125
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
ƏОЖ 070 (091)
Ж. Акимбаева
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ІІ курс магистранты,
Алматы қ., Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – ф. ғ. д. профессоры Г. Ж. Пиралиева
e-mail: akimvai_g73@mail.ru
Нұрлан Оразалин поэзиясындағы психологиялық параллелизм
Мақалада əдебиеттану ғылымының өзекті мəселелерінің бірі сөз болады. Бүгінгі əдебиеттануда түрлі
бағыттар мен ағымдардың көкейкестілігі күн тəртібінен түскен жоқ. Соның ішінде қазақ əдебиетінде, əсіресе
поэзиядағы ақындық, оның лирикалық табиғаты – терең зерттелмеген өзекті тақырыптардың бірі.
Поэзия-
дағы психологизм мəселесі күрделі де жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Мақалада Нұрлан Оразалиннің поэзиясы, адам жан дүниесін суреттеу, оны бар ерекшелігімен сезіну мен
жырлаудағы шеберлік жəне психологиялық параллелизм əдісін пайдалану жолдары сөз болады.
Нұрлан Оразалин қаламынан шыққан
шығармаларды талдау барысында, ақынның адам жан дүниесін
суреттеудің шебері екеніне көз жеткіздік. Сонымен қатар Н. Оразалин жырларындағы психологиялық өрнек-
тəсілдердің сипатына талдау жасауды ғылыми тұрғыдан зерттеу қажеттілігін сезіндік.
Достарыңызбен бөлісу: