Наурызбай Тағанұлы Алматы, 2013 Үміт сәулесі


БӘРІМІЗ АЛЛАДАН КЕЛДІК, АЛЛАҒА



Pdf көрінісі
бет93/98
Дата11.05.2023
өлшемі5.14 Mb.
#473542
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Үміт сәулесі

БӘРІМІЗ АЛЛАДАН КЕЛДІК, АЛЛАҒА 
ҚАЙТА ОРАЛАМЫЗ
Хазірет Үммү Сүләйм ары таза, тәрбиелі, има-
ны берік әйел болатын. Құшағындағы баласы дүние 
салғанда, асқан бір сабырлылық танытып мәйітті өзі 
жуып, кебіндеген соң, үйдің бір тұсына апарып қойған 
күйі көршілерге қарап: – Әзірге әкесіне хабар бермеңдер! 
– деп қатаң табыстады. Әкесі Әбу Талха кеш бата үйге 


190
Үміт cәулесі
келіп, ауырып жатқан баласының жағдайын сұрайды. 
«Сен кетердегіден әлдеқайда тәуір» – деп жауап берді 
әйелі. Екеуі бірге ас ішті. Әңгімелесіп отырғанда хазірет 
Үммү Сүләйм күйеуінен: «Әбу Талха» – деді көзіне 
көзін қадаған күйі, – Қарызға алған нәрсені қайтарған 
жөн бе, жөн емес пе?
– О не дегенің? Әрине, қарызды міндетті түрде 
қайтару қажет. 
Олай болса, Алла тағала саған аманаттаған ұлын 
өзі қайтып алды!
Бұл сөзді естіп күрсінген Әбу Талха бар-жоғы:
– Бәріміз Алла тағала үшін жаратылдық. Ерте ме, 
кеш пе түбінде соған қайтамыз, – деп Жаратушының 
ісіне ризашылықпен мойынсұнып, көнгеннен басқа 
артық қылық жасамады.
Таң атқанда мән-жайды Пайғамбарымызға (с.а.с.) 
барып баяндады. Пайғамбарымыз қолын жайып: – Уа, 
Жаратқан! Әбу Талханың осы бір өнегелі ісін оған екі 
есе ғып қайтара гөр! – деп дұға етті. 
Айтқандай-ақ, тоғыз ай он күн өткенде Әбу Талханың 
үйі шаттыққа бөленіп, әйелі шекесі торсықтай ұл тап-
ты. Атын «Абдуллаһ» деп қойды. Пайғамбарымыздың 
өнегесін алып өскен Абдуллаһ кейіннен Исламға аянбай 
қызмет еткен ұлы тұлғалардың біріне айналды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Қандай да 
бір пенденің басына бір қиыншылық келсе: «Барлығы 
Алладан келді және Аллаға қайта оралады. Уа, Алла 
тағалам, бұл тартқан қиыншылығым үшін маған мол 
сауап жаза гөр, соңын қайырлы ете гөр!» – десе, Алла 
тағала оның бұл қиыншылығы үшін мол сауап жазып, 
соңын қайырлы етеді» – деген. 


191
Үміт cәулесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет