Н. Ю. Зуева (жауапты хатшы), О. Б. Алтынбекова, Г. Б. Мәдиева



Pdf көрінісі
бет51/193
Дата27.03.2024
өлшемі4.5 Mb.
#496632
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   193
 
____________________________
 
Сопылар мен Сократ ашқан антрополо-
гиялық эстетика Орта Азияның ояну дəуіріне 
дейін ұзақ даму жолынан өтті. Əрбір тарихи 
кезең мен қоғамдық даму сатылары түрлі маз-
мұнға ие болды. Феодалдық формацияның би-
леуші өкілдері мен ислам идеологиясы біреу-
лердің бай болып, екіншілердің жоқшылық күй 
кешуі адам табиғатына негізделеді деп тұжы-
рымдады. Қайта өрлеу дəуірі философиясының, 
ғылымы мен əдебиетінің өкілдері бұл пікірмен
келіспеді жəне əлеуметтік бөлінісіне, ұлтына, 
дініне қарамастан күллі адамзаттың антропо-
логиялық бірлігі идеясын қарсы қойды. Адам-
ның антропологиялық маңызы, оның шығар-
машылық мүмкіндіктерге сенімі Омар Хайям-
ның мына сөзінде анық айтылған: «Біздің мақ-
сатымыз əлемдегі биік шыңмен тең». Жеке тұл-
ғаның адамгершілік қасиеттерін əлемнің тұт-
қасы санаған Саади Ширази ХІІІ ғасырдың
өзінде былай жазған: 
Адамзаттың баласы – біртұтас 
Тозаңнан жаратылған. 
Денеңнің бір бөлігі жараланса да 
Барлық денең қалтырайды. 
Ешуақытта адамзат мұңы үшін қайғыра алмасаң, 
Халқың сені қалай қадір тұтпақ 
Қайта өрлеу дəуірінің антропологиясы, яғни 
адам табиғатынан тамаша нəрсе табуға ұмтылу
Əлидің «Қисса Жүсіп» поэмасында көрініс тап-
қан. Автор ислам схоластикасының теоцен-
тризмінен біржола бас тартпаса да, тарихи 
дамудың негізі «адамда» деп таниды. ХІІ-ХІІІ 
ғасыр басындағы түркілердің қоғамдық өмірін 
жəне сол дəуір адамдарының болмысын көп 
зерттеген Құл Əли адамды «бар нəрсенің өл-
шемі» ретінде түсіндіреді.
Қоршаған ортаның құбылысын, табиғатын 
жəне адам тұрмысын, оның шығармашылық 
мүмкіндіктерін антрополгиялық жүйеде түсін-
діру – романтикалық əдебиеттің негізгі белгісі-
нің бірі. Осымен байланысты Ю.Г. Нигматул-
лина: «Жазушы дүниетанымындағы антропол-
гизм, яғни халық əдебиетінде қандай қалыпта 
көрініс тапса да, адамның мəңгілік болмысынан 
тамаша құбылысты іздеу көбінесе шығармашы-
лықтың романтикалық түрінің негізі болып 
шығады екен», – деп жобалайды [1,152]. Шы-
нымен де, «Қисса Жүсіп» дастанының негізгі 
кейіпкерлерінің – Жақыптың, Жүсіптің, Зыли- 
ханың өзара қарым-қатынасы адам болмы-
сының шынайы, аса өнегелі заңдарының көрі-
нісі ретінде романтикалық антропологизм рухын-
да бейнеленген. Құл Əли Жүсіптің ақыл-пара-
сатын суреттейді, мұнда Зылиханың махаббаты 
нақты өмірге жақын, табиғи. «Қисса Жүсіп» дас-
танының дəл осы тұсы қайта өрлеу дəуірінің 
романтизмі ретінде оның көркемдік əдісіне ай-
налғанын айтуға мүмкіндік береді.
Кейінгі зерттеушілер Құл Əлидің «Қисса 
Жүсіп» дастанының əдеби əдісі туралы əрқан-
дай тоқтамға келіп жүр. «Татар поэзиясының 
антологиясына» Х. У. Усмановтың жазған алғы 
сөзінде: «Құл Əли шығармасы – ортағасырлық 
татар əдебиетіндегі махаббат тақырыбына жазыл-
ған бірінші романтикалық поэма» [2, 202]. «Бұ-
рынғы түрікмен əдебияты» оқулығында «дас-
танның кейбір эпизодтары реалистік қалыпта, 
ал кейбірі романтикалық үлгіде жазылғаны»
айтылады. Ф. Фасеев бұл поэманың көркемдік 
əдісі мен жанрын екі арнада: романтикалық-
психологиялық жəне естелікті-дастандық ба-
ғытта қарастыру мүмкіндігін жоққа шығар-
майды. М.Залялиева «Қисса Жүсіп» дастанын-
да дəріптеу принципі басым деп есептейді.
Ш.Абилов Құл Əлидің «Қисса Жүсібінен» 
бастап, ортағасырлық татар əдебиетінде негізгі 
көркемдік əдіс – жалпыға ортақ шығыс роман-
тизмі болды деген тұжырымға келеді. [3, 18] 
Құл Əли туралы көлемді мақалалардың
авторы əдебиетші Н. Хисамов басқа пікір ұста-
нады. Ол «Қисса Жүсіп» поэмасының əдеби 
əдісін қайта өрлеу дəуірінің романтизмі немесе 
романтизм əдісі ретінде қабылдауға келіспейді 
[4, 178]. Н. Хисамовтың көзқарасы бойынша 
Құл Əли шығармасының əдеби əдісі синкретті: 
əрі реалистік, əрі фантастикалық. Поэмадағы
психологизм элементтері мен кейіпкерлер іс-
əрекетінің суреттемесі реалистік болып есеп-
теледі. Поэманың əдеби əдісін шартты түрде
«символдық» деп атасақ орынды болар еді», - 
дейді ол [4, 200].
Басқа зерттеулерге қарағанда, Н. Хисамов-
тың Əли дастанының əдеби əдісі туралы пікі-
рінде қайшылық көп. Біз академик И. Н. Кон-
радтың концепциясына иек арта отырып, «Қис-
са Жүсіп» дастанының əдісін қайта өрлеу дəуірі 
романтизмі деп білетін ғалымдардың тұжы-
рымдарына қосыламыз. И. Н. Конрад түрлі 
Əлидің романтизмі 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014 


58 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
ұлттық əдебиет үлгілеріне салыстырмалы тал-
дау жасап, Ш. Руставелидің «Жолбарыс терісін 
жамылған батыр» шығармасын Фирдоусидің, 
Низамидің, Навоидің, Ариосто мен Тассоның 
поэмаларымен қатар қарастырып, қайта өрлеу 
дəуірі əдебиетінде ерекше романтикалық жол – 
ренессанс романтизмінің болғанын алға тар-
тады [5, 96].
Қайта өрлеу дəуірі романтизмінің ең үздік 
шығармалары, негізінен, əлем əдебиеті қорына 
зор табыспен енді. Антикалық дəуірден бастап 
бері қарай романтикалық өнер бейнесінің ныса-
ны – кереметтік категориясы еді. Қайта өрлеу 
дəуірінде ол аса жоғары мəнге ие болды. Адами 
жаңаплатоншылыққа негізделген қайта өрлеу 
дəуірі романтизмінің əдебиеті адамдағы сұлу-
лықтың маңызды белгілерімен ерекшеленеді: 
олар адамның ішкі-сыртқы бітіміне, оның мақ-
саттылығына, сезіміне, ақылы мен əрекетінің 
айқындығына иек артады. 
Кемелділіктің жоғары өлшемі деп ақын 
ажары келісті, жан-жақты білімді жəне рақым-
ды адамды айтады. Адам табиғатының биік 
болмысы Жүсіп бейнесінде жинақталған. Оның 
«Көркем Жүсіп» деген аты əлем əдебиетіне 
тегіннен -тегін енген жоқ. Жүсіптің ішкі жан-
дүниесі мен сыртқы келбетінің сұлулығы ре-
нессанс философиясы рухында түсіндіріледі. 
Грек, Шығыс платоншылары үшін нағыз кере-
мет жаратылыс адам болса, Əли үшін де солай.
«Қисса Жүсіп» дастанындағы кереметтік 
категориясын беру формасы əртүрлі. Бұл- 
Жүсіптің ақылы, дене сұлулығы, білімділігі, 
адамгершілік тазалығы, əділеттілігі, сонымен 
бірге оның туысқандары мен мысырлықтарға
жасаған игі істері.
Жүсіптің сыртқы сұлулығын Əли дəстүр 
шеңберінде суреттейді. Ол бұрынғы түркі 
фольклоры мен Шығыс романтикалық поэзия-
сында қолданылған образ жасау əдісін пайда-
ланады. 
Қасыңның бұралаңы туған айдай, 
Тісің інжудей жалтылдайды. 
Шашың жұпар судың тұнбасындай,
Өзім өрсем арман жоқ, 
Келбетің құйып қойған лағылдай. 
Иегің алмадай сұлу, 
Ернің балдай, сөзің тəтті. 
Қызыл ерніңнің демі жүрегімді өртейді, 
Саусақтарың сүйріктей, 
Тырнақтарың меруерттей жарқырайды. 
Алақаның əппақ əрі жібектей жұмсақ.[6] 
Көріп отырғанымыздай, Жүсіп портретін 
жасауда өсімдік жəне жануарлар əлемінен 
алынған теңеулер, байланыстар маңызды рөл 
атқарады (қасы –ай, тісі – інжу, тырнағы – мар-
жан, қолы – жібек, шашы-жұпар су, иегі-алма, 
ерні-бал, саусағы-бұтақтай сүйрік). Теңеулер 
тізімі терең шеберлікпен жасалған. Олар орта-
ғасырлық Шығыс поэзиясына тəн белгі-бей-
нелермен ерекшеленеді.
Əлидің ұнамды эпитеттері – «күн дидарлы», 
«айдай» сөздері дастанда көптеп кездеседі. Ға-
шығының сұлулығына тамсанған Зылиха: «Оның 
жүзі толған айдай жарық»,- дейді. «Айдай» етіп 
автор Зылиханы да суреттейді:
Тамаща Зылиха туралы сөз айтамын 
Айдай дидарын мақтаймын. [6] 
Ай мен күннің бейнесімен автор кейіпкер-
лердің келбетін салыстырып қана қоймайды, 
олардың психологиялық күйін де береді. Аға-
лары аяусыз соққанда Жүсіп оларға:
Өлтіргілерің келсе – қазір-ақ құртыңдар, 
Менің айдай жүзім солсын. [6] 
Жүсіпке ғашық болған Зылиханың қайғылы 
образын жасауда эмоционалды-эстетикалық пер-
де үшін де «ай» сөзімен қолданылған эпитет ең 
басты суреттеу əдісі болып табылады:
Қайғыдан Зылиха ұйқыдан айрылды, 
Айдай дидары реңі қашқан. 
Тамақтан дəм татпады, 
Күні-түні көз алдында – Жүсіп. [6] 
Қайта Өрлеу дəуірі эстетикасы жердегі сұлу-
лық тек көктегі сұлулық арқылы ғана танылады 
деп тұжырымдайды. Осы себептен Қайта Өрлеу 
дəуірі ақындарының шығармаларында адам 
табиғаты ғарышпен тең немесе одан жоғары 
қойылады. Шығармашылық адамдарының жаңа 
платоншылдық бейне мен адам əсерінен туған 
ғарыштық бейнелерге ұмтылысы осыдан. Мы-
салы Жүсіптің сұлулығы алдында күн мен ай 
ұялып, қызарады, сұлулығы көпес Мəлік Дұғар-
дың уысына еніп, жерге кірген гауһардан жау-
ған жаңбырдың, інжу маржан күннің бейне-
сінде беріледі. Қиын кездері Жүсіп адам секілді 
ренжіп, ашуланып, лағнат жаудыра алатын ас-
паннан көмек сұрайды. Əли дастанындағы ға-
рыштық бейнелермен берілген сұлулықты се-
зіп, қолмен ұстап білуге болады.
Дастанда Жүсіп сұлулығы ренессанс гума-
низмі рухында адам бейнесіне көшірілген, əсі-
реленген. Күн, ай жəне он бір жұлдыз Жүсіптің 
сұлулығына табыну үшін аспаннан жерге түседі.
П. Бисенбаев 


59 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
Ай мен күннің жарқылын түсімде көрдім, 
Əлемнің он бір жұлдызын биікте көрдім, 
Бəрі маған бас иді. [6] 
В.В. Бычков «Нұр мəселесі барлық елдегі 
халықтардың, атап айтқанда, Шығыста да, грек-
рим аумағында да дүниетаным жүйесінде ма-
ңызды рөл атқарды» [7, 68], – деп жазады. Дү-
ние туралы теория Ибн Синаның философия-
лық еңбектері мен əдеби шығармаларында көрі-
ніс тапты. Нұр туралы діни-философиялық бі-
лімді сопылық ойшыл Сухраварди (1155-1191) 
дамытты. Оның ілімі бойынша, «Əлемде бар 
сұлулық, кемелділік, жомарттылық та нұрдан 
туындайды». 
Нұр эстетикасы шығыс əдебиетінің əдеби 
қағидаларына үлкен əсерін тигізді. Х ғасырдың 
өзінде қытай тілінен түрік тіліне «Алтын жа-
рық» деген атаумен дүниетаным эстетикасына 
енетін діни-өсиетті шығарма аударылады. Қай-
та өрлеу эстетикасында нұр бейнесі маңызды 
орын алады. Ж. Баласағұнның «Құтадғу білі-
гінің» негізгі кейіпкері күнге байланысты есім-
ге ие – Күнтуды (күн көтерілді) [8, 177].
Істе ол əділ, қатал, бірбеткей, 
Сөзге шыншыл, рухы биік. 
Көктегі күн мен айдай жарқырап, 
Бəрінің бастамасы Күнтуды болды. 
Əлидің «Қисса Жүсіп» дастанындағы нұр 
эстетикасының ізі айқын. Автор Жүсіптің сұлу-
лығын «нұрлы жүзді» деп қайталап отырады. 
Мысалы, Жүсіп келбеті дүниеге күннен 100 
мың есе көп нұрын шашады, нұрлы бет-жүзі 
күннің жарығынан асып түседі, оның сұлулы-
ғынан дүние тасқыны көкке көтеріледі.
Жүсіп сұлулығы жер мен көкті байланыс-
тыратын күн сəулелерінің көз шағылыстырар-
дай нұр шығаратын ағыны ретінде суреттеледі. 
Терең құдықта да Жүсіп сұлулығы мыңдаған 
күн сəулесінің ағынымен жарқырайды. Осы 
сұлулығымен Жүсіп Нілге шомылған соң да 
əлемге жарық береді: 
Жүсіп пайғамбар көңілді, қуанышты келді, 
Келбеті жүз есе жарқырайды. 
Жарқыл оның түсті халатына сəуле береді.
Айналаның бəрі жайнай түсті. [6] 
Эманация туралы жаңа платоншыл ілімнің 
негізіне енген жарық бейнелер шығыс филосо-
фиясының бөлінбес бөлшегі болып табылады. 
Нұрлы символға бұрыла қарай отырып, шығыс 
ойшылдары бар дүниенің тылсым сырлары мен 
себептерін білуге тырысты. Олардың филосо-
фиялық көзқарастары Шығыстық қайта өрлеу 
дəуірінде өмір сүрген ақындар тəжірибесінде де 
болды.
«Қисса Жүсіп» дастанында кең қолданы-
латын нұрлы бейнелер Құл Əлидің «филосо-
фиялық жарық берудің» білгірі болғандығын 
көрсетеді. Сəуле шашушы сұлулықтың биік 
көрінісі – миллиондаған күн сəулесі жібінен 
тоқылған Жүсіп бейнесі. Періште Жебірейілдің 
нұрымен қосылған жəне жіңішке жарық жіппен 
көкке көтерілген Жүсіп бейнесі Əлидің тұр-
мысқа деген даралық көзқарасын білдіреді.
«Қисса Жүсіп» поэмасының əдеби құры-
лымында нұрлы күн ұғымымен бірге алтынмен 
байланысты бейнелер де маңызды рөл атқа-
рады. Ерте кезде сəуле күн бейнесі ретінде қа-
былданды.
Құл Əли дастанында алтынның идеялық-
эстетикалық қызметі əрқилы. Бір жағдайда ал-
тын байлық көзі ретінде берілсе, енді бірде 
сұлулық символы ретінде беріледі. Ал кейде 
алтынның тамаша эстетикалық табиғаты оның 
маңызды қызметімен байланыстырылады. Жеке 
заттардың, əшекейлердің бағасын көрсеткені 
Құл Əлидің өз дəуірінде тауар-ақша қатына-
сында білікті маман екенін танытады. Мысалы, 
асыл тастармен жасалған алтын кесе 400 000 
динар, Жүсіптің араб көпесіне сыйлаған алтын 
білезігі 200 000 динар, Ибн-Йамин ағасына 
сыйлаған лағыл білезік 1000 динар,екі пұт нан – 
200 000 алтын шақша, 1 динар – 1400 ермакқа 
тең. Құны жоқ 18 ермакқа Жүсіпті ағалары құл-
дыққа сатқан: 
Менде мата бар,-деді Мəлік жауап беріп, 
Алтын жоқ, 
Тек қана 18 ермак бар. 
Соны алыңыз. Үстіндегісін маған сыйға 
тартыңыз. 
Мысырда көпес Мəлік Дұғар Жүсіпті адам 
айтқысыз бағаға – жарты миллион алтын ди-
нарға сатып жібереді. Бұл сəтті мəміле Жүсіпті 
кездестірместен көп уақыт бұрын оның түсіне 
енеді: қайырымды құл сатудан ол үлкен байлық 
пен дүниенің иесі атанады. Мəлік Дұғардың 
түсін жори отырып көріпкел былай дейді:
Осы құлды арзанға аласың, 
Бағалы сыйлыққа ие боласың, 
Зор байлыққа кенелесің. 
Əрі қарай шаттығыңды көріп отырмын. 
Əли дастанында асыл металдардың əлеу-
меттік-экономикалық мəні əдейі қозғалмайды. 
Автор алтынның адамдар қарым-қатынасын 
бұзатын əсерін көрсетпейді. Қайта өрлеу дəуірі 
Əлидің романтизмі 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014 


60 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
ақынын алтын ең əуелі жердің амандығының 
көзі ретінде, эстетикалық рахаттың бір түрі 
ретінде қызықтырады. Ол алтынды бақыт пен 
сұлулықтың белгісі деп білетін қайта өрлеу 
дəуірінің романтикалық эстетикасына адал бо-
лып қала береді.
Ай жүзді құл Жүсіптің сұлулығы да алтын-
мен өлшенеді. Көпес Мəлік Дұғар Жүсіп үшін 
оның таза дене салмағы қанша тұрса, сонша 
алтын сұрайды. Сөйтіп қалалық сауда база-
рының таразысының бір жағында Жүсіп, екінші 
жағында Мысырдың падишахы Кытфирдің 
алтыны түседі. Осы суретті Құл Əли былай 
береді: 
Сен алтынды əкеліп өлше, - деді Мəлік, 
Оның таза салмағына құлдың салмағы жетсін. 
Тастың, тиынның салмағы көп болсын, 
Əрбір үймеде баланың салмағы болсын, 
Əмірші бағамен келісті де үнсіз отырды. 
Қазынаға алтынды алуға кетті 
Бес жүз мың алтын əкелді. [6] 
Бірақ бұның бəрінің салмағы құлдың сал-
мағына жете алмады. 
Бұл өлең жолдары дүниенің тетігі адам деп 
білетін ілім негізінде бірінші кезекке адамды – 
Жүсіп сұлулығын қоятындығымен есте қалады. 
Құл Əли алтын да, күміс те, гауһар да, лағыл да 
адам сұлулығының өлшемі бола алмайды деп 
баса айтып, адам сұлулығын биік дəрежеде 
дəріптейді. Сауда орнындағы көріністі автор 3 
рет суреттейді. Біріншіде таразы тостағанына 
500 000 алтын салынды; екіншіде қазынада қал-
ған барлық алтын мен күміс, үшіншіде Кытфир 
билеушінің бар байлығы: алмаз, жақұт, меруерт, 
маржан, мата, атлас, жұпар су. Бірақ қандай 
жағдай болса да Жүсіп сұлулығын материал-
дық байлықпен, асыл тастармен, сəн-салтанатты 
бұйымдармен өлшеуге, қатар қоюға болмай-
тыны анықталады. Билеуші аузынан нағыз өр-
леу дəуіріне тəн тұжырым жасалады: бар əлем-
нің материалдық құндылығы адамның сұлулы-
ғына тең келе алмайды. Осылай Құл Əли адам 
сұлулығын абсолютке айналдырып жеткізеді, 
адам тұлғасына биік баға береді. ХІV ғасырда 
осындай ойды əзірбайжандық қайта өрлеу дəуі-
рінің өкілі Насими да айтады: «Адам – ең ба-
ғалы, ұлы жаратылыс. Асыл тастар мен металл 
арасынан қазына іздеген адам қатты қате-
леседі». Бұл Құл Əли мен Насимидің ортаға-
сырлық саяси жəне діншіл жүйесімен жасырын 
əрі ашық түрде айтысып жүріп жасаған адам-
ның сұлулығы мен ұлылығы туралы батыл 
тұжырымы болды.
Алтын, күміс, т.б қымбат дүниелердің бей-
несін Құл Əли сарайлар мен айналадағы ортаны 
суреттегенде кеңінен қолданады. Зылиханың 
Жүсіппен кездесуі үшін салынған сарайдың 
ішкі көрінісі алтынмен, күміспен, гауһармен 
шағылысқан нұрымен, шұғыласымен, əдемі 
жабдығымен таң қалдырады. Бұл сарайдың 
күмбезі сары алтыннан, ал қабырғасы нұрлы 
шыныдан жасалған, алтын, күмісі жалтырап көз 
тартады. Сарай маңында алтын бұта өседі, 
алтын ағаштар, бақта алтын аттардың, күміс 
бұқаның мүсіні, тақ, Зылиханың күн сəулесімен 
əсемделген тəжі; ғашықтарға үлкен метал 
ыдыспен аспаз қызмет етеді. Мысалы: 
Қызметшілердің ептілігі сарайға інжу дарытады, 
Алтын ағаштар айналада 
Жапырақ жайсын, шалғын көтерсін, 
Ала жеміс өссін. 
Бағандар арасында
Алтын жамылған бұта өссін. 
Күмістен жасалған 
Бұтаның мүсіні орнатылсын.
Есікте алтын тұлпар, 
Ер-тұрманы қымбат тастар. 
Əртүрлі жеміс беретін 
Бір-бірінен асатын ағаштар болсын. 
Осы сарай əр уақытта мақтаныш болсын. 
Қабырға бойы мыңдаған суреттер. 
Əртүсті шыныдан терезе, 
Алтын мен күміс жылтырасын. [6] 
Əли суреттеген сарайдың эстетикалық əсері 
күшті. Əли үшін жарық беретін дүниеден ғажап
ешнəрсе жоқ. Оның күн, сəуле, ай, жұлдыз, 
алтын, күміс, т.б асылдар бейнесін жасауы 
осымен түсіндіріледі. Типологиялық тұрғыдан 
қарасақ, түркі əдебиеті ақынының сəулелі эсте-
тикасы грузин қайта өрлеу дəуірінің өкілі Шота 
Руставелидің «жарық» поэмасы мен «Жолба-
рыс терісін жамылған батырына» өте ұқсас. Екі 
ақынның сəулелі бейнелері жаңа платоншы-
лардың философиясына негізделген.
Жүсіп сұлулығын беруде санмен жасалған 
əсірелеулер маңызды рөлге ие. Адам сұлулы-
ғын, кейіпкер сұлулығын , кейіпкер қайғысын, 
адамның күші мен байлығын санмен салыстыру 
Шығыс пен Батыс халықтарының əдебиеті мен 
фольклорында кеңінен таралған əдіс. Сандық 
əсірелеулер платоншыл, пифагоршыл филосо-
фияға иек артатын қайта өрлеу дəуірі эстетика-
сында танымның негізгі қағидасы əрі оларды 
көркем бейнелеудің жолы болды. Бейнелі жүйе-
ні математикалық рəсімдеу əдісі араб, тəжік 
П. Бисенбаев 


61 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014 
қайта өрлеу дəуірінің көшбасшысы Рудакидің
(860- 940ж) шығармашлығында кездеседі. 
Бұрымын түсірсе болғаны - жүз жүрек 
шатыққа кенеледі. 
Құл Əли ‘’Қисса Жүсіп’’ дастанында да та-
маша дүние тудырады. Мысалы Жүсіп жүзі 100 
мың күн сəулесін жалындатады , ағалары үшін 
Жүсіп 100 мың жаны болса да бəрін беруге 
даяр; сұлу кұлды Мəлік Дұғар көпестен алу 
үшін Құдыс қаласының бегі 12 мың əскерді 
жібереді; Жүсіпті сатып алу үшін Мысыр 
билеушісі Кытфир таразы тостағаныныа 500 
мың алтын динар жəне қазынасындағы бар бай-
лығын салады; сұлу құл Жүсіп үшін Зылиха
360 киім түрін сатып алады; баласы жоғал-
ғаннан кейін 10 тəулік ішінде пайғамбар 
Жақып 360 рет есінен адасады. Зылиха салдыр-
ған сарай 10 мыңдаған ою-өрнектермен безен-
дірілген. Шеруде Жүсіп 800 мың əскерге бас-
шылық етеді. Жүсіп 40 ердің күшінен асып 
түсетін күшке ие, 72 тіл біледі. Зылиханаң 
əкесі Таймустың құдіреті мен байлығы да 
сандық əсірелеумен беріледі: əскері 100 мың 
ер; қызының жасауын 1000 түйемен , 1000 қа-
шырмен береді, 1000 құл мен кəнізак жібереді. 
Кытфир Зылиханы 100 мың жақсы ниетпен 
қабылдайды. Сандық ассосиациялар, əсірелеу-
лер əсіресе ХII-ХIV ғасырлардағы түркі əде-
биеттерінде мол қолданылады. Мысалы авторы 
белгісіз «Кесікбас кітабында» Кесікбас 50 рет 
қажылыққа барады; дəудің жер асты патша-
лығында тұтқында 500 мың мұсылман зарығып 
отыр; зардап шеккен діндестерін құтқару үшін 
жер асты патшалығына түскен батыр Əлиге 
бірден 300 мың дəу бас салады. «Кесікбас кі-
табы» мен Хисам Кəтибтің «Жұмжұма сұлтан» 
(басы кесілген сұлтан туралы əңгіме) арасын-
дағы сандар қолданудағы сабақтас байланысты 
байқау киын емес. Өз сарайының өткен айбын-
дылығын айтқанда сұлтан оның 40 мың бас-
шысы, 18 мың бегі, 10 мың құлы, 10 мың салық 
төлеушісі, 10 мың əйелі, 10мың шарап əкелу-
шісі, тағы басқа болғандығын санамалайды. 
Құл Əлидің ренессанстық шығармашылық 
қолтаңбасы сəулет өнерінде, мүсінде, бейнелеу 
өнерінде, сөз өнерінде айқын көрінеді. Шы-
ғармада əр қандай өнер түрлерінің көрініс 
табуы – ақынның романтикалық, көркем ойы-
ның белгісі. Құл Əлидің эстетикалық-роман-
тикалық принциптерінің бастысы – дəріптеу-
шілік. Ол «Қисса Жүсіп» поэтикасының бар-
лық деңгейінде басымдық танытады. Осылайша 
поэмада суреттелген сарайлар өзінің ерекше 
сұлулығымен, биіктігімен, қымбат əшекей-
лерімен таңқалдырады. Ақын үлкен шеберлік-
пен сарайдағы жарықты, бөлмелерді, жануар-
лардың, құстардың мүсіндерін, адамдардың 
бейнесін жеткізеді. 
Сарай алтын, күміс жəне əр түсті əйнектер-
ден, қымбат ағаштардан салынған. Сарайдың 
іші ақық тас, лағыл, інжу, маржанмен əшекей-
ленген. 
Үлкен үйдің тірегі бір қатардан табылсын, 
Оның бəрі асыл тастан жасалсын. 
Інжу, маржан, гауһарға толып сыртына
Барлық бояу-түсмен жарқырасын.[6] 
Сарай гауһар шырақтармен сəулеленген, 
қымбат бағалы тастармен безендірілген, аң те-
рісі жайылған сарай. 
Еденге түрлі тері төселіп, 
Гауһардан шырағдандар жылтылдайды. 
Сарайдың ауасы ерекше. Мускус, амброг иісі аңқып тұр. 
Əр жерде мусукус иісі шығып тұрды, 
Гүлденіп бəрі сонда келмек енді.[6] 
Келтіріп отырған мысал шығыстың иіс эсте-
тикасы Құл Əлиге мəлім болғанын дəлелдейді. 
Ол оны тек қана сарайды суреттегенде қол-
данбайды. Сонымен қатар өз қаһармандарының 
ішкі жəне сыртқы құндылықтарын бейнеле-
генде пайдаланады. Мысалы Зылиханың еріні 
қош иісті, Жүсіптің шашы – жұпар су, Жүсіп
Мысырға келгенде қоршаған орта қош иісті 
заттарға толады. 
Құл Əлидің сарайды бейнелегенде қолдан-
ған теңеулері қымбат заттар мен бағалы тастар 
жайлы болып келетінін жоғарыда айтып өттік. 
Күннің бейнесі, сəулесі, ай, алтын жəне күміс 
сияқты сөздердің қолданысқа түсуін шығыс 
қағидасына жəне оның əдебиетіне көрсетілген 
құрмет деп білеміз. Белгілі дəрежеде олар Ал-
тын Орда кезеңіндегі қала тұрғындарының 
материалдық жəне рухани мəдениетінің ерек-
шеліктеріне негізделген. Тұрандық қолөнер 
шығыс əлемінде өзінің байлығымен, шебер жұ-
мысшыларымен, əбзелші, қолөнершілерімен та-
нымал болды. Олар қару-жарақ, үй заттарын, 
алтыннан жасалған сəн заттарын жасайтын. Бұл 
деректі археологиялық қазба барысында табыл-
ған заттар дəлелдейді. Олар Сарайшық, Оты-
рарда табылған. Сонымен қатар олар Түркі хал-
қының ұлылығы мен байлығы жайлы баяндайды.
«Сарайды рəсімдеуде пұтқа табынушылық-
тың шығыстық стилі ерекше байқалады», – деп 
пайымдайды əдебиеттанушы Н.Ш. Хисамов [4, 
201]. Егер оқырман бір сəтке болсын сарайды 
бағалы металсыз, қымбат заттарсыз елестетсе, 
Əлидің романтизмі 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1(147). 2014 


62 
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. 
№ 1(147). 2014 
ол бірден Құл Əлидің табиғи суреті мен фаунасы, 
туған табиғатының көрінісі екенін түсінеді. Ор-
ман, тал-шілік, жеміс ағаштары, бұтақта əн са-
лып тұрған құстар, сылдырама бұлақтар, үйір 
жылқылар, жайылып жүрген қара мал – осы-
ның бəрі туған жердің ерекшелігі. Оғыз-қып-
шақ фольклорының дəстүрімен, басқа да пұтқа 
табынушылықпен байланысты көріністер поэ-
мада бар. Мысалы, Зылиханың сарайының кі-
рер жерінде күміс бұқалардың ескерткіші тұ-
рады. Оның төркіні жерді мүйізімен ұстап тұр-
ған бұқа жайлы мифпен тікелей байланысты. 
Бұл жайтқа ілтипат көрсетуді ғалым А.Та-
гирджанов ешқашан ұмытпайды. Ғалым салыс-
тырмалы талдау жасау арқылы «Қисса Жүсіп-
тің» басқа ұлттық нұсқалардан айырмашы-
лығын табады. Ол Құл Əлидің бейнелеу амал-
дары Фирдоусиге, Ансариге ұқсамайтынын ай-
тады [9, 152]. 
Дастанда суреттелген сəулет өнерінің пей-
зажы үлкен махаббатқа толы екенін түсінуге 
болады.
Сарайлардың адамға жақындығы, күн сəу-
лесінің жарығы, сəулет ескерткіштерінің жарығы, 
сəулет ескерткіштерінің табиғатпен үндесуі, 
алтының жылтырауы - осының бəрі Құл Əлидің 
романтикалық көркем əдісі екені анық. 
Жоғарыда атап өтілгендей, қайта өрлеу дəуірі 
кезінде көптеген қалаларды салу барысында
əртүрлі ғимараттар тұрғызылды – сарайлар, ме-
шіттер, ер балаларды оқытатын ғимараттар, 
моншалар т.б. «Қисса Жүсіп» дастанында қо-
нақ күту үшін салынған арнайы сарайлар жай-
лы жазылған. Бұл сарайлар діни, мəдени мере-
келер үшін емес, ғашықтардың жүздесуі үшін 
Жүсіптің əкесі Жақыппен жəне ағаларымен 
кездесуі үшін салынған.
Барлық суреттеулер мен сипаттамаларды 
шығыстық қала мəдениетін жақсы білетін, 
жиһангез, ақылды білімді адам жазғаны бірден 
көрінеді. Керемет сарайлар, мешіттер, əшекей-
лер шамдық жəне византиялық шеберлердің 
күшімен тұрғызылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет