163
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1(147). 2014
Фразеологизмдер –
шошқа тағалау, түйе
үстінен сирақ үйту.
Мақал-мəтелдер – кез
келген мақал халық
өмірінен алынған.
Əке көрген оқ жонар, шеше
көрген тон пішер.
Жұмбақтар – ұлт танымына байланысты. Əр
бір жұмбақтың астарында этностық таным ретінде
ғана айқындап түсіндіруге болатын шешімдер
жатады.
Айдалада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау.
Ауыз əдебиет үлгілері – тіл əлемінде ең бір
ауқымды да информациялық байлыққа жатады.
Құрамы: 1. Авторы белгілі ақыл-нақыл сөздер,
2. салт-дəстүрге қатысты деректер. 3. той-тома-
лаққа байланысты ресми салтанат үлгілері.
4. Көріпкел, сəуегейлікке қатысты əңгімелер,
5. Əзіл-ысқақ, тұрмыстық жеңіл жанр үлгілері
жатады. Міне, жоғарыда аталғандардың бар-
лығы да халықтың рухани, мəдени өмірінен де-
ректер беретін этнолингвизмдер қатарына жатады.
Қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму
үрдісінен өзіне тəн
кейбір ерекшеліктерді бай-
қауға болады. Қазақ тілі ғылымында қазақ
этносын оның тілі арқылы танып-білу мақса-
тымен бұдан 15-20 жыл бұрын басталған ізде-
ніс барысында іргетасы қаланған. Қазақ этно-
лингвистикасы - бүгінде мақсат-мүддесі, бағыт-
бағдары айқындалған, зерттеу əдіс-тəсілдері
қалыптасқан əрі өзіндік
ерекшеліктері бар ғы-
лым саласы. Сол себепті этнолингвистика ғы-
лымы танымдық ғылымдардың бастауы бола
алады. Оған байланысты мынадай түжырым-
дама жасауға болады:
1. Этнолингвистика əр этностың ұлттық
бейнесін, өзіндік болмысын толық та түбегейлі
түрде тек оның тіл байлығы, яғни тіл əлемі
арқылы ғана жан-жақты тани алады.
2. Этнолингвитикалық зерттеулердің ерек-
шелігі – сөздіктерге ене бермейтін бейнелі де көр-
кем, көне де байырғы
сөз өрнектері мен айтуға
тыйым салынған «ұят» сөздерді де қамтуында.
4. Этнолингвистикасының тағы бір қағида-
сы – лексикалық байлықтың мазмұнын этнос
таным тұрғысынан ашу болып табылады. Со-
нымен қатар этнос болмысына қатысты дерек-
терді бейнелі түрде көркемдеу жатады.
5. Этнолингвистиканың екінші ұстанатын
қағидасы - жүйелілік. Мұны этнолингвистика-
лық зерттеулерде бірізділікпен қолдану əдіс-
тəсілдерінің бірі жəне ең тиімді тетігі деп сана-
ған жөн. Тіл əлемін
этнолингвистикалық тұр-
ғыдан жүйелі, сатылы принцип бойынша қарас-
тыру тиімді. Этнолингвистикалық деректердің
мағынасын жинау барысында індеттеу əдісін
қолдану басшылыққа алынады. Мəселен, қазақ
тілі дене мүшелері мен ішкі ағзаға байланысты
500 аса атау бар. Бір ғана көзге байланысты
атау 100 асады:
ботагөз, қарақат көз, құралай
көз, сиыр көз, тана көз, жапалақ көз, жылан
көз, қара көз, көк көз, қызыл көз, айран көз,
бітік көз, былшық көз, бит көз, жұмық көз, ақ
көз, аңқиған көз, жəудір көз, мөлдір көз,
тостаған көз, құмай көз, отты көз т.б.
Тіл – мəдениеттің бір көрінісі. Ол
екеуінің
арақатынасы ерекше де маңызды. Бұлай деген-
де біз кез-келген мəдениеттің түрлері, атаулары
тіл арқылы бейнеленіп көрінетіні, ұрпақтан-ұр-
паққа жеткізілетінін тіл арқылы ұжым мүше-
лерінің санасында қалыптасқан ортақ психика-
лық заңдылықтардың көрінуін түсінеміз. Ол
ұлттың пайда болуымен байланысты тілдік, кə-
сіптік-шаруашылық, территориялық тұтастық-
тар секілді психикалық тұтастықтардың қалып-
тасуымен байланысты. Дегенмен, ұлттың тари-
хын философиялық тұрғыдан зерттеген ғалым-
дар халықтардың жеке ұлттық ерекшелігін жо-
ғары бағалай отырып, кез-келген ұлттың мəде-
ниеті жалпы адамзаттық мəдениеттің ерекше
бір түрі, бөлігі деп қарайды жəне
соның көрі-
нісін сипаттайтын тілдің ерекшелігі ретінде
сөздің ішкі формасына басты мəн береді. Осы-
ған байланысты ғалым Ж. Манкеева: Сөз зат-
тың тура таңбасы емес, оның біздің санамызда
тілдік шығармашылық процесс нəтижесінде ту-
ған бейнесі. Яғни, тіл кез-келген жеке заттарды
бейнелегенде, сол тілде сөйлеушіге оны қорша-
ған дүниенің есігін ашады, суретін салады. Мұ-
ның мəдениетке қатысты ұлттық атауларға да
тікелей қатысы бар» [3, 96], – дейді.
Əр халықтың тіліне тəн этнолингвистика-
лық бірліктер сол
халықтың өмірінің жиынты-
ғын, ұзақ уақыт бойында қалыптасқан оның
дүниетанымын, əдет-ғұрпын, арманын, мүдде-
сін, рухани өмірін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: