Науқас 66 жаста, күн бұрын белгілері пайда болған жедел ішек өтімсіздігі бойынша операция жасалуда. Операция барысында сигма тәрізді ішектің ісігі бар екені, обтурациялық өтімсіздік анықталды


Созылмалы тасты холецистит бойынша операция жасау кезінде ұйқы безінде өлшемі 3*2*1 см жұмсақ-эластикалық консистенциялы түзіліс анықталды. Бұл түзіліс не болуы мүмкін?



бет4/18
Дата20.11.2022
өлшемі137.83 Kb.
#465268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Тестты quizizz

Созылмалы тасты холецистит бойынша операция жасау кезінде ұйқы безінде өлшемі 3*2*1 см жұмсақ-эластикалық консистенциялы түзіліс анықталды. Бұл түзіліс не болуы мүмкін?
Тасты панкреатит
Панкреатодуоденальды жыланкөз
Ұйқы безінің ісігі
Ұйқы безінің гематомасы
Ұйқы безінің кистасы+


15. 
18 жасар жігітте үлкен дәретке отырғанда, ауырсынады. Анустың сол жағында гиперемия, жұмсақ тіндердің инфильтрациясы байқалады. Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?
Флегмона
Нәрестенің некротикалық флегмонасы
Геморрой
Парапроктит+
Тік ішектің полипі


16. 
Әйел кісі 45 жаста, сол аяғының жоғары үштен бірінің беткей веналарының бойында ауырсынуына, қызаруына және тығыздалуына, дене қызуының жоғарылауына шағымданып, қабылдау бөліміндегі хирургқа келді. 10 жыл бойы аяқтың варикозды ауруымен зардап шегеді. Бір аптадан бері жағдайы нашарлаған. Қарағанда: сол аяғында ісіну және цианоз жоқ. Оның ішкі беткейінде варикозды кеңейген беткей тамырлардың бойында гиперемия, пальпация жасағанда санның ортаңғы үштен біріне дейін ауырсынатын түйін анықталады. Тамырлы түйіннен жоғары аймақты пальпация жасағанда ауырсыну сезімі жоқ. Науқаста аяқ веналарының варикозды ауруының қандай асқынуы дамыған?
Аяқтың жедел лимфангоиты
Тамырлардың облитерациялық атеросклерозы
Варикозды венаның жедел тромбофлебиті+
Посттромбофлебиттік синдром
Аяқтың тромбоангииті


17. 
Хирургтың және гастроэнтерологтың қарауында 45 жастағы науқас рефлюкс-эзофагит көрінісімен диафрагманың өңештік саңылауының жарығы диагнозымен болды. Науқас ұзақ уақыт бойы консервативті ем қабылдауда, бірақ соңғы 5-6 айда емнен нәтиже жоқ. Емханада хирург операциялық емге көрсеткіштер анықтауда. Осы науқасқа қандай операция түрін жасау керек?
Бильрот бойынша асқазанның проксимальды резекциясы
Асқазаннан бүкпе жасау
Бағаналы ваготомия
Крурография және Ниссен боынша фундопликация жасау+
Эзофагофундоанастомоз

18. Ер кісі 44 жаста жан сақтау бөлімінде жатыр. 2 күн бұрын тоқ ішектің жарылуы және жайылған фиброзды-іріңді перитонит бойыынша операция жасалған. Дәрігердің тексеріп шығуы кезінде науқас жағдайының бірден нашарлағанын байқады. Қарағанда: тері қабаттарының бозаруы, сипағанда терісі ылғалды, денесінде көгерген дақтар бар. АҚ 70/40 мм с.б.б., пульс 128 соққы/мин, ТЖ 36 рет/мин, перистальтика естілмейді. Қандай себептен науқастың жағдайы нашарлаған?
Септикалық шоктан+
Операциядан кейінгі ішек парезінен
Респираторлы синдромнан
Жүйелі қабынулық жауап синдромынан
Интоксикациялық синдромнан

19. 
Жедел деструкциялық холецистит бойынша көлденең мини ену жолымен холецистэктомия жасау барысында және Кало үшбұрышының элементтерін шығару кезінде техникалық қиындықтар туындады. Өт қабының өзегін және артериясын байлағаннан және кескеннен кейін өт қабы алынып тасталынды. Содан кейін операция кезінде холедохтың экстирпациясы анықталды. Хирургтың тактикасы қандай?
Декомпрессиялық дренажды қоймай Ру әдісімен гепатикоеюноанастомоз салу+
Гепатикохолангиостомия
Тампондау, бауырастылық кеңістікке дренаж қою және басқа ауруханаға ауыстыру
Кер бойынша дренаждау
Гепатикохоледохты сыртқы дренаждау

20. 
Іштің жабық жарақатын алған науқасқа диагностикалық лапароскопия жүргізу кезінде сигма тәрізді ішектің қабырғасында болатын өлшемі 0,8*0,2 см болатын тесік анықталды, осы тесіктен ішектің құрамы іш қуысына түсіп тұр, сонымен бірге жайылмалы нәжістік перитонит анықталады. Қандай хирургиялық тактиканы таңдайсыз?
Жараны лапароскопиялық тігу
Жараны лапароскопиялық тігу, жарадан жоғары деңгейге түтікше енгізумен артқы өтіс сфинктерінің девульсиясы
Жараны лапаротомиялық тігу, құрсақ қуысын ревизиялау, сфинктер девульсиясы
Лапаротомия, бірбағаналық жасанды артқы өтісті шығарумен Гартман бойынша сигма тәрізді ішекті резекциялау
Лапаротомия, зақымдалған ішекті алдыңғы құрссақ қабырғасына шығару, іш қуысын санация жасау және дренаждау+



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет