ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ
НАУЧНЫЕ РАБОТЫ
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ
104
болғанымен ХХ ғ. басындағы Ресей интеллигенциясының тарихын саяси билікке қатысына
қарай зерттеу қолға алынды. Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі Л.К.Ерманның (Т. Хазре-
тәлі «Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын Хазретәлі.-Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ.
2013.-61 б.) монографиясында интеллигенцияның қалыптасуы және оның зиялыға тән
қоғамдық-саяси қызметі алғаш рет жан-жақты қарастырылды. Осы зерттеудің ізін ала 70-80
жылдары ХІХ–ХХ ғ. басындағы орыс интеллигенциясының тарихын әр қырынан зерттеген
П.С. Гусятников, А.В. Ушаков, В.Р. Лейкина-Свирская, С.А. Федюкин, В.Л. Соскин сияқты
ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Таптық көзқараспен жүргізілген бұл зерттеу еңбектер-
дегі интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметіне қатысты ұстанған концепциялар мен
жасалған тұжырымдардың қазіргі заманғы ғылыми ой талабына сай келмейтін тұстары жоқ
емес. Әйтсе де, бұл еңбектердің деректік маңызы үлкен екендігін есте ұстауымыз керек.
Кеңес қоғамындағы дәстүрге сай орталықта жүргізілген бұндай зерттеулер Орта Азия
мен Қазақстанда осы тақырыптағы зерттеулерге концептуалдық, мазмұндық және тақырып-
тық тұрғыда үлгіге алынды.
Тақырып тарихнамасының алғашқы тобын құраған Ж. Карагусов, А.К. Валиев, Т.
Дурдиев, Ш. Тастановтардың еңбектерінде (Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Моногра-
фия/Тұрсын Хазретәлі. – Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013. – 62 б.) ұлттық интеллигенцияның
қалыптасуы мен қызметінің жетістіктерін бірыңғай Кеңес үкіметінің ұлт саясатымен байла-
ныстырған жалаң идеологиялық баяндауларға негіздегендігіне қарамастан, тың деректік құ-
жаттардың дәйектеріне сүйеніп, ұлттық интеллигенция жайлы ғылыми ой-пікірлер қалыптас-
ты. Осы жерде атап өтерлік мәселе ұлттық интеллигенция тақырыбының тарихнамасы 20–30
жылдардан бастап қолға алына бастаған болатын. Түркістан элитасының көрнекті өкілі Т.
Рұсқылов өз еңбектерінде қазақ интеллигенциясының тарихына көп көңіл бөліп, оның пайда
болуы мен қалыптасуы ХІХ ғ. соңында басталды деп тұжырым жасайды. Ол ұлттық интелли-
генцияның қызметін саяси, әлеуметтік және ұлттық бағдарды басшылыққа алып қарастыру-
дың негізділігін алға тартады. Түркістандағы ұлттық элитаның келесі өкілі С.Ж. Асфендия-
ров та ұлттық интеллигенцияның қалыптасу кезеңін ХІХ ғ. ортасынан бастауды ұсынады.
Тақырыпты игеруге қызығушылықтың артуымен 70 жылдары ұлттық интеллигенция-
ның қалыптасуы мен қызметін идеологиялық қондырғының қағидалары аясында барынша
ауқымды талдап, мүмкіндігінше объективті бағалауға бағдар ұстаған Ә.К. Қанапин, А.Д.
Яндаров, Р.Б. Сүлейменов, Х.И. Бисеновтердің еңбектері жарық көрді (Т. Хазретәлі «Алаш
һәм Түркістан». Монография /Тұрсын Хазретәлі.-Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013.-62 б.). Осы
кезеңдегі зерттеулердің арасынан Р.Б. Сүлейменовтың Қазақстанның қазан төңкерісіне
дейінгі мәдени мұраларына баса мән беріп, Ресейдің шет аймақтарындағы ұлттық интелли-
генцияның тағдырына талдау жасаған еңбектерінің маңызын атап өтуге болады (Т. Хазретәлі
«Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын Хазретәлі.-Алматы, «Ел-шежіре» ҚҚ. 2013.-61
б.). Отандық тарих ғылымының коммунистік идеологияның ықпалынан арылуы және гумма-
нитарлық, демократиялық қағидалар мен жалпыазаматтық құндылықтар бағытында дамуы
мәселені жаңа көзқараспен бағалауда кең мүмкіндіктерге жол ашты. Тәуелсіздік жылдары Х.
Әбжанов пен А. Гурьевич, А. Амрекулов пен Н.Э. Масановтардың еңбектері жарық көріп,
ұлттық интеллигенция тақырыбын жаңа мазмұнда игеруге кең мүмкіндік ашты.
«Қазақ интеллигенциясы қашан қалыптасты?» деген сауалға Х. Әбжанов мынадай
жауап қайтарады: «Россияның қол астына енгенге дейін ХІV–ХVІІ ғасырлардағы қазақ қоға-
мы ой еңбегі адамдарына кенде емес болатын. Олардың арасында сәулетшілер де, басқару-
шылар да, композиторлар да, әскер басылары да, ақындар, сал, серілер, жыраулар да, дипло-
маттар да бар еді. Ұшы-қиыры жоқ кең даладағы цивилизация талабына творчестволық қыз-
меті толық жауап берген интеллигенцияның әлеуметтік тобы, осы тұста құрылды». Ғалым
зиялылардың ел алдындағы қызметінің сырын ашу үшін Ш. Құдайбердіұлының «Терең ой,
түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әулие деген сол болса керек» деген сөзін
алға тартады. Осы тұжырымның элиталық тұлғаға деген дәстүрлі қоғамдағы өлшем-бағаны
танимыз.
|