Назарбаев Қазақстан халқына кезекті


Қазіргі эстрадалық музыка, оны оқыту проблемалары



бет22/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

Қазіргі эстрадалық музыка, оны оқыту проблемалары


Музыка – адамдардың саналуан сезімдерін, көңіл-күйлерін ашу үшін дыбыстарды белгілі бір жүйеде құрастыру өнері. Қай уақытта болса да музыка туралы айту өте қиын болатын. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда, ол өнердің ең бір күрделі түрі саналатын. Бұл әсіресе заманауи музыка туралы сөз қозғағанда анық байқалады. Заманауи эстрадалық музыка жайы айтылып та, жазылып та жүр. Пікірлер қарама-қайшы. Талғам әртүрлі.
Эстрадалық ән өнері – дем мен резонатордың байланысы, үннің білікті, орнықты шығуы, осыларды есту қабілеті арқылы ұштастыра білу. Дауыс аппараты – музыка пәнінің мұғалімінің ойы мен сезімін, көңілі мен күйін оқушыларға жеткізе білетін басты құралы. Болашақ ән-күй пәнінің мұғалімі әншілік өнердің түрлі элементтерімен барынша қарулануы тиіс. Бұл қиын да ұзақ процесс. Дауысы дұрыс қойылған мұғалімнің тембр әсемдігі, үн тазалығы көпке сақталады. Ұлттық эстрадалық ән салу өнері – қазіргі таңдағы қазақтың фольклорлық, Европаның классикалық, Афро-америкалық джаз, әлем халықтарының музыкаларының метроритмикалық ерекшеліктерімен және гармониясымен ұштасуына байланысты, қазақ музыка өнерінің кұрделі салаларының біріне айналады.
Білім беру бағдарламасы білім алушының жеке білім алу болашағын саралау, гуманизациялау және қалыптастыру, тұлғаға бағдарланған оқыту, дамытушылық мәселелерін шешуге арналған дәстүрлі, сонымен қатар инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануды көздейді.
Бүгінгі таңда эстрадалық музыка жастардың өнер саласындағы ең бер етене жақын сүйіп тыңдайтын жанры. Жұмыс істеп отырып та, көшеде келе жатып та, сабақ оқып отырып та, құлақтарына кетін музыка тыңдағыш арқылы өздерінің қалаған шығармаларын тыңдап отыра береді, айналасындағыларды байқамады, өзімен-өзі. Бұндай көрініс қазір бізге үйреншіктік айналып бара
жатыр. Жастар неге бұл музыкаға әуес, оның феномені неде? Сонау ІХ-Х ғасырда өмір сүрген Әл-Фараби «Музыка уақытын ырғағы» деген екен. «Өнер атаулының қай түрі болмасын оның маңызы замана тақырыбын жырлап, әлеуметтік жайларға иек артуымен өлшенетіні белгілі. Ол өмір шындығын жан- жақты көрсете біліп, уақыт тынысымен бірге тыныстай алса келешекпен тілдесуге өресі бар өнер болғаны. Әр қоғам өз ағасына орай өнер атаулыдан жаңашылықты талап етеді. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған ортада өсіп, дамып, көп салалы музыка мәдениетіне қосылған және оны онан әрі байыта түскен жанр – эстрада деп айта алар едік», - деп жазады өнер зерттеушісі Еңілхан Мекежанов өзінің «Жастық әуендері» атты кітабында.
Міне, арғы жаққа терең деп, шолу жасамай-ақ, беріден қайтқанның өзінде- ақ, эстрадалық музыканың жастар арасына кең тарап, олардың рухани қазынасына айналғанын көрсетеді.
Музыка мамандарын ойландыратын да, толғандыратын да осы мәселе. Әу бастан-ақ, эстрадалық музыкаға көңіл көтеріп, жеңіл музыка деген айдар тағылғаны жөнінде жоғарыда айтап өттік. Демек оның әуені жеңіл, қарапайым, диапазоны адамның табиғи дауыс көлеміне жақын болғаны. Әсіресе жастарды тартатын әннің ырғақты екпіні. Олай болсы, осы ырғақты туындатқан белгілі бір музыкалық шығарманың мазмұның білдіру үшін қолданылатын мәнерлік құралдар болып табылатын, стильдік ерекшеліктерін қалыптасу тарихына тоқталайық. Ырғаққа негізделген музыканың «арғы атасы» - рок музыка.
Рок музыка өткен ғасырдың 50-жылдарында Америкада пайда бола бастады. Оған тән белгілер – оның электрлі музыка аспаптарында орындалуы және осыған орай оларды тек өздеріне ғана тән дыбыс ерекшеліктерінің болуы. Қандай да болмасын дәстүрлі аспаптарда рок стилінде орындалатын музыкаларға қажетті дыбыс бояу мен күшейту құралдарын таба және сол қалаған мәнерде жетізе алмайсын. Яғни, рок стилінде орындалатын музыкалық шығармалар тек электрлі аспаптарда ғана ойналуы тиіс деген сөз.
Америкадан бастау алған рок музыканның әсері басқа шетелдердегі аталған музыкалық стильдің қалыптасуына өте зор ықпал етті. Егерде өткен ғасыр-дың 50-жылдарының ортасында бұл стиль Англияда мүлдем белгісіз болса, 60-жылдардың басында жастар арасында кеңінен таралып, жер-жерлерде көптеген ансамблдер құрылып, етек жая бастады.
Эстрада өнерінің жан-күйерлері - жастар, әсіресе оның ішіне мектеп оқушыларды екендігі белгілі. «Біз көрермендеріміздің жасарғанын, заман ауысқанын ешқашан естен шығармауымыз керек. Өнер өз заманына қарай бейімделеді. Тек бір ұмытпай қаперде ұстайтын нәрсе – ешқашан өз ұлттық келбетінен өз мазмұнынан ауытқымағаны жөн», дейді ҚСРО халық әртісі, халық қаһарманы Р.Бағланова [31].
Олай болса, біздің мектептерімізге музыкалық тәрбие беру жұмысындағы күрделі де, сан қырлы міндеттерді шеше алатын жан-жақты білімді, өз шәкіртінің өміртанымынын, талғамын, жалпы және музыкалық қызығушылығын жақсы білетін, заманауи музыкаға байланысты кез келген мәселеде сабақта проблемалық ситуациялар туғызып, олармен ой бөлісе, пікір алмаса алатын мамандар қажет.
Қазіргі музыка мұғалімі осы жұмысты жүргізі үшін қажетті материалдар таба ала ма? Ғылыми тұрғыда заманауи музыканың құндылық бағыттары, функциясы зерттелген бе? Бүгінгі оқушыны күндіз-түні эфирден толассыз беріліп жатқан көптеген шетел эстрадалық музыка ағымдарынан аулақтату мүмкін бе? Қазіргі оқытылып жүрген дәстүрлі бағдарламалардан басқа не ұсына аламыз? Міне, бұл проблема.
Заманауи музыканың құндылық бағыттарын ғылыми тұрғыда зерттеу енді ғана қолға алынып жатқан мәселе. Бүгінгі мектеп мұғалімі оған дайын емес.
Соңғы жылдары Республика жоғары оқу орындары кредиттік жүйемен оқып жатыр. Оның артықшылығы – теориялық оқуға бөлінген 128 кредиттің базалық және кәсіби пәндері бойынша 50 пайызын әрбір оқу орны өзі таңдайды (элективті курстар). Міне осы кредиттер есебінен музыка бакалаврын дайындайтын факультеттері бар жоғары оқу орындары заманауи музыканы, оның тарихы мен қалыптасуын, саналуан бағыттарын, стильдердін, осы өнерге тән өзіндік ерекшеліктерін меңгертетін арнайы курс ендірсе дұрыс болар еді деп ойлаймыз. Сонда ғана мектеп оқушысы қазіргі эстрадалық музыка туралы мазмұнды да баянды білім алып, оның да өнердің басқа саласы сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселесін қозғайтындығын, өмірдің санқилы жақтарын бейнелейтінлігін, ерекше қуатын, өзіндік ырғақ өрнегін, құндылық бағыттарын сезінер еді.
Тағы бір айта керек нәрсе – бала талғамының дұрыс қалыптасуына тіклей септігін тигізетін заманауи музыканың өзіне ғана тән дамыту заңдылықтарын ескере отырып жазылған кәсіби композиторлар әннің табудың өте қиындығы. Қуаты мол, патриоттық сезімге толы әндер жоқтын қасы деуге болады.
«Бүгінде біздің жас бүлдіршіндер не тыңдайды екен деп те ойлатыным бар. Балалар репертуарларының соңғы кездегі тым жұтаңданып кеткенін жасыруға болмайды. Кәсіби композиторлар жас бүлдіршіндерге арнап ән жазбай кеткендей көрінеді.
Орыс тілінде жас балаларға арналған қандай тамаша әндер бар, соларды көріп, қызығып қаласың...», - дейді белгілі өнер қайраткері, ҚР халық әртісі, әнші – композитор Е.Хасанғалиев [32]. Бұл ащы шындық. Өйткені қазір ән сұраныс арқылы жазылады. Кім тапсырыс берсе, әнді тек сол ғана орындауы тиіс деген тағы бар.
Дей тұрғанмен, бала дауысына орындауға келмесе де (диапазоны үлкен, сондықтан бала орындамаймын деп дауысына зақым келтіріп алуы мүмкін), тыңдау үшін көпшілік көңілінен шығып жүрген, тәрбиелік мәні зор, патриоттық сезімге толы ұлттық бояуы, өзіндік қолтаңбасы бар құлаққа жағымды, аранжировкасының кәсіби мықтылығымен ерекшеленетін бірнеше әндерді музыка сабағында, сыныптан тыс жұмыстарда тыңдау үшін ұсынуға болады. Олар: А.Дүйсеновтың «Тәуелсіз Қазақстан», Е.Қанапияновтікі «Аққу елім - Қазақстан», Р.Гайсинның «Тұған жер», Г.Өмірбаеваеның «Қыздар- қыздар», «Бекзат», Б.Тілеухановтың «Елім менің», Ә.Ботақараевтың «Ер намысы – ел намысы», Х.Әбілжановтың «Ана жүрегі», Б.Хасанғалиевтің
«Атамекен», Е.Бекболатовтың «Елбасы – ел бағы», Б.Шукеновтың орындауындағы «Отан ана» т.б.
Қазіргі эстрадалық музыканың құндылық бағыттары және оны жүйелі түрде оқыту проблемалары жайында сөз қозғай отырып, мектептерде немесе мектептен тыс мекемелерде заманауи музыкаларды оқыту проблемаларын шешуге септігін тигізеді деген оймен мына тақырыптарды ұсынып отырмыз. Онда әр тақырыпқа байланысты қандай мәселелер төңірегінде пікір алмасуға болатындығы таратылып көрсетілген және олар нақты мысалдарға (музыкалық материал) сүйене отырып жүргізілуі тиіс. Бұл жерде оқушылардың өз ойларын жеткізе білуге, өз пікірлерін дәлелдей алуға баулу негізгі әдіс болып табылады.
Қазіргі эстрадалық музыка - музыкалық және әлеуметтік құбылыс (музыкалық та, әлеуметтік те құбылыс болып саналатын себебі ол тек музыкаға ғана тән емес, өзінің болмысы жағынан жалпы қоғамға да тән), күрделі де шымшытырық, қарама-қайшылыққа толы, ерекше қуатты, танымдық функциясы әлі зерттеліп үлгермеген, бірақ тұрақты орнын тапқан құбылыс. Оның мәні, жеткізілу және мәнерлік құралдары, тек өзіне ғана тән ерекшеліктері (электромузыкалық аспаптарда орындалуы, өзіндік ырғағы, дыбыс күшейткіш аппаратура т.б.).
Жалпы халықтық музыка (пайда болу факторы жастар арасында туындайды, әрі қарай да сол бағытта дамып келеді. Басқа өнер тұрып қарағанда ел арасында тез тарайды, халық өз көңіл-күйін осы өнер арқылы сыртқа шығарады).
Заманауи музыканың ерекше қасиеті (көпшілікті, әсіресе жастарды өз еркіне бағындыра алуы, халықпен қоян-қолтық байланысы, карапайымдылығы, санағы сақталуы мен жатталуының қолайлылығы, эмоциялық ашықтығы, фольклорлық музыкамен сабатастығы, ән арқылы жүрекке жол табуы).
Заманауи музыканың тартымдылығы (әуендік және гармониялық құрылымының өзіндік ерекшелігі, сауатты аранжировка, интонациялық және әуендік құндылығы, жаңа леп, түрлі дыбыс әсерлері (эффект), мелизмдер, т.б.).
Заманауи музыка бізді неге үйретеді? (ойынды іркілмей ашық айтуға, эмоциялық ерекшелікке, күрделі ырғақтарды игеруге, жақсы менен жаманды ажырата білуге, осы мәнерде ән айта және билей алуға, еркін қозғалуға, ең негізгісі - заманауи музыканың тамыры фольклордан бастау алатындығына көз жеткізуге).
«Кезекті мода құбылысты» (қазіргі кездегі музыкалық стильдер мен бағыттар, орындау мәнері, олардың даму барысы, мәні, құндылығы).
Ансамбльдік орындау (ансамбльде бірслесіп ән айта білу - қазіргі рок музыканттардың ең негізі ұстанымы. Бір мезгілде аспапта өзін сүйемелдеп ән айта білуі, дыбыс тазалығын сақтай алуы, осы бағытта жоғары орындаушылық деңгейде жеткен ансамбльдер, топтар).
«Музыкалық шежіре» (музыка – уақыт ырғағы. Қазіргі заман келбетін, қоғамдық құбылыстарды жырлайтын әндер мен композициялар, олардың құндылығы, патриоттық және азаматтық мазмұны т.б.).
Қазіргі қазақ эстрадасы (олардың өзіндік қолтанбасы, ұлттық келбеті, стилі, бағыты, эстетикалық және көркемдік құндылығы, сапасы, Республикамыздың музыкалық мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесі т.б.).
Қорытындылай келе айтпағымыз, мектептегі музыка мұғалімдері «өздері таңдаған қасиетті мамандыққа адалдық танытып, жаһандыру ғасырында өмір сүретін шәкірттерін болашақта бәсекеге қабілетті, өзін қазақ елінің, қазақ жерінің иесімен дей алатын, сол ұлы мақсатқа аянбай қызмет ете алатын тұлға, азамат тәрбиелеуі керек».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет