7.
Механикалық ішек өтімсіздігіне қандай фактор әкелмейді?
Жабысқақтардың, тартпалардың, тұтасулардың болуы
Ішектің қабырғасынан немесе көршілес мүшелерден пайда болған, ішек кеңістігіндегі әр түрлі түзілістердің болуы
Ішек түтігінің туа пайда болған аномалиясы (мальротация, Меккель дивертикулы, шажырқайдағы саңылаулар мен тесіктің болуы)
Спазм мен парездің басым болуымен ішектің моторлы қызметінің өзгеруі+
Туа және жүре пайда болған сипаттағы мүшелердің қозғалмалылығы
8.
Ер кісі 49 жаста қабылдау бөліміндегі хирургқа автоапат орнынан ауыр жағдайда жеткізілді. Шағымдары: кеуде торының оң жартысындағы және ішіндегі ауру сезімі, шөлдеу, әлсіздік. Қарағанда: тері жабындысы бозғылт, беті термен шыланған, ЖСЖ 103 соққы мин, АҚ 100/60 мм с.б.б., ТЖ 22 рет/мин. Эритроциттер 3,0*109, Hb 104 г/л, Ht 30%. Кеуде торының бүйір беті бойымен, белінде және санының жоғарғы үштен бір бөлігінде көлемді сырылған жерлер бар. Тынысы әлсіреген, іші, әсіресе оң жартысында жіті ауру сезімі, жамбас-сан буынының қозғалысы сақталған. Төменде көрсетілгендерден қайсысы болуы мүмкін?
Кеуде аралықтың ығысуымен гемопневмоторакс
Бүйре к жыртылуы, іш қуысы артындағы гематома
Өкпе зақымдануы және өкпеішілік гематома
Қабырға сынуы, ұйыған гематоракс
Бауыр жыртылуы, құрсақішілік қан кету+
ауыр жыртылуы, құрсақішілік қан кету
9.
Хирургия бөлімшесінде 72 жастағы науқас 1 ай бұрын ақырын дамыған механикалық сарғаюдың белгілерімен жатыр. УДЗ және компьютерлі томографияда ұйқы безінің басында түзіліс бар екендігі анықталды. Билирубин мөлшері 210 ммоль/л. Операцияға науқас өмірлік көрсеткіштері бойынша дайындалған, науқастың жағдайының ауырлығы интоксикация мен арықтаумен негізделген. Жоғарғы ортаңғы лапаротомияда көршілес мүшелерге таралған, бауырға метастаз берген ұйқы безінің ісігі анықталды, сонымен бірге бауырдан тыс өзектердің кеңеюі және өт қабының ұлғаюы байқалады. Дұрыс хирургиялық тактиканы таідаңыз:
Холедоходуоденоанастомоз
Холедохты дренаждау және кейін панкреатдуоденальды резекция
Бауырастылық кеңістікке бақылау дренажын қою
Холецистоеюностомия+
Панкреатодуоденальды резекция
10.
Жол- көлік апаты нәтижесінде науқас жамбас сүйектерінің сынуы, алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы болды. Объективті: науқастың жағдайы ауыр, іштің қасаға үстінде айқын ауырсыну, өздігінен кіші дәретке бара алмауы, уретрадан қанды бөліністер байқалады. Несепқуықты катетеризация жасау мүмкін болмады. Кезекші хирург уретраның жыртылуын анықтады, бірінші көрсетілетін ем қандай?
Эпицистостомия
Металдық катетермен зәр бөліп алу
Уретра пластикасы
Эпицистостомиямен уретра пластикасы+
Уретраны біріншілік тігу
11.
62 жастағы науқас жедел тасты холециститпен, холедохолитиазбен, механикалық сарғаюмен жедел түрде операцияға алынды. Холецистоктомия, холедохтан тастарды алып тастау және сыртқы өт өзектерінің өткізгіштігін тексеру жүргізілді. Операцияны Вишневский әдісі бойынша холедохты дренаждаумен аяқтау шешілді. Вишневский әдісі бойынша дренаждау қалай жасалады?
Өт қаптық өзектің қалдығы арқылы проксимальды бағытта
Өт қаптық өзектің қалдығы арқылы, Т-тәрізді конструкция
Холедохотомиялық жарақат арқылы проксимальды бағытта+
Назобилиарлы дренирлеу
Өт қаптық өзектің қалдығы арқылы дистальды бағытта
12.
Науқас 54 жаста, қабылдау бөлімінің хирургына дене температурасының 38,0 С дейін жоғарылауына, оң жақ мықын аймағындағы тартып ауырсынуға, бір реттік құсуға, тәулігіне 10-15 ретке дейін қан аралас нәжістің болуына шағымданып түсті. Анамнезінен: бірнеше рет амбулаторлы емделген. Қанда: лейкоцитоз 11,2*1012, т/я нейтрофилдер 26%, ЭТЖ 22 мм/сағ, эозинофилдер 0. Науқаста мүмкін болатын болжамды диагноз?
Жедел аппендицит
Жедел гастроэнтерит
Бейарнамалы жаралы колит+
Крон ауруы
Мезентериальды тамырлардың тромбозы
13.
68 жастағы ер адам хирургиялық бөлімшеге тері жамылғыларының сарғаюына, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданып түсті. Қарау кезінде үлкейген өт қабы анықталды. КТ-да ұйқы безінің басының ісігі анықталған. Науқасқа операция жасалды. Интраоперациялық жедел биопсияда – аденокарцинома. Осы жағдайда төменде көрсетілген операциялардың қайсысы тиімді?
Панкреатодуоденальды резекция
Холедохоеюностомия
Холедоходуоденостомия
Карпокаудальды резекция
Холецистоеюностомия+
14.
Достарыңызбен бөлісу: |