң көзімен қарады, оң 
қабағын берді, оң қолы болды т.б. 
Адамның тұла бойының «оң» жəне «сол» 
ассимметриялық жіктелісі қазақы дүниенің қара-
байыр-тілдік бейнесінде əртүрлі нысандарды 
горизонтальды жазықтық бағытта салғастыру-
дың негізіне алынып, адамның өмірлік əрекеті-
нің сан алуан саласында (діни түсініктер жүйе-
сі, салт-дəстүр, əдет-ғұрып, этикет, тұрмыс, 
т.б.) бағалауыштық, межелік, болжамдық т.б. 
өлшем қызметінде жұмсалады. Мысалы, оң мен 
солын ажырату (адамның оң жағында орна-
ласқан нысандарды сол жақтағы заттармен, 
нысандармен салғастыру) - «адамның кəме-
летке толып, жақсы мен жаманды айыратын 
кезге келуінің, ержетуінің» белгісіне алынатын 
болса, желі оңынан соқты, самалы оңынан 
тұрды (табиғат құбылысы мен адам əрекеті) – 
«адамның жақсы, игілікті ісінің жүзеге асуы-
ның» өлшеміне, оң жақтың қызығын көру
(киіз үйдің отбасы мүшелерінің əлеуметтік 
рөліне қарай ішкі бөлінісі мен үйлену салты) – 
«күйеу жігіт ұрын келіп кеткен, бірақ ұзатыла 
қоймаған қыздың əке үйіндегі бас бостанды-
ғының» бодауына алынады. Қазақтың дəстүрлі 
мəдениетінде оң жаққа салу (киіз үйдің отба-
сы мүшелерінің əлеуметтік рөліне қарай ішкі 
бөлінісі мен жерлеу рəсімі) – қайтыс болған 
адамды жерлеу алдындағы рəсімдердің бірі 
болатын болса, оң аяғымен аттап кіру (қыз 
жəне бөтен отбасы) – атаның құтты қара 
шаңырағына жасаған жаңа түскен жас келіннің 
алғашқы қадамы (ырым).
Сондай-ақ оң сөзі ақ 
сөзімен де мағыналас қолданылады. Мəселен, 
оң батасын беру – ақ батасын беру, оң ниетті 
адам – ақ ниетті адам т.б. ретінде қолданылса, 
жалпы оң сөзімен қолданылатын соматикалық 
тіркестер жақсы нышанды, ақ тілеуді, істің 
сəтті болып алға басуын білдіреді. Мысалы, оң 
жағына қондырды «панасына, қамқорына алды», 
айы оңынан туды «бақыты жанды, жолы ашыл-
ды», оң аяғыңмен тұрған екенсің «ойлап келген 
ісінің сəті түсіп, жолы оңғарылған кісі туралы 
айтылады», оң жол «дұрыс бағыт», оң көзі, оң 
қолы «сенімді, көмекші адамы» т.б.
Адам дене мүшелерінің жоғарыдан төменге 
қарай орналасуы дүниенің қарабайыр бейнесі-
нің фразеологиялық фрагментінде заттар мен 
құбылыстардың, қимыл-қозғалыстың жоғары/ 
төмен осьтік өзіндік құрылымын айқындайды: 
басы жерге жеткенше иілу (ерекше құрмет 
көрсетті), төбесі көкке жеткендей болу (қатты 
қуану), екі көзі тас төбесіне шығу (үрейлену), 
табан асты қылу (жарамсыз, керексіз ету) т.б. 
Мұнда əр дене мүшесінің жоғары/төмен би-
нарлық оппозициялық жүйедегі өз орнынан 
ауытқуына, белгілі бір бағыт бойынша жаса-
луға тиісті қимыл-қозғалысынан тануына негіз-
деліп жасалатын образдар соматикалық фразео-
логизмдердің жалпы мағынасындағы жағымды 
немесе жағымсыз мағыналық коннотацияның 
пайда болуына арқау болып қана қоймайды, 
сонымен қатар адамның қоғамдық-əлеуметтік 
ортадағы өз орнын асыра немесе төмендете 
бағалауын, соған байланысты белгілі бір сəт-
тегі адамның көңіл-күйінің жоғары немесе 
төмен болуын да бейнелейді. Мысалы, мұрнын 
шүйіру, мұрнын көкке көтеру фразеологизм-
дерінің образдық-фондық негізіне алынған 
«мұрынның екі көздің ортасынан ауызға қарай 
бағытталып орналасқан өз бағытын өзгертуге 
əрекет ету» қимылы дүние бейнесінің жо-
ғары/төмен бинарлық оппозициясындағы объек-
тінің орын тəртібін белгілейтін ішкі заңдылық-
қа қайшы келеді. Бұл қайшылық өз кезегінде 
адамның əлеуметтік-қоғамдық орнын асыра 
бағалауымен ассоциацияланып, «басқаны көзге 
ілмеу, біреуді менсінбеу» мағынасындағы фра-
зеологизмдердің жасалуына арқау етілген образ-
ды қалыптастырады.
А. Б. Нұржанова 


31 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
Жоғары/төмен бинарлық оппозициясының
жоғары сыңарына жататын бастың бинарлық 
оппозициядағы өз орнын жоғалтуы, яғни «көк 
əлемінің дүниесі» бастың «төменгі жерлік 
əлемге» қарай бағытталуы адамның ішкі жан 
дүниесіндегі рухани күйреуді, қоғамдық-əлеу-
меттік ортада адам беделінің төмендеуін көр-
сететіні фразеологизмдердің жасалуына арқау 
етіледі. Мысалы: басын салбырату, басы жер-
ге түсті, басын жерден көтере алмады т.б. 
Адам тұла бойының «жоғары əлемдік», «ор-
таңғы əлемдік», «төменгі əлемдік» иерахиялық 
сатылық жүйеге бағындырылған үштік жік-
телісі тілдік жүйеде соматикалық фразеоло-
гизмдердің синонимдік қатарында бой көрсе-
тетін «мотивацияның, образдылықтың дəреже-
ленуі (градация) мен тілдік экспрессияның бір-
тіндеп күшеюіне» əсер етеді 
10. Мысалы: қор-
лық көрсету мағынасындағы басына əңгір таяқ 
ойнатты, кеуде көрсетті, тізесін батырды, 
табанға салып таптады немесе өте кедей 
мағынасындағы маңдайына түк бітпеген, аузы 
аққа жарымаған, аузы асқа, ауы атқа, жары-
маған, қолы қысқа, шыр бітпеген, ыңыршағы 
шыққан, қара сирақ, қара табан т.б соматика-
лық тілдік модельдер арқылы адамдардың қо-
ғамдағы əлеуметтік теңсіздігін бейнелуде экс-
прессивтік-эмотативтік бояу дене мүшелерінің
жоғарыдан төменге қарай орналасу тəртібіне 
сай қоюлана, ал фразеологиялық жалпы мағы-
надағы жағымсыз коннотация үстемелене түседі.
Фундаменталды дуализм жарық пен қараң-
ғылық, ақ пен қара, тақ пен жұп, күн мен түн, 
шығыс пен батыс т.б. қарама-қайшылықтарды 
күллі əлемді табиғаттан тыс, құпия тылсым 
сырлы, бір – біріне қарама-қарсы екі күштің 
басқаруымен түсіндіреді. Ол күштің бірі өсіп- 
өнуден бастау алып, өмір сүруге жетелейтін 
болса, екіншісі жойылып-жоғалумен, тоқырап-
тоқтаумен сипатталып, өлімге апарады. Мұнда 
өмірге қатыстының барлығы жақсылықтың ны-
шанына алынып, адамның жағымды эмоциясын 
тудыруға себеп болып, бір нəрсе, құбылыс, зат 
туралы оң пайым, дұрыс пікір жасауға негіз 
болатын болса, өлімге қатыстының барлығы 
жағымсыз эмоцияны тудырып, теріс пайым жа-
сауға арқау етіледі. Демек, бинарлық оппози-
циялық жіктелістің өзі адамның позитивті не-
месе позитивті емес ойлау əрекетімен тығыз 
байланысып жататын, адамзат қоғамының діни-
мифтік, əлеуметтік-қоғамдық ұғым-түсініктерін 
қарама-қарсылықтар тоғысында, екі жақты си-
паттайтын күрделі жүйе болып саналады.
Қорыта айтқанда, тілдік дүние бейнесінің 
соматикалық фрагментін бинарлық оппозиция 
тұрғысынан қарастыру - тіл жəне адамның ой-
лауы, танымдық əрекеті арасындағы тығыз са-
бақтастықта айрықша рөл атқаратын тілдік 
үнемдеу заңдылығының өзіндік қырын айқын-
дауға зор мүмкіндік береді. Адам организмінің 
физиологиялық ассиметриясын (оң/сол) жəне 
адамның дене тұрқының вертикальды бағыт-
тағы үштік жіктелісін (бас, кеуде, аяқ) жинақ-
талған білім қорының соматикалық коды ретін-
де пайдалана отырып, тіл адам өмір сүретін та-
биғи жəне қоғамдық ортаға, адам жасаған мə-
дени таңбалар жүйесіне қатысты ұғым-түсінік-
терді адамның тəндік базисі негізінде белгілі 
бір топтарға біріктіріп жинақтап ғана қоймай, 
оларды іштей саралап жіктейтіні байқалады. 
Бұл, сайып келгенде, тілдің дүние бейнесін 
сомдауда жəне кескіндеуде метакод жəне дер-
бес код ретінде екі жақты қызмет атқаратын 
табиғи қасиетінен туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет