Аса қадірлі Әлеке!
51
Шын жүректен інілік, кішілік сәлем сізге!
Сіздің зор еңбегіңіз – «Орталық Қазақстанның Беғазы - Дәндібай мәдениеті»
атты бірегей кітабыңыздың дүкенге түскеніне, оны менің алып оқи бастағаныма
біраз уақыт болып қалды. Үйде де, түзде де жалғызіліктеу болып, сондықтанда
жүгірінді әрі жүгінішті болып бірден хат жаза алмай қалдым. Тиражы көп
болмағанмен кітаптың атына қарап бізге көбірек жіберсе керек.
Барлық кітап дүкендеріне түсті, жұртқа құлақтандырып, хабарландырып
жатырмын. Бағалы еңбегіңіздің осылайша әдемі болып, көз тартып, көпшіліктің
қолына тиюімен сізді шын жүректен құттықтаймын. Мұндай еңбекті сіз болмасаңыз
кім жарыққа шығарта алар еді, деп ойлаймын.
Менен гөрі өзіңіз жақсы білетін ағаларыңыз, құрбыларыңыз пәле-жаладан аман-
сау болып, бір қалыпты өмір сүрсе, қалыпты жағдайда еңбек етсе қазақ мәдениетіне
қаншалықты қорланып, қаншалықты байыр еді, дегім келеді. Анау үлкен Әлекең,
кеше өлген кіші Әлекең, анау Ақаң, Санжар, Елдес, Халел, Мағжан, Құдайберген,
Сәкен, Мұқаммеджан тағы басқалар тірі болып, бәрі де өз ажалынан өмірлерінің
табиғи шегіне жетіп өлсе халқымыздың тарихынан, тілінен, әдебиетінен қандай мол
мұра қалдырар еді. Бұлар және осыларға тетелес нелер білімпаздарымыз өздерімен
бірге, тек өздері білгендерін, көргендерін, айтар ойларын, жазатын арман-қиялдарын
ғана із-түзсіз алып кеткен жоқ, олар сонымен бірге өздері жинап-терген нелер
құнды бағалы тарихи деректері әр қилы айғақтары жоғалып кетті ғой. Әрине, олар
өздері жоғалтқан жоқ. Олардың өздерінің көздерін құртқанда, біз өзіміз отқа жағып
құрттық қой. Қап дейсің де, саныңды соғасың да қоясың. Мұндайда надандық,
озбырлық, жауыздық болар ма, сірә?! Қалың өрттің арасынан отқа күймей қалған
жалғыз қадақ ақселеудей сіздердің аман қалғандарыңыз қандай бақыт. Еңбегіңіз
құтты болсын, халқыңызға берген бұл игілікті ісіңізді ұрпақ ұмытпас, қайта әрқашан
мақтан тұтып жүрер деп білемін.
Зор құрметпен
Достарыңызбен бөлісу: |