Науқасты тамақтандыру



бет2/11
Дата13.02.2022
өлшемі34.13 Kb.
#455324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Нау?асты тама?тандыру

Емдәмдік мәзірлер

1а, №1б, №1 емдәмдер. Асқазан жара ауруларының әртүрлі сатыларында, гастриттің аскынуында тағайындауға болады.Тағайындау мақсаты - асқазан жолдарын химиялық, механикалық, термиялық тітіркендіргіштерден сақтау. Тамақтану тәртібі: әр бір 2 - 3 сағат сайын аз мөлшерде тамақтану.

2 емдәм. Шайнау аппратының қызметі бұзылғанда, созылмалы гастритте, созылмалы энтероколиттің асқынбаған кезінде тағайындауға болады. Операциядан және жедел жұқпалы аурулардан кейін тағайындалады. Тағайындау мақсаты: асқазан мен ішектердің қызметін қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5 рет.

3 емдәм. Іш қату кезінде тағайындалады.Тағайындау максаты: ішектің қалыпты босатылып отыруын және перисталтикасын күшейту. Тағам өсімдік талшықтарына бай болуы кажет, сұйықтықты кебірек ішу керек.Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5рет, ал түнде жатарда бір стақан айран, қара өрік, қызылша жеу керек.

4 емдәм. Ішекке операция жасағаннан кейін, жедел - созылмалы энтероколитте және гастроэнтероколитте тағайындалады.

Тағайындау мақсаты: ішектерді химиялық және механикалық аялау; ішектің перистальтикасын және ондағы ашу үрдістерін күшейтетін тағамдарды бермеу. Өсімдік талшықтарын және сүтті шектеу. Тамақтану тәртібі: күніне 5-6 рет, шектеулі мөлшерде. Сұйық ішу тәулігіне 1,5 л.

5 емдәм. Бауыр және өт шығару жолдарының созылмалы ауруларының өршімеген кезеңінде (холецистит, гепатит, бауыр циррозы) және асқазан ішек жолының аурулары болмаған жағдайда ағайындалады.Тағайындау мақсаты: бауыр қызметінің бұзылысын қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі 2 - 2,5 сағат сайын тағам қабылдау және күніне жылы күйінде 2,5 л дейін сұйықтық ішу.

6 емдәм. Подаграда және зәрқышқылды диатезде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: пуриндік алмасуды қалпына келтіру және зәр қышқылының түзілуін азайту. Пуриндік негізге бай тағамдарды шектеу, сілтілі радикалды сақтайтын (көкөністі, жемісті, сүтті) тағамдарды тағайындау. Тамақтану тәртібі: күніне 5 рет, күніне 2,5 л сілтілі сұйықтықты көп мөлшерде ішу

7а, 76. 7 емдәм. Бүйрек ауруларында, жедел нефритте, бүйрек қызметі сақталған жедел гломерулонефритте және бүйрек жеткіліксіздігінде, гипертониялық ауруларда тағайындалады.

Тағайындау максаты: бүйректі аялауға мейлінше жағдай жасау. Тұзды шектеу арқылы көтерілген қан қысымына және ісіктерге әсер ету. Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет.

8 емдәм. Семіздік кезінде, арнайы тамақтануды қажет ететін қосымша асқорыту мүшелерінің, бауырдың және жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары болмағанда тағайындалады. Тағайындау мақсаты: майдың көп мөлшерде жиналуын болдырмау және жою мақсатында зат алмасуға әсер ету. Көмірсулар мен майлардың есебінен тағамның құндыльнынң шектеу.Тамақтану тәртібі: жиі-жиі аз құнарлы тағам қабылдау. Аптасына 1 - 2 рет ашығу күндері тағайындалады.

9 емдәм. Қан диабетінде, қосымша аурулары болмаған жағдайда, Тағайындау мақсаты: көмірсу алмасуының жақсаруына жағдай жасау. Тамақтану тәртібі: күніне 6 рет.

10, 10а емдәм. Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында, қан айналым жеткіліксіздігі болуына (№10) және болмауына (№10а) байланысты тағайындалады. Тағайындау мақсаты: емдәмге калийге бай тағамдарды енгізу, ас тұзын шектеу арқылы қан айналым жүйесін жақсартуға, ісіктерді азайтуға жағдай жасау. Тамақтану тәртібі: аз мөлшерде күніне 6 рет тағам қабылдау.

11 емдәм. Өкпе туберкулезі, арықтау кезінде тағайындалады. Тағайындау мақсаты: тағамның кұнарлығын арттыру арқылы ағзаның қарсы тұру кабілеттілігін жоғарылату, витаминдік тепе-теңдікті қалпына келтіру. Тамақтану тәртібі: күніне 4 - 5 рет тағам қабылдау.

12 емдәм. Жүйке жүйесінің аурулары кезінде тағайындалады.

Тағайындау максаты: жүйке жүйесін коздырмау, ащы тағамдарды және дәмдеушілерді ( приправа), кофені, шайды шектеу қажет.

13 емдәм. Жұқпалы ауруларда және баспаның жедел сатысында және т.б. тағайындалады. Тағайындау мақсаты: қызба кезеңінде ағзаның қарсы -тұру қабілеттілігін жоғарылатуға жағдай жасау. Аз мөлшердс күніне 6 рет тағам қабылдау.

15 емдәм. Барлық ауруларда. асқорыту жүйесінің қалыпты жағдайында.

Тамақтану тәртібі: күніне 4-5 рет тағам қабылдау.

Емдәмдік тамақтануды ұйымдастыру

Ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруда медицина қызметкерлері және тамақ дайындайтын жердің қызметкерлері қатысады.

Емдеуші дәрігер науқасқа белгілі бір емдәм тағайындап, сырқатнамаға белгілейді. Бақылаушы мейірбике мөлшерлік-мәзір құрастырады. Онда қанша науқасқа қандай емдәмдік мәзір тағайындалғаны көрсетіледі. Барлық мөлшерлік-мәзірдің деректерін қосу негізінде талап етілген тағамдардын қажетті мөлшері дайындалады.

Әдетте ірі ауруханаларда науқастарды тамақтандыруды дәрігер-дитетолог басқарады. Тамақ дайындайтын жердің жұмысын бақылау аурухананың диетолог мейірбикесіне жүктеледі. Дайын тамақты тарату тек кезекші дәрігер сапасын тексергеннен кейін ғана жүргізіледі. Тамақты бөлімшенің дәмханасына әкелгеннен кейін жылытып, содан соң дәмхананы мен бақылаушы мейірбике тарата бастайды. Тамақты таратар алдында арнайы халат киген жөн. Халінің ауырлық деңгейіне байланысты науқастар тамақты асханада немесе палатада қабылдайды. Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру бақылаушы мейірбикенің міндетіне жатады. Халі ауыр науқастарды төсекте жатқан қалпында, төсегінің бас жағын көтеріңкілеп, тесек үстіне қойылатын үстелшені қолдану арқылы, ал ол болмаған жағдайда науқастың кеудесі мен мойнын сүлгімен жауып касықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. 20 - 30 минуттан қейін босаған тамақтың ыдысын алып кету керек. Домхана мек асхана үшін арнайы белгіленген тазалау кұралдары болады. Үстелдер мен еденді зарарсыздандырғыш ерітіндіні қолданумен ылғалды тазалау әр тамақтанудан кейін жүргізіледі. Ыдыстарды майды кетіретін заттарды қолданумен арнайы ванналарда жуылады, ыдыс жуатын аспаптар ыстық сумен шайылады, содан кейін 0,5% хлорамин ерітіндісіне батыру арқылы зарарсыздандырылады да ағынды сумен шайып, кептіреді. Жөке зарарсыздандырғыш ерітіндіге салынады.

Ауыр халдегі, әлсіреген науқастарды кейде қасықпен немесе шүмекті ыдыспен тамақтандырады. Бұл тамақтандырудың табиғи тәсілі. Кейбір жағдайларда, науқастар өздігінен тамақтана алмаса немесе кей себептердің салдарынан табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса жасанды тамақтандыру қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет