Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі



Pdf көрінісі
бет73/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98
Үміт сәулесі

РУХАНИ ТЫНЫШТЫҚ
Маһатма Ганди (Үндістанның рухани басшы-
сы) құлшылық қуатынан рухани азық алмағанда


157
Үміт cәулесі
қиындықтарға төтеп бере алмас еді. Ол жайлы Гандидің 
өзі: «Егер құлшылық жасамасам, біраз уақыттан бері 
жынданып кетер едім» деген. Міне, Ганди мұсылман 
емес, бірақ, дұрыс жолды ұстанған адам еді.
Алла тағала «Анкабут» сүресінің 65-аятын-
да: «Қашан олар кемеге отырса, дінін Аллаға 
бағыштаған түрде жалбарынады» деген.
Бір ғалым кісі «Ислам ғалымдары, тарихшыла-
ры және әдебиетшілерінің сөздерін зерттеп көрдім. 
Олардың біреуінен де қобалжу, қорқыныш және рухани 
ауру жайында сөз таппадым. Мұның себебі олар дінге 
деген сенімдері мен имандарының арқасында жүректері 
тыныштық пен жайлылықта, қиындық пен қайғырудан 
алшақ өмір сүрген. 
Дэйл Карнеги асқазанына жара шыққан бір 
науқас адамның оқиғасын әнгімелейді. Оның дертінің 
ушыққаны соншалықты оған дәрігерлер бірнеше айлық 
өмірі қалғанын ескертеді. Сол кезде күтпеген жерден 
науқас (есімі Һани) бір таңқаларлық шешім айтты: 
«Егер өлуіме аз ғана уақыт қалса, неліктен қыдырып, 
сол уақытты жақсы өткізбеске? Мен өмірімнің соңына 
дейін әлемді аралармын деп армандаушы едім. Міне, 
сол арманымды жүзеге асыратын уақыт жеткендей» 
деп билет сатып алды. Сол уақытта дәрігерлер оған бұл 
ойының өліммен аяқталуы мүмкін екенін, денесінің ай-
далада қалып кетерін айтып, райынан қайтармақ болды. 
Бірақ шешіміне түбегейлі бекінген Һани жолға аттан-
ды. Ол кемеге мініп, мол қызыққа, ләззатқа толы сапар 
шегіп, көңілі жадырап, қуаныштан ән шырқады. Науқас 
сапарын шаттық пен қуанышқа толы нәрселермен ба-
стады. Ол әйеліне хатында былай деді: «Мен кемедегі 
барлық тәтті тағамдарды ішіп-жеп, ән салып уақыт 


158
Үміт cәулесі
өткізудемін. Оған қоса дәрігерлер мені жеуден тыйған 
майлы заттарды да ішіп жатырмын. Осы сапарым-
да бұрын-соңды көрмеген рахатқа, шаттыққа толы 
күндерімді өткізудемін». Дэйл Карнеги ол кісінің сол 
бір дертінен айығып кеткендігін мәлім етеді. Себебі 
науқастың қолданған тәсілі өте пайдалы болғандықтан 
ауруын жеңе алды. Иә, шаттық, қуаныш және дема-
лу дәрігерлердің жазып берген дәрі-дәрмектерінен 
әлдеқайда артық.
Дэйл Карнеги: «Статистикалық мәліметке сүйенер 
болсақ, Америкадағы өлімге әкелетін аурулардың 
алғашқы сатысында қобалжу, үрей орын алыпты. Соңғы 
дүниежүзілік соғыста американдық жауынгерлердің 
үштен бірі көз жұмған екен. Сол уақыттан бері жүрек 
ауруынан қайтыс болған адам саны екі миллион. Соның 
бір миллионы жүйке жүйесі мен қобалжудан туындай-
тын аурулардың себебінен» деп жазады.
Доктор Алексис Каррельдың мынадай ой түюіне 
де басты себеп болған дерт – жүрек аурулары. Ол 
өз сөзінде: «Қобалжумен қалай күресуді білмеген 
кәсіпкерлер ерте көз жұмады» дейді. Өлімнің мерзімі 
әу бастан шешіліп қойылған және себебі де бар. Ол жай-
ында Алла тағала «Әли Имран» сүресінің 145-аятында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет