57
Үміт cәулесі
неге толық сіңеді. Қан мен ет қалауы жоқ, күші жоқ,
өздігінен еш нәрсе істей алмайтыны белгілі. Олай
болса кейбір періштелер, асқазандағы асты сол жерде
сақтаса, екінші бірі оны қан, ет пен сүйекке айналды-
рады, енді біреуі азықтың артығын сыртқа бөліп тастап
отырса, енді бірі сүйек сипатындағы азықты сүйекке, ет
сипатындағы азықты етке қосып отырады, енді бірі сол
азықты қосқанда аз да емес, көп те емес өз мөлшерімен
беріп отырады. Әр ағзаға өзіне керектісін ғана беріп
отырмаса, бір аяққа аз бір аяққа көп берсе, немесе екі
аяққа азық бермей, қоректің барлығын дене мен қолға
бере берсе, адамның аяқтары туылғанда қалай болса, со-
лай жетілмей қалады емес пе?! Нәзіктігіне қарай көздің
қабағына, нұрлануына қарай көзге, қалыңдығына қарай
балтырға, қаттылығына қарай сүйекке
және салмақ
пен түріне қарай бір асқазандағы азықты бөліп беру
періштенің міндеті. Ағзалардың кейбіреулері үлкен,
енді бірі кішкентай, енді бірі көп қорек қажет етеді.
Бұлардың барлығына теңдей бөлетін періште әділ болма-
са, мұны дұрыс орындамаса, адамның барлық азғалары
теңдей өспейді. Бұл істердің барлығын өздігінен болып
жатыр деген адам қандай надан, білімсіз болмақ.
Негізінде адам бір көзіне азықты жеткізу үшін
бір періште емес, жүздеген періштеге мұқтаж. Алай-
да бұлардың санын
тек жаратушы Раббымыз ғана
біледі. Иә, осының бәріне адам баласы ой жүгіртіп,
Жаратқанға мадақ айтуы тиіс. Құранда: «
Сен егер
Достарыңызбен бөлісу: