Назарбаев Қазақстан халқына кезекті


ПЕДАГОГ-МУЗЫКАНТТЫҢ ВОКАЛДЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР



бет8/60
Дата06.12.2023
өлшемі1.32 Mb.
#485683
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
«ЖОО болашақ музыка мұғалімдерінің вокалдық дағдыларын қалыптастыру әдістемесі» оқу құралы (6) (1)

ПЕДАГОГ-МУЗЫКАНТТЫҢ ВОКАЛДЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР


Әнші дауысын кәсіби деңгейде тәрбиелеуде орындаушылық шеберлікті дамыту басты рөль атқарады. Орындаушылық шеберліке тәрбиелеу ісі дауыс дағдыларын қалыптастырумен қатар жүргізіледі. Орыстың атақты пианист- ұстазы Г.Нейгауз «Музыкалық орындаушылық шеберлікке тәрбиелеу ісі музыкалық дыбыстарды танып, үйренуден басталады» - деген [26] . Сондықтан ЖОО-ың оқу үдерісінде болашақ педагог-музыканттардың вокадық дағдыларын қалыптастыру ісі - құпия сырларына толы музыка тілін түсінуге, шығармашылық қиялын оятуға бағытталады. Қалыптастырудың әдістемелік жолдарын қарастыру барысында біз студенттердің психологиялық және физикалық мүмкіндіктерін ескеруді қажет екендігін көрсетеміз. Осы мәселеге қатысты екі аспектіні ескерудің маңыздылығына назар аударамыз: бірінші аспект - дауыс иелену техникасын және әншінің көркемдік-орындаушылық қасиеттерін бір уақытта дамыту қажеттілігі; екінші аспект - вокал техникасының барлық аспектілерінің параллельді дамуын: дауысты қалыптастыру және дыбысталу, тыныс алу, резонанс, артикуляция, динамиканың дамуы, дауыстың икемділігі.
Сондай-ақ музыканы іштей сезіну, ой-елегінен өткізіп, түрлі эмоциялық көңіл-күй білдіруде әншінің психикалық сезімдері шешуші рөль атқарады. Музыкалық орындаушылық шеберлікті дамытуда жүйке жүйелерінің қозғыш қасиеті түрлі көңіл-күй білдіруге дайын тұрады. Ән айту кезінде әнші бойындағы барлық психикалық қасиеттері қатысып, дауыс техникасының әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы орындаушылық шеберліктерін дамытады.
Мұғалім мамандығының шеберлігінің басты белгісі – оның психологиялық, физиологиялық және педагогикалық жоғары әзірлігі болып табылады. Осыған қарай болашақ мамандығының шебері мына тұлғалық қасиеттерінен көрінеді. Ол шын мәніндегі қоғамдық педагогикалық жүйеге ие бола алатын ынталы, шығармашылық ойлау қабілеттілігі жетілген, өзін-өзі тәрбиелеу дағдысы қалыптасқан еңбек пен тәртіп ережелерін бойына сіңірген гуманистік, тілдік қарым-қатынасты орната алатын маман. Мұғалім мен
оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастық педагогтік негізі болып табылады. Ол оқу материалын баяндап беруші ғана емес, баланың өз бетімен іздену, білігі мен дағдысын қалыптастырушы, ізденуіне жетелейтін қамқоршы дәрежесінде көтерілуі тиіс және шынайы адамгершіліктің үлгісі ретінде өзінің тілін, ғасырлар бойы қалыптасқан музыкалық мұрасын, өз ұлтының рухани игілігін бойына сіңірген салихалы да зиялы адам болуы тиіс.
Бүгінгі жоғары білім бурудің алдында қойылып отырған міндеттердің бірі

  • жан-жақты даярлығы бар музыка сабағының мамандарын дайындау. Жас маман жеткіншектерді өнерге баулуда тек қана сабақ берудің шеберлігін жетілдіріп қоймай, балалар мен жасөспірімдер арасында тәрбие жұмыстарын үйлестіре білуі кекрек. Жалпы білім беретін мектептің музыка мұғалімі бір неше саласының маманы болуы тиіс: теоретик, музыканың тарихшысы, вокалдық дайындығы жоғары, бірнеше аспапта ойнауды меңгерген музыкалық этнографы. Музыка әдебиетін, оның ішінде мектеп репертуарындағы әндер мен шығармаларды балаларға өз деңгейінде (өз дауысымен) орындай білетін және үйрете білетін маман иесі болуы керек.

Алайда оқу үдерісі барысында студенттер вокалдық ән айту шеберлігін жете меңгерген болса, ауызша материалдарды түсіндіруге қиналады, не керсінше, музыкалық қабілеті ойдан шыққанымен вокалдық-орындаушылығын игере алмайтын студенттер кездеседі. ЖОО-да музыка пәні мұғалімінің кәсіптік мамандық шеберлікке даярлаудың табысты болуының көзі мынада: барлық өтілетін пәндердің кәіби-педагогтік және негізгі музыкалық пәндерде (вокал, дауы тренинг, дауы қою, музыкалық аспап) қалыптасатын білімдерді, іскерліктерді және дағдылардың бір-бірімен біте байланысты болуын қамтамасыз ету.
Сондай-ақ студенттердің педагогикалық тәжірибесі ЖОО-ғы оқу-тәрбие үдерісінің құрамдас бөлігі болып саналатындығынан, студенттер төмендегідей болашақ қызметіне даярлықтарын меңгеруі тиіс:

    • жеке оқушымен және сыныппен (топтық) жұмыс жасай білуге;

    • оқушылардың жеке және өзіндік жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмысының нақты бекітілген міндеттерін анықтау;

    • оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін дамыта отырып, сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсатын дұрыс қойып, оларды жүзеге асыруымен қатар педагогикалық бақылау зерттеп, жүргізу;

    • пән бойынша және сыныатан тыс жүргізілген тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен оқушылардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту.

Болашақ маман өз қызметі бойынша мектеп қабырғасында музыка сабағын жүргізуімен қатар көптеген іс-шараларды ұйымдасырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет