Научные работы



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата11.12.2022
өлшемі447.47 Kb.
#467021
1   2   3   4   5   6   7   8   9
зия

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ

НАУЧНЫЕ РАБОТЫ 
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ 
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 
107 
Отандық тарихнамадағы тұлғатану бағыты ХХ ғ. басындағы ұлттық зиялы өкілдерінің 
шығармашылық қызметінен бастау алды. Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Дулатовтардың 
«Қазақ» газетінде ұлттық зиялының жеке тұлғалары туралы жарияланған мақалалары тұлға-
тануға қатысты алғашқы үлгілер болды. Бұл еңбектер билік жүйесінің қыспағына түспеген, 
демократиялық қағидалар мен еркін ойға негізделгендіктен онда ұлттық мүдде ашық та ба-
тыл айтылуымен ерекшеленеді. Өкінішке орай отандық тұлғатанудағы бұл бағыт белгілі 
себептермен кең өріс ала алмады. Ал тоталитарлық жүйе нығайған кезде жарық көрген тұл-
ғатану тақырыбындағы зерттеудің үлгісін кеңестік тарихшы Ғ.Тоғжановтың еңбегінен 
көреміз (Т. Хазретәлі «Алаш һәм Түркістан». Монография/Тұрсын Хазретәлі. –Алматы, «Ел-
шежіре» ҚҚ. 2013. – 67 б.). Ресми биліктің ыңғайымен тарихшы бұл еңбегінде А. Байтұрсы-
нов бастаған ұлт зиялылары қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында ұлтшылдық 
бағытта контрреволюциялық рөл атқарды деп биліктің ұстанымын алға тартады. Осы 
мазмұндағы еңбектердің қатары едәуір, бірақ олардың мәселені қарастыруы бір сарында бол-
ғандықтан оларға тоқталудың қажеттілігі аз. Оның үстіне 30-жылдары Алаш пен Алашорда 
тақырыбына қалам тарту іс жүзінде тоқтатылып, Алаш қозғалысын жан-жақты зерттеуге 
тиым салынуына байланысты бұл бағыттағы зерттеулер мүлдем тоқырап қалды. Ал осы 
кезеңде Түркістан тарихына қатысты зерттеулер мүлдем жүргізілмеді. 
ХХ съезден кейінгі кезеңде құжаттық негізде ұлттық элитаның көптеген өкілдерінің 
өмірбаянын қамтыған еңбектер жарық көре бастады. Көптеген тың құжаттық деректерді 
айналымға ұсынып, тарих мазмұнын толықтыру бағытында жаңашыл тұжырымдар жасалға-
нымен оларға тән ортақ кемшілік – ол еңбектерде большевик қайраткерлердің қызметі дәріп-
телгенімен, ол тұлғалардың көпшілігінің 1937 ж. қуғын-сүргіннің құрбаны болғандығының 
себебі айтылмауы еді. 1980-жылдардың ортасынан жандана бастады. 
3. Қорытынды.
Қорыта айтсақ, заманында ұлт азаттығы жолында халқына қызмет еткен зиялыла-
рымыз болашақ тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қаласты. Сондықтан да тәуелсіздік жолында 
күрескен ұлттық зиялыларымыздың есімдері ұлттық мүдде жолындағы белсенді қоғамдық 
саяси қызметі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихының қасиетті төрінен орын алуы керек. 
Әдебиет тізімі
Әбжанов Х. Ұлт зиялысы мен зиялылық: тарихи негіздер // Егемен Қазақстан. – 2007 ж. 26 
шілде. 
Дүкенбаева З. Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының тарихы (1917–1941). – 
Алматы: «Ғылым», 2003. – 330 б. 
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: Көмекші оқу құралы. – Алматы: «Санат», 1995. – 368 б. 
Қойгелдиев М. Саяси элита және ұлт мүддесі Қаз МҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 1998. – 
№10. – 3–9 б. 
Қозыбаев М.Қ. Өркениет және ұлт. – Алматы, 2001. – 369 б. 
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: «Ататек», 1995. – 256 б. 
Озғанбай Ө. Ресей мемлекеттік думасы және қазақстан.–Алматы, 1997. – 461 б. 
Тұлғалар тұғыры /Құраст. І. Қозыбаев. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009. – 540 б. 
Хазретәлі Т. Алаш һәм Түркістан: монография /Тұрсын Хазретәлі. – Алматы: «Ел-шежіре» 
ҚҚ. 2013. – 400 б. 
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. – М.: Россия 
молодая, 1994. – 216 с. 
Ауанасова А. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2001. – 260 с. 

Document Outline



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет