Национально-освободительного движения


Қуғын-сүргінге ұшырағандар



Pdf көрінісі
бет16/233
Дата05.09.2024
өлшемі2.64 Mb.
#503380
түріПротокол
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   233
karin et red materialy gosudarstvennoi komissii po polnoi re

Қуғын-сүргінге ұшырағандар:
Ақмола облыстық қазақ комитетінен:
Айдархан Тұрлыбаев, 1934 жылы абақтыға жабылды. Абақтыда 6 ай азап шегеді. 
1937 жылы қайта ұсталып, ату жазасына кесіледі.
Асылбек Сейтов, 1937 жылы 1 желтоқсанда ұсталып, 8 желтоқсанда ату жазасына 
кесілді. Оның туған бауырлары Мұсылманбек және Мұратбек те «Алаш» партиясының 
мүшелері ретінде репрессияға ұшырады.
Байсейіт Әділов, ұжымдастыруға қарсылық көрсетті деген желеумен тұтқындалған, 
бірақ абақтыдан босатылғанымен, 1928 жылы желтоқсанда жазалаушылар жасағына 
қарсылық көрсетіп, оққа ұшты.
Қошмұхамбет Кемеңгеров, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, атылды. 1957 
жылы ақталды.
Мағжан Жұмабаев, 1929 жылы М. Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны 
үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға 
кесіледі. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандыққа 
шығады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді.
Сәкен Сейфуллин, 1938 жылы тұтқындалып, 1939 жылы 28 ақпанда Алматыда 
атылды. 1953 жылы ақталды.
Орал облыстық қазақ комитетінен:
Жаһанша (Жанша) Досмұхамедов, 1930 жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 
жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылды, 1938 жылы қайта тұтқындалып, ату 
жазасына кесіледі.
Дәулетшах Көсепғалиев, 1929 жылы қарашада «Меңдешев тобының құрамында 
жікшіл күреске қатысты» деген айыппен қызметтен босатылады және «жартылай 
феодал әрі бұрынғы Алашорда қайраткері» деген екі санатпен тәркіленіп, Орал 
округінің 113 байы қатарында Жетісу округіне жер аударылады.
Алпысбай Қалменов, 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған.
Халел Досмұхамедов, 1930 жылы 15 қыркүйекте тұтқындалып, 5 жылға
Воронежге жер аударылды. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет 
тұтқынға алынып, Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде 
әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді, 1939 жылы 19 қыркүйекте түрме 
ауруханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болды. 1958 жылы 28 ақпанда ақталды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   233




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет