Национально-освободительного движения


№ 127 Әмзе (Әміре) Нахымжанұлы



Pdf көрінісі
бет145/233
Дата05.09.2024
өлшемі2.64 Mb.
#503380
түріПротокол
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   233
karin et red materialy gosudarstvennoi komissii po polnoi re

№ 127
Әмзе (Әміре) Нахымжанұлы
ҚЫҢЫРЛЫҚТАН ПАРТИЯ ЖОЛЫНА
Біздің партия жолына қай соқпақтармен келіп түскенімізді айқындау үшін, біз 
қандай дәуірлерден өтіп, қай мезгілде қандай пікірлерге ие болып саяси бетіміз қай 
жолмен барғаны туралы бір неше сөз айтып кету қажет. 
... Ол жылдарда ұсақ ұлттар үшін партияға түсу шарты аса оңай еді. Сондықтан 
Қазақстанда партияға түскендердің көпшілігі оқып жүрген жастар мен азды-көпті 
жұмысшылар болумен қатар қылмысты адамдар да, ұсақ шенеуініктер де кіріп кеткен. 
Бұлардың соңынан партияны ылғи тазартып отыруға тура келді, жұмысшылардың 
көпшілігін партияға тарту, ауылда партия ұяларын жасау жұмысы Қазақстанда 1920-
21 жылдардан басталды. 
... Кейбір жерлерде наразылықтардан едәуір қырғи қабақтық та туған (Мәселен 
Семейде). Бірақ негізінде жалпы идея ұлтшылдық еді. Оның үстіне үлкенді 
сыйлаушылық әдеті де бізде күшті болды (шыққан жеріміз ақсақалдық дәуірінің 
жұрнағы күшті – ауыл ғой). Мұнан Алаш Орданың азаматтарына біздің көзқарасымыз 
да түсінікті ғой. (Мен «біз» деп отырған себебім өзімде сол жастардың біреуімін). 
Сондықтан біздің арамыздағы келіспеушіліктер «өзіміздің ішкі ісіміз» болып 
саналады, кейбір Алаш Орданың азаматын ұнатпағандығымызды сездірсек, бұл 
«көсеміне» қарсылық, ұлт мақсатын түсінбегендік болып саналды. ... 1917-1919 
жылдарда коммунистер партиясына қосылып майданға түскен төңкерісшілдеріміз 
саусақпен санарлық аз. Олар Қазақстан өмірінде бұзып, жарып аса үлкен істер істеді 
деуге де болмайды. Сондықтан оларға тоқталмаймыз. Дұрысында Қазақстанда 
партия құрылысы 1920-ы жылдан басталады. 20-жылға қарсы Қазақстан ақтардан 
тазарып Кеңес үкіметі орнады. Сондықтан партияға түскісі келетіндер де көп болды. 
... Қазақстанда партия, мемлекет құрылысында аса үлкен орын алғандар – партияға 
түскен оқыған жастар болғандықтан біз осы жастар туралы тоқтап кетпекпіз. Бұл 
жастардан шыққан коммунистердің партияшылдығы, төңкеріс ісіне қаншалық 


241
қатысқандығы туралы мынаны айтуға болады: партияға түскен мезгілінде бұлардың 
ішінде саяси хат танитын бір адам жоқ еді десек өтірікші болмаспыз. Саяси хат 
танымақ түгіл 20 жылы бұлардың ішінде партияның программын, уставын түсініп 
оқып шыққандары да кемде-кем шығар. Ал енді жастардың төңкерісшілдік тарихына 
келсек мынаны көреміз: төңкерістен 3-4 жыл бұрын жастар арасында бір түрлі 
жаңалық қозғалыс болған. Бұл қозғалыстың бәрі нағыз ұлтшылдық еді. Төңкерісшіл 
көсемдері, пролетариаты болмаған қазақ жастары азды-көпті оқып, білім алып өз 
ұлтының езіліп келе жатқанына көзі жетті де ұлтшыл болды. Орыс пролетариатының 
күресінен хабары болмады. Қазақ жастарының «хафтиегі
31
» Ахметтің «Масасы», 
Міржақыптың «Оян, қазағы». Міне қазақ жастары ұлтшыл ұрандарға тоқталмай 
қосыла кеткен себептері осыдан. Сонымен қазақ жастары Алаш Орданың да ұранына 
қосылып соңына ерген. 
Рас, Алаш Ордамен жастардың арасында ең басынан-ақ наразылық туған жерлер 
болды. ... Қандай келіспегендігіміз болса да сыртқа шықпай «ой ішінде» қала 
беруші еді. Шынында бұл келіспегендіктер (бірлі-жарым болмаса) оншама терең, 
саяси келіспегендіктер емес еді. Ол кезде бізде тап сезімі жоқ болды; мәселені тап 
көзімен қоймаушы едік, мәселеге тап көзімен қарау болмаған соң жарықшақтықтар 
жамалып-жасқалып жүре бермек қой. 
1917-1919 жылдарда жастар байлар бұқарашылдығы туралы азды-көпті 
мәліметтер оқып білді, республика идеясына келді (мұнан бұрын қазақтан хандық 
жасаудан да дәмеміз бар еді-ау!). Бұл жылдардың ішінде біз Алаш Орданың саясаты 
іске аспағанын, жолы болмағанын көзімізбен көрдік. Бірақ, бұл кемшіліктерді 
орыстардың отаршылдық саясатынан көрдік. Алаш Орданың азаматтарына 
көзқарасымызды өзгертпедік, оларды әлі де «Ұлт көсемі» деп түсініп келдік. 
Міне біздің төңкерісшілдік тарихымыз қысқаша осы. 1920-ы жылға осы 
күйімізбен келдік. 1920-ы жылғы Қазақстанның Орынборда Октябрь айында болған 
І Кеңестер съезіне Алаш Орда азаматтарымен қол ұстасып, олардың бастығы Әлихан 
қылып, көбін съезге өкіл қылып алып келуіміз осыдан туған. Өйткені 20-ы жылы 
партияға түскенмен ұлтшылдық сезіміміз күшін жойған жоқ болатын. Сондықтан 
біздің коммунистер фракциясына барудан бұрын Алаш Орда азаматтарымен 
ақылдасып, нұсқау алушы едік. Оларға фракцияда болған мәселелерден келіп 
мәліметтер беруші едік. 
Уақыт өткен сайын партия қазақ коммунистерін жалықпай, талмай тәрбиелеуінің 
арқасында, олар Алаш Ордадан бірте-бірте кетісіп, партия жолына түсті. Бірақ, бәрі 
түгел түсті деуге болмайды. Ұлтшылдық бағытынан таймай қалғандары да болды 
(мүмкін бүгінгі күнге шейін де бар шығар). Әйткенмен олардың саны күн санап азая 
берді. ...
/Еңбекші қазақ. – 1929 жыл. – 8 январь. – № 6 (1335). 
31
Хафтияк - Құранның жетінші, соңғы бөлігінің аты, жеке кітапша болып басылып шыққан және 
революцияға дейінгі мұсылман мектебінде әдістемелік көмекші құрал болған.


242


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   233




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет