Құндылықтарды дарыту
адамгершілік
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану
Бастапқы білім
Интервьюдін жанрлық ерекшеліктерін біледі.
Тірек сөздер
Жетім бала, ауылдың баласы, аш, жыламсырап.
Сабақтың жүргізілу барысы
Жазылымға дайындық тапсырмасы
Мәтінді оқып, көтерілген мәселенің жаһандық мәселе екенін жұпта талқылаңыздар.
Сәбит Мұақновтың «Өмір мектебі» романынан үзінді
Майлы ет толған табақтар Ботпайдың үйіне бірінің артынан бірі кіргенде, табақшыларға
араласа үйге кірген бір топ баламен араласып, мен де кірдім. Менімен қатар тұрған
балалардың әрқайсысына не әке, не шешесі, «әй, пәленшежан, мә» деп жіліктерді ұстатып
жатыр. Мен әркімдерге жаутаң-жаутаң қараймын, мені шақырарлық ешкім жоқ сияқты...
Тұрдым-тұрдым да, әлдекімдердің берген жөнді еті жоқ жауырынын қолыма ұстай,
жыламсырап далаға шығып кеттім. Со қалпыммен босағада тұр ем:
— Әй, мына бала аш қалыпты ғой! — деді, қасымнан өте берген біреу.
— Қонақ па, осы ауылдың баласы ма? — десті әркімдер.
— Қонақ бала! — деді, кескініме үңілген біреу.
— Ендеше, бері әкел оны! — деді жерошақ басында отырған әйелдердің біреуі.
Барғым келмеген мені бір жігіт зорлағандай итермелеп, жерошақ басына алып келіп еді,
сол арада топталған әйелдердің ішінен мосқалдау біреуі:
— Аяққа сорпа құйыңдар да, өкпе-бауырдан, ішек-қарыннан салып беріңдер! — деді.
Бір әйел шеті кетік үлкендеу қара аяққа сорпа құйып, ішіне көр-жер ет салып берді, мен
ішуге кірістім.
— Ал, кім баласысың, шырағым? — деді манағы мосқал әйел, мен тойынып ап,
қолымдағы аяқты қайтарып берген соң:
— Мұқанның баласымын, — дедім мен.
— Кәдімгі Шүкейдің Мұқаны ма, Нұртазаның ауылындағы?
Мен басымды изедім.
— Алда Бақыр-ай, — деді әйел, аяған дауыспен, — Сен екенсің ғой, Мұқаннан қалған
жетім бала?! Атың Сәбит қой, сенің?
«Мені қайдан біледі бұл танымайтын әйел?!» — деп іштей таңырқадым да, тағы басымды
изедім.
— Бұ баланы қайдан білесің? — деді әйелге әлдекімдер.
— Білмегенде ше? — деді әйел, — біздің үйде туған жоқ па, бұл бала.
Қасымда отырған баладан әйелдің кім екенін сыбырлап сұрап ем:
— Осы үйдің бәйбішесі, Тұрағал деген кісі, — деді бала.
«Өмір мектебі» С.Мұқанов
https://kitap.kz/books/omir_mektebi_1
Достарыңызбен бөлісу: |