Национально-освободительного движения



Pdf көрінісі
бет146/233
Дата05.09.2024
өлшемі2.64 Mb.
#503380
түріПротокол
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   233
karin et red materialy gosudarstvennoi komissii po polnoi re

№ 128
Ораз ИСАҰЛЫ
«АЛАШ – ОРДА» СОҢҒЫ КЕЗДЕ
Алаш Орданың салт-санасы, Алаш Ордашылардың өздері әлі күнге тірі. Алаш 
Ордашылар жер бөлігін большевиктердің тағы бір бүліншілігі, қазақ даласына 
орнатқан азамат соғысы десті. 
Алаш Ордашылар кәмпеске туралы – «кәмпескенің мәнісі – ел тонау» дегенді 
ашық айтты. Қазақ даласына үгіт жүргізді. «Кәмпескені жүргізуде ел әбігершілікке 
түспей қала алмайды. Бұл әбігерлікті большевиктер кедейлердің тіленуімен болды, 
ел төңкеріс жолына түсті деп түсіндіреді. Мал кәсібі саны шығындалумен өркендей 
алмайды. Жеке қолдағы мал тобын бөлшектеу пайдасыз болады. Большевиктер 
кәмпескені жүргізу арқасында шет аралықта жұрт наразылығын туғызғысы келеді. 
Жұртты Қытай шегіне қашырғысы келеді. Байлар малдарын сатып ұлы бұйымға 
айналдыру керек. 
Мәскеуге арыз жаудырып, ел басқа жаққа ауып кету қаупі бар деген байбаламды 
салу керек» – десті. ... 
Алаш Ордашылар байшылдық жолынан таймады, пікірін өзгертпеді, осының 
салдарынан біздің құрылыс жұмысымызға қарсы шығумен келді. Сондықтан, біздің 
ескеретін бір жұмысымыз – жалпы байларға қарсы шабуылды күшейтумен қатар 
Алаш Ордашыларға, олардың пікірлеріне де қарсы күресті күшейте отыруымыз тиіс. 
Алаш Ордашылар аяқ алысына қарай, керек болған жерінде мемлекеттің шараларын 
да қолданудан тайынбау керек. 
... Алаш Ордаға қарсы күресте ескеретін бір жұмыс – жас оқығандар арасында 
өзіміздің ықпалымызды күшейту керек, бұлардың кеңесшіл жолға икемделіп 
жүргендерін жұмысқа тартуымыз керек. Бұны ескермей кетсек үлкен қателескен 
боламыз. 
Документтерге қарағанда қазіргі коммунистердің бірсыпырасы Алаш Ордаға 
белсенді қатысқандығы көрінеді. Алаш Ордаға қатынасы жарыққа шығып әйгіленбей 
жүрген коммунистер де аз болмасқа керек. Партияға бұл негізінде құпия емес. ... 
/Еңбекші қазақ. – 1929 жыл. – 8 январь. – № 162 (1491). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   233




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет