Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


расса, онда оның сыйлығын Алла береді»



Pdf көрінісі
бет85/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   98
Үміт сәулесі

расса, онда оның сыйлығын Алла береді» деген.
Шекспир: «Өзің өртеніп кетпес үшін жауларыңа 
көп от жақпа!» деп өзгені өртегеннен көрі өзің бір шам 
болып жағылғаның абзал екендігін айтса керек. Бір кісі 
табиғиндерден болған ғалым Салим ибн Абдуллаһ ибн 
Омарға: «Сен жаман адамсың» деген кезде, ол: «Менің 
шынайы бейнемді сен ғана таныдың» деп, өзін жаман 
адам қатарына санап, өзгені жақсы адам деп санаған 
екен. 
Бір кісі Әбу Бәкір Сыддыққа: «Алланың атымен 
ант етемін, сенімен бірге қабіріңе қоса кіретіндей етіп 


176
Үміт cәулесі
сені сөгемін» деген кезде, Әбу Бәкір (р.а.): «Керісінше 
ол (сөгісің) өзіңмен бірге қабіріңе кіреді» депті. Амр 
ибн Асқа бірде бір кісі: «Сенімен соғысуға өзімді дай-
ындаймын» деген кезде ол: «Міне, қазір өзіңді жаман 
нәрсемен шұғылдандырып қойдың» деген екен.
Генерал Эйсенгауер: «Өзіміз жақсы көрмейтін адам-
дар жайлы ойлап бір минутымызды да босқа өткізбейік», 
– деп өзгені жамандауды босқа өткен уақытпен теңеген.
Алла тағала «Фұрқан» сүресінің 72-аятында: «...
Бос (пайдасыз) сөзге кездессе, ол жерден абырой-
мен өтеді» және осы сүренің 63-аятында: «..Оларға 
білместер тіл тигізсе де ол «бейбітшілік» деп дұрыс 
жауап береді», – деген. Сондықтан білместердің
надандардың айтқан сөздеріне ашуланып, олармен 
жанжалдасудың пайдасы жоқ. 
Конфуций: «Ашулы адамның тілі әрдайым уға толы 
болады», – деген екен. Бір хадисте пайғамбарымыз 
(с.а.с): «Ашуланба! Ашуланба! Ашуланба!» деген. 
Тағы бір хадисте: «Ашу – лапылдаған оттың шоғының 
бірі» делінген. Расында шайтан лағынет адамды үш 
жағдайда жеңеді: ашуланғанда, шаһуаты көтерілгенде 
және бейғамдықта болғанда.
КҮНШІЛДІК ПЕН ҚЫЗҒАНЫШ
Қызғаныш пен күншілдік адамның жасаған игі 
істерін жоқ ететін жаман сипат. Бұл жайында Алла 
елшісі: «Қызғаныштан сақтаныңдар! От отын-
ды өртеп жоқ қылатыны секілді қызғаныш та 
жақсылықтарды жоқ етеді» деген. Олай болса 
күншілдік пен көре алмаушылық өзгені де, оның дүниесі 
мен бала шағасына да зиян келтіруден бұрын күңшіл 


177
Үміт cәулесі
адамның өзін адастырып, зардап шектіреді, барлық 
жасаған ізгі істерінің сауабын жоқ етеді. Сондай-ақ 
қызғаныш ешуақытта біреудің өмірін өзгерткен емес. 
Бақ-берекесін, дүниесін қызғанумен біреуді кедей ете 
алмайсың, Өйткені оның бақуатты өмір сүруі Алланың 
жазған тағдыры. Ал сол тағдырды өзгертуге тырысып, 
оның әдемі, бай, жолының көп болатынын көре алмай, 
өзінен-өзі азапталып, уайымға салынып жүреді. Бұл 
жайында Жүсіп Баласағұн «Күншіл адам – мұңшыл» 
деп дөп басып айтқан. Ешбір күншіл мұратына жете 
алмаған. Ешкімнен құрмет көрмеген. Көре алмаушылық 
жүйкені тоздырады. Өсекке жетелейді. Өмірдің 
қысқаруына себеп болады.
Олай болса Алланың тағдырына қарсы келме
пенденің қолындағының барлығы пәни екендігін ойла. 
Алла елшісі (с.а.с.) «Мұсылманның көңілінде иман мен 
қызғаныш бірге болмайды» дейді және «Өзіңе жақсы 
көргенді өзгеге тілемейінше толық иман еткен болып 
саналмайсың» деп, өзің қуанғанда өзгені де ұмытпауды 
бұйырған.
Осылайша өзің қызғаныштан құтылғаның секілді 
өзгенің қызғанышынан сақтанып жүруің де керек. Бұл 
жайлы Алла тағала َد َس َح اَذِإ ٍد ِسا َح ِّر َش نِمَو «Күншілдердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет