52
Үміт cәулесі
ондай жағдайға душар етпегейсің» деп өзінің ондай
жағдайға түсіп қалмауы үшін дұға етуі керек.
Пенде болған соң ұрыс-керіссіз өмір жоқ қой.
Сондай жағдайда Пайғамбарымыздың: «
Мұсылман
мұсылманмен үш күннен артық араздасып, араласпай
қоюларына болмайды», – деген хадисін еске алып, тез
арада жарасуға тырысу қажет.
Жаратқан иеміз жайында да жаман ойға берілмеу
қажет. Құдай тағалаға деген жаман ой қандай десең,
ол Алла тағала жасаған күнәларымды кешірмейді деп
жаман ойлау. Шын жүректен жасалған тәубені Жасаған
иеміз әрдайым қабыл алып, кісі ақысынан басқа кез
келген күнәні кешіретіндігі
көптеген аят-хадистер-
де айтылған. Бір құдси хадисте Алла тағала
«Құлым
мен жайлы қандай ойда болса, ақыретте оған со-
лай қатынас жасаймын» деп бізді жақсы ойлауға
шақырған.
Сол секілді тек қана адамдар жайлы емес, айнала-
мызда орын алып жатқан оқиғалар туралы да жақсы
ойлау қажет.
Әбу Дарда былай дейді: «Адамдар жек көретін үш
нәрсені мен жақсы көремін: кедейлікті, науқастықты,
өлімді.
Кедейлікті жақсы көремін,
өйткені ол
тұрақтылық береді.
Науқастықты жақсы көремін,
өйткені ол күнәларымды өшіреді. Өлімді жек көрмеймін,
өйткені ол мені Аллаға қауыштырады».
Құранда айтылғандай жек көру де, жақсы көру де
шариғаттың шеңберінде орынды болмақ. Өйткені адам
бір нәрсені жек көрсе, ол оған зиянды да, пайдалы да
болуы мүмкін. Сол секілді бір нәрсені жақсы көрсе,
ол пайдалы да зиянды да болуы мүмкін. Сондықтан
Құранда: َوُهَو ًائْي َش ْاوُّب ِحُت نَأ ى َسَعَو ْمُكَّل ٌرْي َخ َوُهَو ًائْي َش ْاوُهَر ْكَت نَأ ى َسَعَو