Научный журнал



Pdf көрінісі
бет97/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   202
М. А. Кененбаева
1
, Т. Б. Досалы
2
1
п.ғ.к., профессор, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Павлодар қ., 140000, Қазақстан Республикасы;
2
студент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ., 
140000, Қазақстан Республикасы
e-mail: 
1
nurshatello@mail.ru; 
2
tolganai.dosaly@mail.ru 
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫН ОҚЫТУ 
БАРЫСЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ
ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бұл мақалаға бастауыш мектеп математикасын оқыту 
барысында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімді жолдарын 
табу мәселесі арқау болды. Математика сабағын жүргізгенде әр 
түрлі тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек. Білім беруді ізгілендіру, 
оқыту әдістерін жетілдіруді, дамыта оқыту әдістері мен 
тәсілдерінің тиімді пайдалану қажет. Оқушыларды математиканы 
оқытуға қызықтырып тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу 
қажеттілігі, оқуға қызықтырудың басты шараларының бірі – 
ойындарды қолдану. Математика сабақтарында дидактикалық ойын 
элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Дидактикалық 
ойындарды мұғалім шығармашылықпен түрлендіре отырып, 
жаңа тақырыпты өткенде, өтілген тақырыпты қайталағанда, 
білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген 
сәтінде тиімді пайдаланса болады. Оқушыны жан-жақты дамыту 
және тәрбиелеу, шығармашылыққа жетелеудің тиімді жолы 
– дидактикалық ойындарды сабақта қолдану деп есептей келе, 
бастауыш сынып оқушыларына тиімді және нәтижелі білім беруге 
болатындығы зерттеліп, талдау жасалған.
Кілтті сөздер: бастауыш мектеп, дидактикалық ойын 
математика сабағы, оқушы, математикалық ойын, дамыту, 
әдістеме.
КІРІСПЕ
Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы 
тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ. 
Н. Ә. Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген 
сөзінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. 
Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан 
ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр» – дегенін естен шығармауымыз керек. 
Н. Ә. Назарбаевтың «Елдегі жағдаймен ішкі және сыртқы саясатының негізгі 
бағыттары жөніндегі Қазақстан халқына жолдауында» «Қазақстан бүгінгі таңда 
әлеуметтік – экономикалық жаңару мен саяси демократияландыру кезеңінде 
қадам басқалы тұр, білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы 
қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың 
бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін 
осы заманғы білім беру жүйесі қажет» – деген [1].
Қазақстан білім беру тұжырымдамасында «Білім беру үлгісіне орта білім 
беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты 
бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады» – деген. Осыған орай әр пәнді, 
соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі 
неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге 
асырылуда. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабағында ойындарды 
пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе.
ХХІ ғасырдың жан-жақты білімді де, саналы адамын қалыптастыру мәселесі 
үнемі мемлекетіміздің назарында. Ал, білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету 
үшін жасалып жатқан талпыныстар, оқытудың әр түрлі әдістерін қолдана отырып 
терең білімді, ізденімпаз, өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу 
ісі қоғамның басты мақсаты. Жаңа ғасыр қоғамды қайта құру жағдайында 
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – 
ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту 
және жетілдіруді басты мақсат етіп отыр. Жас ұрпақтарымызды еліміздің ертеңгі 
өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден 
дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай 
білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс-
тәсілдердің де озығын пайдалану керек. Біліммен тәрбие берудің негізі жалпы 
білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмей 
мәселе десек, бастауыш мектеп соның бастауы [2].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың 
математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу 
дағдыларын шыңдай түседі. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар 
қарпайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін 
белсендіруге назар аударылады. Білім бағалаудың бұл әдісі оқушылардың 
математика пәніне қызығушылығын арттыруы, мектепте өткізілетін әр түрлі 


188
189
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет