НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР НЕЗАВИСИМОЙ ЭКЗАМЕНАЦИИ
Клиникалық станция «:Жедел коронарлы синдром кезінде көмек көрсету»
Іс-әрекеттер алгоритмі
Қадам
Іс-әрекеттер алгоритмі
1
Науқаспен байланыс құру.
Сәйкес
вербальды емес мінез-
құлықты қолдану.
Науқаспен танысу және өзін таныстыру. Сәйкес вербальды
емес мінез-құлықты қолдану. Өзара түсінуді дамыту.
Науқасты қатыстыру. Науқасты вербальды емес қолдау.
2
Науқастың шағымдарын
сұрау: Ауырсынудың
орналасуын, сипатын,
таралуын, себебін, ұзақтығын,
ауырсынудың басылу
ұзақтығын нақтылау.
Қосымша шағымдар.
Науқас шағымдарын сұрастыру:
Қай жер ауырады? (төс арты,
кеуде торының сол жақ
жартысы).
Таралуы (солға және жоғарыға);
Қалай ауырады? (ауырсыну сипаты:
күйдіріп, қысып және т.б.);
Ауырсыну
немен
шақырылады?
(физикалық жүктемемен, күйзеліспен);
Қанша уақыт жалғасады және бұрын осыған ұқсас жағдайлар
болды ма?
(минутпен);
Немен басылады? (тыныштықта немесе 2-3 нитроглицерин
таблеткасын қабылдағаннан соң басылады, бірақ
толық жойылмайды).
Ауырсыну немен жүреді, тағы қандай симптомдар
мазалайды? (салқын
жабысқақ тер, өлім қорқынышы, ауа
жетіспеу сезімі, кейде жүрек соғу және т.б.) Ентікпенің,
әлсіздіктің, ұйқысыздықтың, ұйқы бұзылысының және т.б.
болуы.
3
Ауру анамнезін нақтылау,
өмір анамнезін нақтылау.
Ауру қашан және қалай басталды, немен емделді, ауруханада
жатқан ба және т.б. Өмір анамнезін нақтылау:
Басқа
созылмалы аурулары;
Зиянды әдеттері;
Аллергиялық анамнез; Тұқымқуалаушылық;
Жұмыс сипаты және т.б.