Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Педагогикалық ғылымда парадигмалық өзгерістер болады, олар аксиология
идеяларының білім саласына дендеп енуін көрсетеді. Білім жүйесінің
трансформациясы әрқашан жалпы мәдениеттің даму контекстінде жүреді. Білім
құндылық ретінде қарастырылады [3, 68].
Аксиология тұрғысынан алғанда, мәдениет құндылықтарды және сонымен
бір мезгілде олардың жиынтығын іздеу, жасау және иелену үдерісі. Педагогикалық
құндылықтарды қарастырудағы өзекті буын идеалдар мен құндылықтар болып
есептеледі, олар білім мен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. Бұл
құндылық бағдарлардың жиынтығын жалпы қоғам деңгейінде құрайды әрі оның
жалпы бағыттылығын көруге мүмкіндік береді [4, 83]. Құндылық тұғыры адамды
қоғамның биік құндылығы деп жариялайды. Нақ осы идеяда білім мен тәрбиенің
проблемаларын зерттеуге деген мәдениеттанушылық және аксиологиялық
тұғырлардың өзара байланысы байқалады.
Ғалымдар адам мен қоғамның өміртіршілігінің бағалық-мақсатты және іс-
қимылды қырларының айрықша мәнін көрсетті. Аксиологиялық тұғыр теория
мен практика арасындағы қажетті буын ретінде қаралады. Аксиологияның
педагогикалық проблематикамен өзара байланысы осымен тұжырымдалады.
Педагогикалық персоналиялардың мұраларын зерттеу жөніндегі аксиологиялық
негіздер оның өмірлік жағдайларын педагогикалық, дүниетанымдық тұғырдар
эволюциясы мен нақты-тарихи ақиқаттарға байланысты жеке тұлғалық деңгейде
қызметке субъективті қажеттілікті зерттеу мүмкіндігін жасайды. Әр ұрпақтың
құндылықтар жүйесі сыртқы жағдайларға, әлемдік қауымдастықтың даму
қарқынына қарай трансформацияланады. Адамның барлық даму кезеңінде
абсолютті, тұрақты болатын құндылықтар категориялары болады. Релятивті,
тұрақсыз құндылықтар бар, олар тарихи, дүниетанымдық тұғырдарға қарай
өзгеріп отырады.
Музыкалық білім тұлғаны музыкалық-педагогикалық процеске оның
аксиологиялық, жүйелік, процессуалдық және нәтижелендіргіш құрамдастарының
жиынтығында енгізуге бағытталған болжамды, жоспарлы, мақсатты және тізбекті
жүйені қамтамасыз етеді.
Құндылық бағдарлар проблемасы философиялық та, жалпытеориялық
та тұрғыда ХХ ғасырдың соңғы үштен бірінен бастап (А. И. Буров,
О. Г. Дробницкий, М. Рокич, В. П. Тугаринов, Л. Н. Столович), күні бүгінге
дейін (М. С. Каган, И. Б. Котова, А. Н. Максимов, С. А. Смирнов, Е. Н. Шиянов)
ғылыми әдебиетте күшті пікірталасқа түседі. Аксиологияда құндылық деп
субъект (индивид, топтар, жіктер, этнос, адамзат) үшін өмірлік маңызы бар
объектілер (материалдық та, идеялық та) түсініледі. Рухани мақсаттар ретінде
тіршілік ететін жалпыадами құндылықтар жоғары деңгейде тұжырымдалатын
ұғымдарда нақтыланады. Олар тұлғалық мәнге ие болып, адаммен мәдениетті
игеру барысында қол жеткізіледі. Музыкалық білімнің осындай негіз құраушы
құндылықтарына жатады: мәдениет, жеке тұлға, даму, еркіндік, жауапкершілік,
ақиқат, жақсылық, сұлулық т.б. Олардың бірнешеуін қарастырайық.
Жоғарыда біз музыкалық білімнің мәнін түсіну үшін жалпыадами құндылық
ретінде мәдениет айрықша маңызға ие екенін атап өттік. Түр ретінде адамның
өміртіршілігін ұйымдастыру типтерімен және түрлерімен білінетін және
олар жасаған материалдық және рухани құндылықтарда жүзеге асқан, қоғам
дамуының тарихи нақты деңгейін көрсете отырып, мәдениет өзінің болмысын
нақ рух саласында барынша айқын көрсетеді.
Орыстың ғалым-педагогы және философы С. И. Гессен мәдениет пен
білім арасында дәлме-дәл сәйкестік бар деп меңзеді: мәдени құндылықтар
қанша болса – білімнің түрлері де сонша: «егер халыққа қатысты мәдениет
таусылмайтын мақсат-тапсырмалардың жиынтығы болса, ал индивидке қатысты
білім таусылмайтын тапсырманың өзі» [5, 35].
Бұл айтылғандарда музыкалық білімнің мәдени феномен ретінде үздіксіздігі
мен сабақтастығын, оның алшақтығы, ашықтығы мен қарқындылығын түсіну
көрсетіледі. Музыкалық педагогиканың өзекті проблемаларын, атап айтқанда,
И. А. Ильиннің идеялары пайымдауға көмектеседі, ол руханиятсыз мәдениетті
қараусыз қалу мен азғындауға душар болады деп санады.
Мәдениет тұлғаны өсіріп-өндіретін және қоректендіретін орта деп қарады
А. С. Зубра, ол мәдениеттің адам жасайтын бағыттылығы бар және тұлғаның
өзін өзі дамытуын детерминациялайтын факторларға ие деп санайды [6].
Музыкалық педагогика үшін М. М. Бахтиннің философиялық көзқарастары,
әсіресе, оның диалогтылық қағидасының философиялық-әдіснамалық аспектісі
айтарлықтай қызықты. Диалогтың табиғи диалектілігі адамға өзімен өзі өнімді
арақатынаста болуға, өзінің ішкі әлемін тануға және осы негізде өзін өзі
сәйкестендіруді құруға мүмкіндік жасайды, ол жалпы мәдениетпен бірлікте
және қарама-қарсы қою, салыстыру арқылы мүмкін болады. Адамның жеке
санасының әлемнің диалогтық моделімен диалектикалық өзара байланысы пайда
болады, ол кезде «дамуға арналған кеңістік» құрылады, адамның руханияты мен
ойларының мәдени кеңістігі қалыптасады [7, 190].
Музыкант-педагог үшін келесі маңызды құндылық бағдар тұлға категориясы
болып табылады. Жалпыадами құндылықтардың ішінде тұлға жоғары құндылық,
барлық нәрселердің себебі мен өлшемі деп танылады. Осы пайым Аллаға ұқсас
және оның бейнесінде жаратылған және өзінің бірден бір, ғажайып тұлғасын
жасау, көрсету арқылы өзін жүзеге асыратын адамға деген көзқарастың мәнін
айқындайды. Адамның ұлылығы мен айбыны мәдениет үлгілерінде жүзеге асқан,
мінсіз объективті әлемге араласу арқылы, жоғары рухани туындыларда адамның
шығармашылығының объективтілігі арқылы көрініс табады. Бұл ретте тұлғаның
94
95
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Достарыңызбен бөлісу: |