ІІ-Тарау.Ж.Жабаев өлеңдерін оқыту
Жабаев Жамбыл (1846 – 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руынан шыққан Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниегекелген.
Жамбылдың өсіп - өнген топырағында ән – күй, ақындық – жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, «Менің пірім – Сүйінбай…» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім – тәрбие алған. Жамбылдың ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында қалған жоқ. Ол өзіне дейін өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас ақындар мен жыршылардың бай мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгеріп, өз шығармашылығына тұғыр еткен. Асан Қайғы, Бұқар жырау, Шөже, Балта, Шернияз, Шортанбай, Дулат, Сүйінбай, Досқожа, Нысанбай, Майкөт, Майлықожа, т.б. ақындарды үлгі тұтқан. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік білген. Қырғыз манасшылары мен жомоқшылары арасында әріптес достары көп болған, солармен бірге қырғыз айылдарын аралап, өлең айтып, жыр тоғытқан, күй тартып, айтысқа түскен. Атақты Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен, солармен жарыса «Манас» , «Ер Төштүк» эпостарын жырлаған. Олардың ілтипат – ықыласына бөленген. Жамбыл бүкіл әлемге тараған «Мың бір түннің» тарауларын, Орта Азия мен Кавказ халықтарына ортақ «Көрұғылы» жырын, Фирдоуси «Шахнамасының» үзінділерін жасынан жаттап алып, айтып жүрген. Осындай қайнарлардан нәр алған Жамбыл өсе келе тек қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жырау, ақын, жыршы болып қалыптасқан. Сөз өнерінің бұл үш түрін бір адамның меңгеруі – сирек кездесетін құбылыс. Ал Жамбыл өзін әрі жырау, әрі жыршы, әрі ақын ретінде сезінген («Шын жүректен жыр төгіп, сөйлеп бір кетті жырауың», «Нені естісек, соны айту – ежелден ісі жыршының», «Жамбыл ақын сөйлеген сөзді бекердемеңдер»).
Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең – жырмен өткізген Жамбыл - өткен екі ғасырдың куәсі болды, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі аралас, жақсылығы мен жаманшылығы қатарлас екі түрлі қоғамда ғұмыр кешті. Жамбылдың шығармашылық өмірі, негізінен, 19 ғасырдың 70 – жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жылдар Ресей отаршылары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар – үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік – саяси қыспаққа алғаншақеді.
Сол кездерде Жамбыл шындықты айтып, замана болысын суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлайды, мысқылдайды, сынайды, күйініп те, қиналып та сөйлейді.
Шыншылдық пен сыншылдық қасиетін Жамбыл ақындармен айтыстарында да сақтап, турашылдығымен ерекшеленіп, нағыз ақын ретінде байтақ елге танылған. Оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқанөнері–оныңайтыстары.
Жамбылдың Сайқал қызбен (1864 – 65), Жаныс ақынмен (1866), Бөлектің қызымен (1870), Бұрым қызбен (1873), Айкүміспен (1874), Сарамен (1875), Сары ақынмен (1875), Шыбылмен (1890), Бөлтірікпен (1890), Майкөтпен (1891), Сарбаспен (1895), Құлмамбетпен (1897), Доспанбетпен (1907), Шашубаймен (1909), т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды.
1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол қозғалысқа арнап шығарды. Оның көбісі сақталмаған. Тек есте қалып, хатқа түскені – «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» деген өлең – толғаулары. Осы шығармаларында Құлансаз, Қарабастау жайлауындағы Қарғалы, Самсы, Ұзынағаш және Шейінпенде болған қақтығыстардан елес береді. Жамбыл көтерілісшілерді өлең – жырымен жігерлендіреді, оның үгітшілік қимыл - әрекетін патша әкімдері жазаламақ болады, бірақ халық Жамбылды қорғап қалып отырған. Жамбыл Жабаев 1919 ж. Жетісу халық ақындары бас қосқан слетке қатысты. 1934 ж. республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқы арнау, толғаулары осы тұста жырланды. 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде оның даусы бұрынғыдан да асқақ естілді. Ежелгі данышпан жырауларша Жамбыл 1930 – 40 жылдар аралығында мемлекеттік мәні бар мәселелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлайды, замана жайында толғайды.
Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қырынындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936 – 1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр – толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық – саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» – деген еді Сәкен Сейфуллин.
Жамбыл – жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады.
Жамбыл көзінің тірісінде-ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті.
Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттық рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгілейді.5
2.1.Жамбыл туындыларын оқушыларға танытудың кейбір жолдары
Ж.Жабаевтың өмірін, бүкіл шығармашылығын, әлемдік мәдениетке қосқан үлесін бағдарлама бойынша берілген сағат аясына сидыру мүмкін емес. Бұл орайда оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденісі, сыныптан тыс әдеби жұмыстар, оқу сабақтары әр түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылып, байланыстырыла жүргізілгенде ғана әдебиет пәні мұғалімі өз мақсатына жетеді.
Халық поэзиясының даму жолдары Жамбыл Жабаев есімімен тығыз байланысты. Ол – суырыпсалмалық өнердің туын биік көтерген ақын. Жамбыл мұрасы тек қазақ халқының ғана емес бүкіл әлемнің рухани құндылығы. Орыс, ұйғыр,өзбек, грузин, украин, немістер т.б. халықтардың қай-қайсысы болмасын ақынды, аса ірі фольклорист, суырып салма ақын деп таниды. Жамбыл мұрасы өте бай, оны оқушыларға әр қырынан таныту оқытушы міндеті болмақ.
Жамбыл әлемі – күрделі әлем.Кешегі кеңестік идеология оны «жаңа заманның»жыршысы еткісі келді. Бұрынғы оқулықтарда солай көрсетілді. Ал бүгінгі мақсат – жаңа буынға Жамбылдың қазақ халқының көркем мәдениетін әлемге танытып, оның ежелгі дәстүрлерін дамытуға елеулі үлес қосқанын жаңаша көзқараспен түсіндіру. Жамбыл өлеңдерінің көбі бізге толық жеткен жоқ. Біразы кеңес дәуіріне дейінгі кезеңде айтылып, бірақ хатқа түспей қалды. Таңды-таңға қосып айтқан көптеген жырлары, дастандары жазылып алынбаған. Көбіне-көп берідегі әр түрлі атаулы күндер мен жиындарға арналған өлеңдері ғана көпшілікке тез жетіп отырған.Сонымен қатар ақынның мерейтойларынаарнап жарық көрген материалдарды сұрыптап пайдалану – оқушының осы тақырып жайлы танымын кеңейтері сөзсіз.
Жамбыл поэзиясы ендігі кезекте тәуелсіз ел көзқарасы тұрғысынан қайта бағадалуы тиіс. Бірақ оны күтіп отырмай, бұрынға жазылған еңбектерді екшелей отырып, ақын мұрасын жалпы адамзаттық құндылықтар деңгейінен қарастырып, негізгі тұжырымдарды саралауымыз керек. Оны жинақтай айтсақ:
Жамбыл -екі ғасырды көріп, жүз жасаға ұлы ақын.
Жамбыл – шығыс желісіне құрылған талай дастандарды жатқа айтып, мыңдаған шумақтар мен ұйқастарды зердесіне сақтап, шежіре-аңыз, тарихи оқиғаларды, айтыс-толғауларды, бұрынғы –соңғы ақын-жыраулар мен батыр-билердің өмір деректерін, ауызекі әңгімелерді көкірегіне құйып алған, өзі де толғаулар шығарған жырау.Жамбыл –ірі айтыс ақыны. Ақынның Құлмамбет, Сарбас,Шашубай сияқты ақындармен өнері кеңес дәуіріне дейін-ақ, арысы-қырғыз, берісі – Жетісуға кеңінен танымал болған.Алайда ол өлеңдері жазылып сақталмаған.
Ақынның 70 жастан кейінгі өмірі кеңестік заманға тұспа-тұс келді.Ол кеңестік насихатқа сенді. Сол жаңа өмірді жырлауға көптеген өлеңдерін арнады.Жамбылдың көркемдік әлемінің қуаты – халықтың сан ғасырлық дәстүрлі жыр қайнарынан шыққандығында. Ол қазақ поэзиясының адамгершілік мұраттарын жаңа мазмұнда байытты, дәстүрлі поэзияны дамытты.Мұғалімнің тақырыпқа осы тұжырымдарды басшылыққа ала отырып келгені жөн.
2. 2. Ж.Жабаевтың «Өтеген батыр»шығармасын оқыту.
Сабақтың бірінші бөлімінде мұғалім Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кіріспе сөз айтады. Оқушылардың өздері бұрын оқыған Жамбылдың шығармалары туралы еске түсіру көзделеді. Ақын туралы фильм, диафильмдер көрсетіледі. Шығарманы мұғалімнің өзі мәнерлеп оқиды. Сонымен бірге ұлылар айтқан ақын туралы сөздерге тоқталады.
Сабақтың екінші бөлімінде мәнерлеп оқу, эпизодтарды талдау, мәтінге түсініктеме беру жұмыстары жүргізіледі.Өтеген батырдың мінезін, портретін ашуға тоқталады.
Сабақтың үшінші бөлімінде кейіпкердің іс-әрекетіне баға беріледі. Автордың кейіпкерге деген көзқарасын айқындалып, сол туралы оқушылар өз пікірлерін білдіреді.
Сабақтың төртінші бөлімінде оқулықтағы Өтеген батырдың суреті бойынша жұмыс жүргізіледі. Суретке қарап отырып оқушылар шағын шығарма жазып, шығарма туралы ойларын айтып береді. Уақыт жетпегендеріне үй тапсырма ретінде беріледі.
Сабақтың бесінші бөлімінде мәтін соңындағы сұрау-тапсырмалармен жұмы жүргізіледі. Сабақтың қорытынды бөлімінде мұғалім жалпы сыныпқа құрақ қояды.
-
«Өтеген батыр» дастанынан кішкене ғана үзінді оқып, сол үзіндіден жалпы шығарма тақырыбын түсінуге болама?Нені аңғардыңдар?
Оқушылар толық жауап бере алмаған жағдайда мұғалім өзі қорытындылайды.
-
Балалар, Жамбыл аталарыңның, «Өтеген батыр» дастанының тақырыбы – елін, жерін сүю, еліне жайлы қоныс іздеу. Мәтіннің алғашқы шумағынан-ақ біздің кейіпкердің, Өтеген батырдың арманы көрінбей ме?
«...Әттең сені, дүние-ай!
Дариядан су алып...»- деп
Басталатын шумақты қараңдаршы.
Ал екінші шумақта, батырдың мұңы, өкініші, «соңымнан елім ермейді-ау!» деп қапалануы тұрған жоқпа? Егер Өтеген батыр өз қара басын ғана ойласа, осыншма қиналар ма еді? Әрине жоқ. Батырға деген елдің құрметін қай шумақтан көруге болады?
Оқушылар тауып оқиды:
-
Жұртымен амандасып қойдай шулап,
Өтеген демін алды аунап, қунап,
Той қылды, ат шаптырды Өтегенге,
Құлпырды Өтеген де құрдай жайнап.
Мәтіндегі соңғы екі шуамақты, яғни Өтеген батырдың еліне айтқан сөзін оқушы келістіріп, образға еніп оқиды. Оқушы оқып болған соң, мұғалім оқушылардан: Өтегеннің дәл осы кездегі сезімі қандай еді? Ол батырдың даусынан, үнінен байқалды ма? Өтеген батырдың соңынан елі ермей қойғанда сенде қандай сезім болды?
Балалар бұл сұрақтарға жауап береді. Дастанға қызыққан оқушыларға Жамбылдың шығармалар жинағынан «Өтеген батыр» дастанын толық оқуға тапсырма беруге болады.
2.3.Сабақ үлгілері.
Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев өмірі мен өнер жолы, ақын әлеміне шолу.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.
А) Ақынның дүниежүзілік аренаға шығып, суырып салма, импровизаторлық дәстүрді дамытуға қосқан үлесі.
Ә) Ақынның алғашқы туындыларынан көрінетін адамзаттық-азаматтық тұлғасын ашу;
2. Тәрбиелік а) Туған халқының тағдырына ортақтасу. Отаншыл жырларының мәнін аша отырып, өзіндік тұжырым – пікір жасау дағдыларына үйрену;
Ә) Оқушыларды Отанын, өз халқын, елін, жерін сүюге баулу;
3. Дамытушылық: а) Өшпес өнерге айналған өмірді танып білу де оқушылардың ойлау белсенділігін арттыра отырып, жан-жақты ғылыми тұрғыдан іздене білуге төселдіру;
Ә) Ақынның өмір сүрген қоғамдық ортасымен қарым-қатынасын айқындау; б) Суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену;
Сабақтың түрі: Ізденіс сипаттағы тәжірибелік сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:
-
Ж.Жабаев өмір кезеңдерін қамтитын ауызша әдеби журнал,(буклет,схеме,таблица,сызба т.т.)
-
Ақынның туғанына жүз елу жыл толуына байланысты (газеттік, журналдық басылымдар) жеке папка.
-
Жамбыл мұражайында өткен оқу-фильмі. Электронды оқу құралы, видеофильм.
-
Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы. Алматы,-1965.
-
Ә.Тәжібаев. Өмір және поэзия.Алматы, -1960.
-
Ж.Жабаев творчествосы (жинақ).Алматы, -1989.
-
Кадаскопты ретіне қарай пайдалану
Сабақты өткізу әдісі:
Мәнерлеп оқу, түсіндіру, болжам жасау, пікір алмасу, зерттеу әдісі, проблемалық сұрақ-жауап. Топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:1. Оқушыларды топқа бөлу.
Кіріспе. Электронды оқулықтан Ж.Жабаев туралы гипермәтінді тыңдау.
1-топ. Оқушысы: Жамбылдың алғаш ақындық атын шығарған өлеңі «Шағым». Бұл кезде ол он бес жаста екен: Өлеңді мәнерлеп оқиды. (Экранда слайд арқылы беріледі).
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жанымды
Талай дүре соғылды,
Тілің ащы бала деп,
Қайнатты әбден сорымды.
Оқымаймын молдадан
Екі иығын қомдаған
Бала келсе сабаққа
Жем аңдыған дорбадан.
Ақ сәлдесі басында,
Боз інгендей боздаған.
Қайтіп сабақ береді,
Айтқаны ішке қонбаған-
Деп таяқтың астына алып, дүрелеп оқытатын молдалардың жаттанды діни оқуын өткір сынға алады. Оқушыларды осы өлеңдегі негізгі түйінді тапқызу үшін, жетелеу сұрақтарын беруге болады.
Бұл оқушылардың өз беттерімен мәтінді түсінуге бағыттайды.
-
Бала неге молдадан оқығысы келмейді? Мәтінге сүйене отырып дәлелде.Ықтимал жауап: Молданың айтқандары мүлде түсініксіз, ол баладан үнемі бір нәрсені дәмеленеді, өз құлқынын ойлайды.
-
Ащы тілмен молданың мінін бетіне айтып, одан жасқанбайды, надандығын әшкерелейді. Сөйтіп молданың алдын екінші көрместей болып біржолата қош айтысты.
-
Өлеңді Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесімен салыстырыңдар. Жауап: Ия, Түйебай да молданы жек көреді, ол да үнемі бір нәрсе алғысы келіп тұрады. Түсінікті, тәрбиелі еш нәрсе айтпайды. Түйебайды жәбірлейді.
Оқытушы, Жамбыл поэзиясының танымдық, тәлімдік қасиеті – ұлттық қазынамыз, өркениетті әлемнің мәдени байлығы екендігіне жан-жақты тоқталып, шолу жасайды. Ақын өмірін таныту, талдау барысында «Естеліктер сыр шертеді»атты ауызша әдебие журналды пайдалну сабақты жандандыра түседі.
І-бөлім:
М.Әуезов: «Жамбылдың кеңестік дәуірдегі туындылары – ұлы шеберлік көріністері, кезінде әлемді таңғалдырған ғажайып құбылыс. «Өлең кірген түсіне жөргегінде мен болам»-деп, өзі айтқандай, тұла бойы тұнған жыр, өлеңнен жаралған, басында миллион ұйқасты дайын ұстаған».
Ғ.Мүсірепов: «Жәкең шығармалары ғасырдан ғасырға кетеді.Халық ақындарынан шыққан мұндай алып ақын болған емес. Еш уақытта, еш тарих жүз жасаған ақынның соңғы сағатына дейін ақындық қуатының сарқылмағанын білген емес». 1938 жылы Алматы қаласында өткен Жамбыл шығармашылығына 75 жылдық мерекесіне еліміздің түкпір-түкпірінен көрнекті ақын-жазушылар, белгілі қоғам қайраткерлері келіп, ақын өнерін ерекше бағалап, жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ әлемнің әр шетінен озық ойшыл жазушылар қарт Жамбылды құттықтап, оның өнерін айрықша бағалап, телеграмма жолдады.
Мысалы: «Жамбылдың қайта тууы – халық ауыз әдебиетінің қайт атуғандығынығ бейнесі. Жамбыл жырларының күші-оның терең халықтық шығармашылығының болуында».
Сабақ барысында мұндай естелік ой-пікірлерді ұтымды пайдаланып оқушылар назарына ұсыну, ақынды таныта білудегі ой қозғаушы әрекеттердің бірі болмақ. Ең бастысы оқушылар Жамбылдың халық өмірінің айнасы болған ақындық, жыршы-жыраулық өнердің саңлығы екеніне көз жеткізіп ұғына түседі.
Журнал беттеріндегі барлық пікірлерді бір сабақ көлемінде түгел оқып көрсетуге мүмкіндік жоқ екенін ескере отырып, оқытушы қай уақытта үзінді пікірлер мен танысуды алдын –ала жоспарлағаны дұрыс. Сондай-ақ «Жыр алыбы-Жамбыл», «Дархан дарын – жарқын үн» т.б. сияқты сыныптан тыс оқу сабақтарында бұлардың өз жалғасын табатынын оқушыларға ескерткен жөн.
2-топ. Сабақтың бір бөлігін «Ақындарыд тыңдаймыз» атты жинақтан Жамбылға арналған өлеңдерді тыңдауға болады.
Көптеген ақындар, шәкірттері жүрек жарды сүйікті жырларын арнаған. Кейбір үзінділерді нақышына келтіріп, мәнерлеп дұрыс оқи алатын оқушылардың өздеріне кезекпен оқытуға болады.
Мысалы: 1-оқушы Кенен Әзірбаев (1938 жыл)
Қарт ата, қадірлі ата, дүлділ ата.
Сайраған бағымызда бұлбұл ата
Бір ғасыр,неше дәуір басымыздан,
Өткізіп көрдің талай үлгіні ата.
2-оқушы.Ғали Орманов:
Болып ең сен де нөсер, Жамбыл ақын.
Даусына жалпақ дала жаңғыратын
Күркіреп құйып-құйып жөнелгенде,
Жалтылдап найжағайдай жатыр артың.
Мұндай үзіндіреді тыңдауды Жамбылдың:
Халық үшін төсеп отыр өле-өлгенше
Ағарған сақалы мен шашын Жамбыл
Көтерген көкке төбе тірелгенше
Иеді көпшілікке басын Жамбыл-
Деген өз сөздерімен аяқтауға болады. Үзінділер оқылып болғанна кейін оқушылардың алған әсерін байқау үшін арнайы сұрақ-тапсырмалар беруге болады:
-
Ақынның «Халқым»деп соққан жүрегін өз сөздерінен қалай аңғаруға болады?
-
Ақындар арнау өлеңдерінде қандай көркемдік суреттеу құралдарын пайдаланған.
-
Естеліктердің үні мен сыры Жамбыл шығармаларының өміршеңдігінің дәлелі.
Оқушылардың әрқайсысы өзіндік пікір-тұжырым жасауға тырысқанын байқатты. Олар: «Жыр алыбы – Жамбыл атамыздан қалған мұраларды танып білу, тереңіне үңілу біздің басты парызымыз»- деп жазды. Жамбыл шығармаларын танытуда, ақын өмірінің өлең жырға айналуы ерекше сөз болып, Жамбылдың өзінің өмірбаяндық естеліктерін пайдалануға болады. Жасынан-ақ өлеңге әуестенген Жамбыл әкесінен рұқсат сұрап, оның ақын Сүйінбайдан бата алып жолын ұстануы, өзінің келешегін ерте болжай білгенін аңғартады. «Оқымаймын молдадан, не оқытпақ ол маған»-деп ақындық өнерге ден қойып:
Домбыра алып сөйлейін,
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң,
Елде болар береке...
Деген ой-тұжырымын да өлең-жыр өмір бойғы қасиетті ісі, сүйікті кәсібі болып қалғанын көрсетеді. Оны өзі де ашып айтады.
Бұл Жамбыл бір сөйлесе қызып кетер,
Пәтуа-тауып бірлігіңді бұзып кетер
Ебін тауып ұстамай өшіктірсең,
Байлап-матап қойсаң да үзіп кетер-дейді. «Шағым», «Әкеме»деген өлеңдерінде әкенің айтқанымен емес, өзі қалаған жолмен жүретінін айтып мәлімдеді.
Тақырып:Ж.Жабаев өлеңдерін оқытудың жаңа технологиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Жамбыл Жапаұлы өміріне тоқтала отырып, оның шыңдық шеберлігін,жырау, жыршы, импровизатор ақын екенін ұғындыр
2. Жамбыл өлеңдерінің ерекшелігін , оның мәні туралы білім көзқарасын жинақтап дамыту.
3.Бабаларымыздың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, шешендік сөз өнеріне баулу.
4. Түсініктерді деректер мен дәйекті сөзбен дәлелдеу, өлең талдау дағдыларына, мәнерлеп оқуға, өз пікірін қорғай білуге төселдіру.
Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттері: Өлеңді талдау дағдыларына, мәнерлеп оқуға, өз пікірін қорғай білуге төселдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның суреті,альбом, кітап көрмесі, нақыл сөздер, сызбалар, үнтаспа, кодоскоп, кеспелер.
Сабақтың түрі: лекция.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1.Қызығушылықты ояту сатысы. Ой қозғау.
1.Жамбыл Жабаев туралы не білесіз?
2. Жамбыл қай жерде туылған?
3. Жамбыл кімнің шәкірті еді?
4. Жамбыл оқыған ба?
Топтастыру стратегиясын пайдаланамыз
Ақын
Динамен сырлас, Жамбыл тауының
етегінде туылған
замандас Сүйінбай ақынның
шәкірті
Жауынгерлерге Ақындар айтысының
рух беруші алыбы
Енді Жамбыл Жапаұлы өміріне тоқталайық. Жамбыл 1846 жылы, Жамбыл облысы, Шу өңіріндегі Жамбыл Тауының етегінде, ақпан айында дүниеге келген. Руы Шапырашты Екей. Жамбылды әкесі ауыл молдасын оқуға береді. Ал балаларға дүре соғып, қорлықпен құран оқудыы бірнеше жыл үйрететін молдада оқығысы келмеді. Дарынды бала өзінің өнерпаздық қасиеттерін, сыбызғы мен домбыра арқылы ғана өрістете алды. Сыбызғы мен домбырада ол әртүрлі әндер мен күйлер тартатын, өлең айтатын болған.
Оқуды тастаған Жамбылды әкесі қой соңына салып қояды, бірақ ол мал да баға алмайды. Осы күндері «Шағым» атты өлеңі дүниеге келеді. Молда алдынан оқу да, мал бағу да қолынан келмеген Жамбыл әкесінен бата сұрайды, бірақ әкесі бата бермейді.
«Жұрт біздің Екей руын мазақтап, «Екей елу бақсы, сексен ақын»деген атақ аз болып жүр ме? Сексен бірінші болып қайтесің?
Масқаралама әкеңді!» - дейді. Сонан соң Жамбыл Сүйінбай Ақынға барады.
Алыстан әндеткен Жамбылдың зор дауысын ұнатқан Сүйінбай Жамбылға бата береді. «Өлеңдерің жеке адамдардың емес халықтың игілігіне айналсын. Көмеймен емес, жүрекпен жырла. Әділ сөйлеп, адал бол. Жаттанды өлеңге үйір болма...»- дейді.
Ұстазының осы сөзін құп алған Жамбыл, Сүйінбайды пір тұтып, өз өлеңдерін былай бастайтын еді.
Менің пірім – Сүйінбай,
Сөз сөйлеймін сыйынбай
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай
Осы Сүйінбайды кейін ауыл ақсақалдары бата беріп, одан соң Жамбыл әкесінен тағы да бата сұрайды.
Ия, Алла!
Талабын ұлдың таудай қыл,
Кеудесін жаққан шамдай қыл.
Ұзақ жасар ғұмыр бер,
Еліне шашар нұрдай қыл.
Талабыңа нұр жаусын,
Сүйінбай бір сүйер көрік бол
Әумин.
Сүйінбай ақынның үмітін ақтағаны, оның айтыстарынан көрінеді. Нағыз айтыскер екенін дәлелдеген жері, 1881 жылы құлмағамбетпен айтысы еді.
Жамбыл атының дүркіреп шығуына себепкер болған, Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Осы жылдары жалынды өлеңдерімен, жауынгерлерге рух бере білді.
Жамбыл 1945 жылы жеңіске арналған митингіге қатысып келіп, таңғы жетіде жүргегі тоқтады.
Жамбылдың жырлары, өлеңдері ғасырдан ғасырға кете береді. «Еш уақытта, еш тарихта жүз жасаған ақынның соңғы сағатына дейін ақындық қуатының сарқылмағанын ешкім білген емес», - деген Елеукенов.
Міне, бүгін біз Ж.Жабаевтың екі өлеңін өтеміз. Өлең мәнерлеп оқылады.
Ал, балалар, енді осыған назар аударайық. «Жалғызбын деп жүрмесін» өлеңі Абайға арналған өлең. Жамбыл Абайдың сүйікті ұлы Әбдірахманның қайтыс болғанын естіп барған кезінде, Абайдың өзімен кездесе алмай Мағауияға сәлемдемесін, аманатын, яғни осы арнау арқылы көңіл айтып жіберген.
Абайдай білімді, данышпан ақынның сүйікті ұлының қазасы тек Абайға ғана батып отырған жоқ, дүйім халық көтерер қаза екендігін айтады. Жамбыл Абайдың білімділігін, даналығын бағалап, өзінен биік санаған.
Нар көтерген ауырға Арқасын тоссын жасымай!,-дейді.
Екінші «Артықша туған азамат» өлеңі барлық азаматқа арналып жазылған өлең. Азамат елінің, туған жерінің қамын ойлайтын болуы керек. Көңіл айту, арнау, толғау ауыз әдебиетінің бір түрі болып табылады.
Арнау
Сұрай арнау
Жырлай арнау яки толғау
Зарлай арнау
Өз ойын өзгеге арнап, Бір адаммен ғана емес, Қаза үстінде айтатын
Сауал арқылы айтып жалпы жұртқа қайырыла зарлы өлең
Жеткізеді сөйлеп кеңеседі
«Жалғызбын деп жүрмесін» «Артықша туған азамат»
ҚОРЫТЫНДЫ
Адам тәрбиелеу, оған білім,ғылым жолынан сабақ беру, баланы өмір сүруге үйрету – мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Ұрпағымыз қаншалықты саналы болса, адам баласының жасауы да сан ғасырға жалғаса береді.
Біз елімізді ешкімнен кем болмайтын еркін демократиялық қоғам құру үшін ауқымды міндеттерді шешуге қабілетті, жетік, ұлттық және жалпы адамилық құндылықтар рухында тәрбиеленген ұрпақты кәмелетке жеткізуді өз алдымызға жоғары мақсат етіп қойғанбыз.
Осы ізгі мақсатқа қол жеткізу, перзентеріміздің ақыл-ойы мен дарынын толық көрсету үшін, оларды бүгінгі және ертеңгі өміріміздің шешуші күшіне айналдыру үшін ешнәрсені аямастан, күшіміз айналдыру үшін ешнәрсені аямастан, күшіміз бен мүмкіндіктерімізді жұмылдырып қандай үлкен жұмыстарды жүзеге асырып жатқанымызға барлығымыз куәміз.
Болашақ ұрпақтың бақыты мен келешегінің қандай болуы, бізге, яғни ұзтаздарға тікелей қатысты екендігін жете түсініп отырып, бар біліміімізді, күшімізді ұрпақ тәрбиесіне арнауымыз керек. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білім беру ісінің хухани, шығармашылық ізденіспен қарап, өмірге еніп жатқан жаңа педтехнологияларды толық меңгеруі тиіс.
Қорты айтқанда бүгінгі күн оқытушысы ПТ, АТ жақсы меңгерген, терең білімді, кәсіптік пәнін толық иеленген болуымен бірге жоғары адмдық қасиеттерге ие болған, балалар және үлкендермен қиналмай қарым-қатынасқа түсе алатын, олардың рухиятын, жағдайын түсіне алатын шын шебер педагог болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |