НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Емдеу алдын-алу мекемелерінде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру. Емдәмдік мәзір туралы түсінік.
Тамақтану ағзаның физиологиялық қажеттілігі болып табылады. Адам ағзасына қажетті заттарды тағам арқылы алады, олар ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер және сулар. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады.
Емдік тамақтану
Ішкі ағза ауруларының негізгі кешендік емі болып табылады. Онда тамақтану тәртібін сақтау да кіреді, сау адам күніне 4 рет тамақтанады.
Мейірбикенің міндеті науқастарға жалпы күтім жасап, емдік тамақтануды дұрыс ұйымдастыру.
Емдік тамақтануды немесе диетотерапияны емдік және алдын-алу мақсатында жедел және созылмалы ауруларда арнайы тағамдық рацион құру үшін қолданады. Емдік тамактанудың негізгі қағидаларының бірі: тағамдық рационның тепе-теңдігі. Емдәм тағайындағанда аурудың сипаты, ағза мүшелеріндегі бұзылулар дәрежесі ескеріледі. Соған байланысты тағамдық рационга сәйкес өзгерістер енгізіледі, белгілі бір өнімдер шектеледі, алып тасталынады, тамақ дайындау тәсілі өзгертіледі. Кейде, қысқа уақытқа физиологиялық толық емес емдом немесе ашығу тағайындалады. Кейбір ауруларды емдеуде тамақтану тәртібінде өзгерістер болады (тағам қабылдау жиілігі және ұзақтығы) және тағамдарды кулинарлық өңдеу сипаты да өзгереді. (бөлшектеу,жылы өңдеулер, буда және суда қайнату және т. б.)
Тағам құрамының сапалық өзгерістері - қиын қортылатын, дөрскі тамақтарды бермеу, тағамның жалпы мөлшерін азайту және арнайы кулинарлық өңдеу (майдалау, үккілеу) - асқорту жолын механикалық
аялауды қамтамасыз етеді. Химиялык аялау - бу_л ащы ет, бшіық, көкөніс сорпалары, қуырылған ет тағамдары, қою туздықтар, дәмдеуіштер сияқты ас қорыту сөлдерінің бөлінуін күшейтетін тағамдық заттарды бермеу. Сонымен қатар тағам өте қатты ыстық болмауы керек, асқазанның жылуыны сәйкес 36 - 37°С болуы қажет. Ауруханалық мекемелерде төрт реттік, ал кейбір аурулар тобына 5 - 6 жэне 8 реггік тамақтану ұймдастырылады. Күндізгі уақыттағы тағам қабылдаудың арасындағы үзіліс 4 сағаттан көп болмау керек.
Емдәмдік мәзірдің арнайы 30 дан аса қатары бар. ПЕВЗНЕР ұсынған соынң 15 мәзірі неғұрлым жиі қолданылады. Номерлік жүйедегі емдәмдер Ресейдің, ТМД және Қазақстанның ауруханаларында тамақтануды ұйымдастыруда қолайлы. Қазіргі кездегі диетологияда бұл жүйе ескірген болып саналады, өйткені ол негізінде науқастың жеке ерекшеліктеріне емес бір аурудың жалпы сипатына бағытталған, бір науқаста бір емес бірнеше аурулар болуы мүмкіндігі ескерілмеген. Кейбір мемлекеттерде, мысалы Германияның ауруханаларында, арнайы емдәм жоқ, тек бір базалық емдәм қолданыдады, оны емдеуші дәрігер мен диетолог әрбір науқасқа арнайы өзгертіп отырады.
Барлық емдәмдар физиологиялық толық қүұрамды, үйлестірілген, яғни ақуыздар, көмірсулар, минералды заттар мен дәрумендер жеткілікті мөлшерде болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |