Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


«Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін және



Pdf көрінісі
бет72/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   98
Үміт сәулесі

«Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін және 
көремін»
78
, – дейді. Сондықтан Алланың көруші де-
77
«Әли Имран» сүресі 
78
«ТаҺа» сүресі, 46-аят. 


154
Үміт cәулесі
ген сипатын толық біліп соған тәуекел етіп жүру қиын-
қыстау заматта қорқынышты сейілтеді, құлшылықта 
ықыласты арттырады. 
Бірде Пайғамбарымызға (с.а.с.) Жәбірейіл періште 
келіп: «Ихсан деген не?» деп сұрағанда, Алла елшісі 
(с.а.с.): «Ихсан ол – Алланы көріп тұрғандай ғибадат 
етуің, сен оны көрмесең де, Ол сені көріп тұр» деп 
жауап берген болатын. Олай болса, Алла бізді көріп 
тұрғандай сезіммен намаз оқуымыз, ораза тұтуымыз, 
зекет-садақа беруіміз, біреуге жақсылық жасауымыз 
керек. Адамның көруі емес Алланың көруі маңызды әрі 
сауапты саналмақ. 
Бір ұстаздың жас шәкірті болыпты. Ұстаз оған 
айрықша сый жасап, басқалардан артық санайтын. 
Шәкірттерінің кейбіреулері: «Біз одан ересек болсақ 
та неге оны айрықша өбектейсіз?» деп наразылық 
танытады. Сонда Ұстаз бірнеше кұс алдырып, әрбір 
шәкірттеріне бір-біреуден беріп: «Әрбірің ешкім 
көрмейтін жерге барып, құстарды бауыздап маған 
әкеліңдер!» дейді. Сүйікті шәкіртіне де бір құс пен 
пышағын беріп, басқаларға айтқанын оған да айтты. 
Өзге шәкірттерінің барлығы қолдарындағы құстарын 
бауыздап ұстазына алып келді, ал жас шәкірт құсын 
бауыздамай қайта алып келді. Ұстаз оған: «Басқа 
жолдастарың секілді сен неге құсты бауыздап 
әкелмедің?» деп сұрайды. Сонда ол: «Ешкім көрмейтін 
жерді таба алмадым. Өйткен Алла мені барлық жерде 
көріп тұр!» деп жауап қатады. Өзге шәкірттер бұл сөзді 


155
Үміт cәулесі
естіп таңырқап Ұстазына: «Сіздің жас шәкіртіңіз бұдан 
да мол сый-сыяпатқа лайықты екен» дейді.
Әбу Мұсадан жеткен риуаятта: 
يِبَأ ِثيِد َح يِف َمَّل َسَو ِهْيَلَع َُّللا ىَّل َص ِ َّللا ِلو ُسَر َعَم اَّنُك : َلاَق ، ىَسوُم يِبَأ ْنَع
اَنَتاَو ْصَأ اَنْعَفَر لِإ اًيِداَو ُطِبْهَن لَو اًفُر ُش ُدَع ْصَن ل اَنْلَع َجَف , ٍةَوْزَغ يِف ى َسوُم
اوُعَبْرا ، ُساَّنلا اَهُّيَأ : َلاَقَف ، َمَّل َسَو ِهْيَلَع َُّللا ىَّل َص ِ َّللا ُلو ُسَر اَنِم اَنَدَف , ِريِب ْكَّتلاِب
. اًري ِصَب اًعيِمَس َنوُعْدَت اَمَّنِإ ، اًبِئاَغ لَو ، اًّم َصَأ َنوُعْدَت ل ْمُكَّنِإَف ، ْمُكِسُفْنَأ ىَلَع
«Алланың елшісімен жорыққа бірге шыққанда 
біз тәкбір айтқан кезде дауыстарымызды қатты 
шығарушы едік. Сонда ардақты елші бізді шақырып: 
«Ей, халайық, дауыстарыңды бәсеңдетіңдер. Шынында 
сендер ғайып және керең тәңірге емес, естуші, көруші 
Аллаға жалбарынудасыңдар»
79
, – дегені айтылады
80
.
Зылиха Юсуфпен (а.с.) жеке қалғанда, үйінде тұрған 
бір пұттың бетін пердемен жауып қояды. Юсуф (а.с.) 
Зылиханың бұл істегенін көріп: «Жансыз нәрседен 
ұялғанша Ұлы Жаратушымыздың көруінен ұялмайсың 
ба?» деп жаратушыдан жасыру мүмкін емес екендігін 
білдіреді. 
Бір жас жігіт күңнен арсыз іске баруын сұрады. Күң: 
– Сен ұялмаймысың?
– Кімнен ұяламын? Мені мына жұлдыздардан 
басқа еш нәрсе көріп тұрған жоқ, – дегенде, күң: 
– Сол жұлдыздардың жаратушысынан, – деп 
таңырқағандай кейіппен оған Алланың көріп тұратынын 
білдірген екен. 
79
Бұхари, Мүслим, 540/2682. 
80
Әбдул Халим әл-Ғиуал, «Назарат фи әл-Ақида әл-Исламия. 
Жуз әл-Аууәл әл-Иләһиәт», 150-151-б. 


156
Үміт cәулесі
Бір кісі Жунейд Бағдадидан: «Харамға қарамаудан 
қалайша тыйыламын?» деп кеңес сұрайды. Сонда Жу-
нейд: «Барлық нәрсені көруші Алла тағала, сен харамға 
қарамастан бұрын сені көретінін ойлаумен тыйыласың» 
деп Алланың адамды әрдайым көріп тұратынын ойлап 
жүру харамнан тыйылдыратынын білдірген. 
Абдуллаһ ибн Динар былай деді: Омар ибн Хат-
табпен бірге Меккеге сапарға шықтық. Жарты жолға 
жетіп түнедік. Таудан бір шопан түсіп хазірет Омардың 
жанына отырды. Хазірет Омар шопанға былай деді: 
– Мына отарыңнан бір қой сат! – Сонда шопан:
– Малдың иесі мен емес. Мен құлмын.
– Қожайынға «Бір қойды қасқыр жеді» деп 
айтарсың.
– Олай болса Алла қайда?! (Алла көріп тұр емес 
пе).
Шопанның сөзінен кейін хазірет Омар жылап 
жіберді. Келесі күні қожайынына барып, құлды сатып 
алып азат етеді. Оған: «Осы сөзің сені дүниеде азат етті, 
ақыретте де азат етеді деп үміт етемін» деп сүйсінген 
екен.
Әбу Осман былай дейді: «Әбу Хафс маған былай деп 
өсиет айтты: «Алла үшін уағыз айтып отырған болсаң, 
өз нәпсіңе және жүрегіңе де уағыз айт! Көпшіліктің 
алдында болғаныңа алданба! Өйткені олар сенің сырт 
келбетіңе қарайды, ал Алла болса сенің ішкі жан 
дүниеңе қарайды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет