Наурыз-думан Мақсаты


Алдаркөсе: дұрыс айтасың Тазша бала. Олай болса қанекей балалармен де төс қағыстырайық (үшеуі де балалармен төс қағыстырады) Жүргізуші



бет2/3
Дата14.03.2024
өлшемі16 Kb.
#495589
1   2   3
наурыз жыл басы

Алдаркөсе: дұрыс айтасың Тазша бала. Олай болса қанекей балалармен де төс қағыстырайық
(үшеуі де балалармен төс қағыстырады)
Жүргізуші: «Ұлыс күні қазан толса, ол жыл ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар»-деген. Ендеше ортаға баршамызға ақ тілек, ақ батасын беретін Қызыр бабаны шақырайық.
(ортаға ақ сақалды Қызыр баба кіреді)

Қызыр баба: армысыздар жамағат


Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын
Қайда барса жол болсын,
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын! Әумин!

(жұрт тегіс бетін сипайды




Қызыр баба: балаларым менің, ата-салтымыздан жаңғырып келе жатқан ұлыстың ұлы күнін өткізіп жатқандарыңа қуаныштымын. Ал қане той тойға ұлассын! Өнерлеріңді тамашалайын!
Тазша бала: Қызыр баба ұлыстың ұлы күні ән-думунсы, жырсыз өтпейтінін жақсы білесіз. Ал қане балалар. Өнерлеріңді ортаға салыңдар!

«Наурыз» биі «Айгөлек» тобының орындауында




Тазша бала: балалар қане тойымызды ары қарай жалғастырайық. Қане мықты, күшті жігіттер бар ма арамызда.


Қожанасыр:мен бар! Қане кім менімен күреседі.
Алдаркөсе: Қожеке бұның қалай балалар сенімен қалай күреседі. Кел екеміз балаларды екіге бөліп арқан тартысайық.


Қожанасыр: Жөн-жөн. Дұрыс айтасың. Қане кім менің жагыма келеді. Тартыссақ тартысайық.
(балалар екіге бөлініп, арқан тарту ойынына қатысады)


Жүргізуші: Туған жер топырағыңнан айналдым
Жадымда мәңгі есімің
Мөп-мөлдір бұлағыңнан айналдым
Ауылым ақ бесігім

Нұрғалы Нұрайдың «Туған жер» әніне кезек берейік


Жүргізуші: Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша бала бүгін той. Балаларға қандай сый жасайсыңдар. Біз сендерді құр жібермейміз


Солай ма балалар?
Балалар:Иә, бізге өнерлерін көрсетсін
Жүргізуші: балаларға қандай сый жасайсыңдар.
Тазша бала: қане ортаға қыздар, жігіттер шығыңдар! Бір билеп қалайық!
(Үшеуі ортаға шығып, балалар мен қосылып билейді)

«Қара жорға» биі




Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Рахмет сендерге Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша бала

Күй нөсерін төгейік


Жырдан моншақ өрейік
Уа, жамиғат ал енді
Әнге кезек берейік

«Қош келдің төрлет Наурызым» әнімен «Ақбота» тобының қыздарын қарсы алыңыздар


(айғалап Саққұлақ келеді)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет