Национально-освободительного движения


Семей облыстық қазақ комитетінінен



Pdf көрінісі
бет17/233
Дата05.09.2024
өлшемі2.64 Mb.
#503380
түріПротокол
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   233
karin et red materialy gosudarstvennoi komissii po polnoi re

Семей облыстық қазақ комитетінінен:
Райымжан Мәрсеков, 1937 «Халық жауы» деген атпен ұсталды. Р. Мәрсековтің 
Қытайдағы тағдыры туралы дерек аз, сол аз деректердің өзінде қайшылықтар 
көп кездеседі. Р. Мәрсековтің қашан, қайда қайтыс болғаны толық мәлім емес. 
Бір деректерде «Құлжа тұрмесінде өлді» делінсе, екінші бір деректерде «Семей 
түрмесінде өлген» делінеді.
Халел Ғаббасов, 1931 жылы Москва қаласындағы түрмелердің бірінде атылды, 
1988 жылы ақталды.
Жақып Ақбаев, Алаш қайраткерлері сияқты сталиндік зобалаңға түсіп, Воронежге 
жер аударылған, ол жақтан ауруына байланысты елге қайтарылып, 1934 жылы 4 
шілдеде Алматыда қайтыс болады.


25
Әлімхан Ермеков, 1929-1930 жылдары бір топ қазақ зиялыларымен бірге 
абақтыға жабылады. Сол жолы бостандыққа шығады. Алайда 1939 жылы сотталып, 
1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Түрмеден шыққаннан кейін жаламен 
қайта ұсталып, 1958 жылы босайды. 1957 жылы 26 қарашада толық ақталып, 
Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде математикадан дәріс оқиды. 
1970 жылы қайтыс болады.
Ахметжан Қозбағаров, Алаштың арыстай азаматтарын қуғындау басталған 
жылдарда тұтқындалып, 1929 - 1932 жылға дейін түрмеге қамалды. Соңынан 
кінәсі дәлелденбей бостандыққа шығады. Ол саналы ғұмырының соңында Алматы 
қаласында болып, 1932 жылдан бастап №2 кірпіш зауытының амбулаториясында 
меңгеруші қызметін атқарған. Ахметжан Қозыбағаров 1937 жылы 25 тамызда Семей 
түрмесіне қамалып, ату жазасына кесіледі. 1957 жылы ақталған. 
Жүсіпбек Аймауытов, 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырька түрмесінде 
атылды.
Имам Әлімбеков, 1933 жылы «Алаш ісі» бойынша 10 жылға сотталып, 1935 жылы
шығады. Қарқаралыға қайтып, бір кездері өзі ашқызған Бесоба мектебінде оқытушы 
болып істеп жүргенде қайта ұсталады. 1937 жылы 17 қыркүйекте ату жазасына 
кесілді. 1990 жылы 15 наурызда ақталды.
Мәннан Тұрғанбаев, 1930 жылы 4 сәуірде ОГПУ сот коллегиясының үкімімен 
Семейде қамауға алынып, Қапал түрмесіне отырды. 1932 жылы айыптары 
дәлелденбегендіктен босатылады. 1937 жылғы 20 тамызда ату жазасына кесіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   233




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет