На личностное развитие ребенка методические рекомендации


  Отбасы тәрбие стилінің бала дамуына әсері



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата03.01.2022
өлшемі323.32 Kb.
#450213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
АТА-АНА ТӘРБИЕСІ СТИЛІНІҢ БАЛАНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ



Отбасы тәрбие стилінің бала дамуына әсері 

 

Әдетте отбасы тәрбиесінің стилі балада әртүрлі психикалық жағдайлардың 

пайда болуына себеп болады. Бұл әлеуметтік қауіпсіздік немесе қорғансыздық 

сезімі, мейірімділік немесе қатыгездік, гиперактивтілік және т.б. болуы мүмкін.  



Демократиялық стиль былай анықталады:  

– 

бала  мен  ата-ана  арасындағы  қарым-қатынаста  вербалды  қатынастың 



жоғары болуы;  

– 

баланың  отбасылық  мәселелерге  араласып,  өз  ойын  білдіруі  мен  оны 



үлкендердің ескеруі;  

– 

қажет  болған  жағдайда  ата-ананың  көмекке  келуге  дайын  болуы  және 



баланың өз бетімен жетістікке жететіндігіне деген сенім;  

– 

баланы қарастырған кезде, өзіндік субъективтілікті шектеу.  



Демократиялық 

стильдегі 

отбасында 

тәрбиеленген 

балалар 

көшбасшылыққа  деген  қабілеттілік  пен  агрессивтілік,  басқа  балаларды 

бақылауға  деген  құштарлықпен  сипатталады,  бірақ  ол  балалардың  өздері 

сырттай  бақылауға  әрең  көнеді.  Ол  балалар  дене  дамуы  тұрғысынан  жақсы 

дамыған және өз қатарластарымен тез тіл табысып кететіндігімен ерекшеленеді.  

Бақылаушы стиль – бұл:  

• 

Баланың іс-қимылына шектеу қою;  



• 

Балаға шектеу сөзінің мағынасын айқындап түсіндіру;  

• 

Тәртіп  мәселесі  бойынша  ата-ана  мен  бала  арасында  келіспеушіліктің 



болмауы.  

Тәрбиенің бақылаушы стилі түрінде балалар тәртіпті, ұғымтал, қорқақ, өз 

мақсаттарына жетуде табандылық көрсетпейді, агрессивті емес.  

Тәрбиенің  аралас  түрінде  балалар  ұғымтал,  тәртіпті,  эмоционалды 

сезімталдық,  агрессивті  емес,  жаңа  нәрсені  білуге  деген  қызығушылықтың 

болмауы, ойлаудың бірегейлігі, ой ұшқырлығының жұтаңдығы.  



Тәрбиенің авторитарлық стилі  

Балалар мен ата-ана арасында қарым-қатынас мүлде жоқ, оны қатал тәртіп 

пен  ережелер  алмастырады.  Ата-аналар  көбінесе  бұйрық  беріп,  оның  нақты 

орындалатынына, талқыланбайтынына сенімді болады.  

Мұндай отбасыларда балалардың оқшау, тұйық, қорқақ, жалтақ болатыны 

заңды.  Бойжеткен  шаққа  дейін  қыз  балалар  әдетте  пассивті  және  бағынышты 

болып  өседі.  Ұл  балалар  керісінше,  басқаруға  келмейтін  агрессивті,  шектеу 

қоятын талаптарға бірден қарсы шығатын қызу қанды болып өседі.  



Тәрбиенің либералды стилі  

Балалармен  қарым-қатынастағы  ашықтық.  Ата-аналар  балалардың  іс-

әрекетіне тиым салмайды десек те болады. Ата-ана тарапынан аздаған басқару 

жүргізіліп, балаларға толық еркіндік берілген.  

Ешқандай  шектеу  қоймау  құлықсыздық  пен  агрессивтілікке  алып  келеді, 

балалар  адамдардың  көзінше  өздерін  көбінесе  дұрыс  ұстамайды,  өздерінің 

қабілетсіздіктерін алға тартып, импульсивті болып келеді. Отбасындағы жағдай 

жақсы  болса,  мұндай  отбасында  тәрбиеленген  балалар  белсенді,  сенімді 

шығармашыл  тұлға  болып  өседі.  Егер  де  жасалған  бассыздыққа  ата-ана 



тарапынан  ашық  түрде  қарсылық  болса,  баланың  ең  бұзық  ойларын  жүзеге 

асыруына ешнәрсе кедергі болмайды.  

Тәрбиенің кері қайтару стилі  

Ата-аналар  өздерінің  ашық  немесе  жасырын  іс-әрекеттерімен  баланы 

қабылдамауын көрсетеді. Мысалы, ата-ананың баланың дүниеге келуін немесе 

қыз бала болғанын қалап, ұл баланың дүниеге келуін қаламауы. Бала басынан 

бастап  ата-ананың  қалауына  сәйкес  келмейді.  Кей  жағдайда  бала  ата-ананың 

қалауымен дүниеге келіп, оны мұқият қарап, оны бағып-қағады, бірақ та оның 

ата-анасымен рухани байланысы жоқ. Мұндай отбасындағы балалар агрессивті 

немесе, тұйық, жасқаншақ, ренжігіш болып келеді. Мұндай қабылдамаушылық 

балада  наразылық  сезімін  тудырады.  Оның  әсіресе  үлкендермен  қарым-

қатынастағы мінез-құлқында тұрақсыздық, негативтілік байқалады.  



Тәрбиенің индифферентті стилі  

Ата-аналар 

балаларға 

ешқандай 

шектеу 

қоймайды, 

оларға 

немқұрайлылықпен  қарайды,  қарым-қатынасқа  түспейді.  Көбінесе  олардың  өз 

мәселелерімен бастары қатып, балаларын тәрбиелеуге уақыты болмайды. Егер 

ата-ананың  немқұрайлылығы  өшпенділікке  үйлессе,  бала  бейсоциалды 

қылықтарға бейімділік танытуы мүмкін.  

Тәрбиенің гиперсоциалды стилі  

Ата-аналар  «үлгілі»  тәрбиелеуде  барлық  нұсқауларды  тәптіштеп 

орындауға ұмтылады.  

Мұндай  отбасындағы  балалар  өте  тәрбиелі  және  ұқыпты  болып  келеді. 

Олар үнемі өздерінің эмоцияларын және қалауларын тежеуге мәжбүр болады.  

Осындай  тәрбиелеу  нәтижесі  қатты  қарсылыққа,  баланың  өзін  агрессивті 

ұстауына, кейде аутоагрессияға алып келеді.  

Тәрбиенің эгоцентрикалық стилі  

Отбасындағы  жалғыз  немесе  зарығып  көрген  балада  көбінесе  өзін  өте 

бағалы адам деп санау пікірі қалыптасады. Ол ата-ананың табынушысына және 

«

өмірінің мағынасына» айналады. Сонымен қатар, оның айналасындағылардың 



қызығушылықтары назардан тыс қалып, баланың жолында құрбандық болады. 

Нәтижесінде  ол  бала  басқалардың  ой-пікірімен  санаспайды,  назарға  алмайды, 

ешқандай  шектеуді  қабылдамайды,  кез-келген  шектеуді  агрессивті  түрде 

қабылдайтын болады. Мұндай бала кертартпа, тұрақсыз, мазасыз болып өседі.  



Тәрбиенің беделдік стилі  

Баланың  үйлесімді  тұлғасын  дамытудағы  ең  тиімді,  әрі  жақсы  тәрбиелеу 

стилі.  Ата-аналар  балаларының  өсіп  келе  жатқан  дербестігін  қабылдап, 

қолдайды.  Белгіленген  тәртіп  бойынша  балалармен  ашық  түрде  өздерінің 

талаптарын  талқылайды,  шешімдерін  саналы  деңгейге  дейін  өзгерте  алады. 

Мұндай отбасындағы балалар өте жақсы бейімделген, өздеріне сенімді, оларда 

өзін  өзі  бақылауы  және  әлеуметтік  дағдылары  қалыптасқан,  олар  мектепте 

жақсы оқиды және өз-өздерін жоғары бағалайды.  

Қарастырылған  ата-аналық  қарым-қатынас  түрлері  баланың  әлеуметтік 

бейімделуіне көп ықпал етеді (1-қосымша).  

 

 



10 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет