На личностное развитие ребенка методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата03.01.2022
өлшемі323.32 Kb.
#450213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
АТА-АНА ТӘРБИЕСІ СТИЛІНІҢ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ

Қорытынды  

 

Отбасы  –  қоғамның  бір  бөлшегі,  әлеуметтің  ажыратылмайтын  негізгі  бір 



бөлігі болып табылатыны барлығына мәлім. Қоғамдық өмір де отбасыға қажет 

рухани  және  материалдық  үдерістермен  сипатталады.  Отбасының 

мәдениеттілік  дәрежесі  өскен  сайын  барлық  қоғамның  да  мәдениеттілік 

дәрежесі 

жоғарылайды. 

Отбасылық 

қарым-қатынаста 

адамгершілік 

принциптері өте маңызды, олардың ең негізгілерінің бірі – басқаны сыйлау.  

Психологтар  мынадай  қорытындыға  келді,  тұлғаның  доминанттылық 

танытатын бір қыры әртүрлі жағдайға байланысты, әртүрлі формадағы жауапқа 

ие  болады,  содан  соң,  әрі  қарай  баланың  тұрақты  мінез-құлқына  айналады. 

Тәрбиенің  басқа  іс-әрекет  түрлерімен  байланысы,  тәрбиеге  сол  немесе  басқа 

себептерге  бағыну,  сондай-ақ  адам  тұлғасындағы  тәрбиенің  орны  –  бұның 

барлығы  әр  ата-ана  тәрбиесіне  ерекше,  қайталанбас,  жеке  дара  сипаттама 

береді.  

Осылайша, арнайы отбасы тәрбиесі мынадай ерекшеліктерге ие:  

• 

 



Туыстық  сезімдерге  негізделген  отбасы  тәрбиесінің  эмоционалдық 

сипаттамасы.  

• 

 

Ата-ананың  тәрбие  арқылы  балаларға  әсер  етуі  өмірдің  әртүрлі 



жағдайларындағы  тұрақтылық  пен  ұзақ  мерзімділігімен  ерекшеленеді,  бұл 

балаға терең әсер етуді қамтамасыз етеді.  

• 

 

Тек  отбасы  балада  қауіпсіздік,  махаббат,  қабылдай  білу  сезімдерін 



тудыра алады.  

• 

 



Отбасында  балаға  әсер  етудегі  маңызды  сипаттамалардың  мазмұнын 

қамтамасыз  ететін,  әлеуметтендірудің  психологиялық  механизмдері  жұмыс 

жасайды. Мұндай әлеуметтендірудің психологиялық механизмдеріне қосымша 

толықтыру және сәйкестендіру жатады.  

• 

 

Отбасы  әртүрлі  жастағы  әлеуметтік  топ  ретінде  балаға  әртүрлі 



құндылықты  бағыттарды  қабылдауға,  өмірлік  құбылыстарды  бағалаудың 

әртүрлі  критерийлерін,  әртүрлі  идеалдар,  көзқарастар,  тұжырымдарды 

қабылдауға үйретеді.  

• 

 



Отбасы тәрбиесі ұзақ мерзімдік әсер ету диапазонына ие.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



13 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет